Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы

Есеп саясатының мәні және маңызы | Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Дістемелік бөлімі | Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары | Салықтық есепке алу саясаты |


Читайте также:
  1. Есеп саясатының мәні және маңызы

Есеп саясаты өзінің құрылымы мен баяндау нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктан тұрады: жалпы бөлім, ұйымдастырушылық бөлім және әдістемелік бөлім.

7.1" Жалпы ережелер" бөлімінде ұйым туралы жалпы мәліметтер,қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы үйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы есеп саясатының негізгі мақсаты көрсетіледі.

Есеп саясатында мына негізгі мәмлілері келтіріледі:

- Бұл субъектінің ішкі нормативтік құжаты болып табылады.

- Субъектіде қызмет аясын тарату немесе елеулі қысқарту ниеті де, бұған қажеттілік те жоқ деп ұйғарылады (ең болмағанда, есепті кезеңнен кейінгі он екі айдың ішінде).

- Есепті кезең 1) жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады; 2) қайта құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

7.2 "Ұйымдастыру" бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін білуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тулғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге жүйелендіруге және түгендеуге мүмкіндік беріп, қаржылық есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады.

71.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда әр субъектіде:

Басшылық немесе дара кәсіпкер:

1) есеп саясатын келіседі және (немесе) бекітеді;

2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және ұйымның жарғысымен (ережесімен) бекітіледі.

Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуді;

3) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беруді;

4) бухгалтерлік есепті жеке жүргізуді жүзеге асыра алады.

Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адамды бухгалтерлік қызметтің басшысы ретінде тағайындауы мүмкін.

7.1.2. Бухгалтерлік есеп жүйесі және ішкі бақылау

7.1.3 Әр субъектіде бухгалтерлік есеп келесі нормативтік-құқықтық негізінде ұйымдастырылады:

-ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 жаңа заңы.

-Ұлттық қаржылық стандарттар (ҰҚЕС) мен халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС).

-ҚР қаржы министрінің № 185 заңымен бекітілген типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары.

-Субъектінің есеп саясаты.

-Субъектінің жұмысшы жоспары.

7.1.4 Субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

7.1.5 Бухгалтерлік есеп мына принциптер негізінде жүргізіледі:

- Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің принциптері болып табылады.

7.1.6 Есеп саясатындағы өзгерістер жаңа есеп саясатында ретроспективалық қолданылып, осы кезеңдегі капиталдың қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына тиісті түзету жүргізу арқылы айқындалады..

7.1.7 Қаржылық есептілік субъектіде мына негізгі сапалық сипаттамалары

негізінде жүргізіледі:

- Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық субъектінің қаржылық есептілігініңнегізгі сапалық сипаттамалары болып табылады.

7.1.8 Шаруа,фермер қожалықтарының есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол шаруа,фермер қожалықтарының қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:

· Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

· бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

· жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

Шаруа,фермер қожалықтарының бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындарған кезінде таңдалып алынады.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар туралы қаржылық есептілік бойынша шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 453 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану| Бұхгалтерлік құжаттама

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)