Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының есеп саясатына қоятын талаптары

Есеп саясатының мәні және маңызы | Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Бұхгалтерлік құжаттама | Дістемелік бөлімі | Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары | Салықтық есепке алу саясаты |


Читайте также:
  1. Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері
  2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI
  3. ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
  4. Практикалық семинар. Экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
  5. Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны

Есеп саясаты туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартында келтіріледі. «Есеп саясаты» ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты: «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 6-бап 2-тармақшасында: «Есеп саясаты деп - Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi», - делінген.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мұмкіндіктері туындайды.

Сонымен, есеп саясаты - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.

Қызметтiң үздiксiздiгi:

Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу:

Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданған кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 317 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері| Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)