Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шоқан уәлиханов

Оқу пәнінің мақсаты. | Пәнді оқыту жоспары. | Оқу пәнінің саясаты | VI - IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері. | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі |


(1835-1865)

Өмірі. Шоқантану ілімінің туып, қалыптасуы.

Шоқан – халқының жанын таныған, жоғын іздеген ұлы тұлға. Шоқан және шығыстанушы ғалымдар. Шоқанның жолсапар күнделіктері мен ғылыми жазбалары. Шоқанның қазақ өлеңін түр жағынан топтастыруы. Қырғыздың «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары. Шоқанның қоғамдық - әлеуметтік қызметі. Өз қоғамына, сол дәуірдегі өз қандастарының тіршілік қалпына қатысты мәселелерге байланысты ой – пікірлері. Шоқан шығармаларының басылым жайы.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші. Сондықтан Шоқан қазақтың демократтық сынын бастаушы, Н.Г.Чернышевский дәстүрімен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы. Бұл істе Шоқан жалғыз болған жоқ. Шоқанға тұстас кейбір орыс ғалымдары да қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы пікірлер айтып, қазақ ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға да шығарушылар болды. Олардың ішінде Потанин, Березин, Радлов, Алекторов тағы басқалардың еңбектері ерекше ескерерлік.

Шоқан 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқанның жастық шағы атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында биік қарағайлы, қалың қайыңды, көлі мен көгі мол жерлерде өткен. Бұл жердің табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған. Ол бұл жердің табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.

Шоқанның шыққан ортасы – қазақтың ірі феодалдары, хан-сұлтан тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскер училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник болған) адам. Ол – патшаның сенімді адамы, жергілікті әкімі есептеледі. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан.

Шоқанды он жасында Омбы кадет корпусына(әскери училище) оқуға береді. Оны 1853 жылы бітіріп, генерал-губернатордың көмекшісі болып біраз жұмыстар жасап, 1856 жылы полковник Хоментовский экспедициясына қатысады. Қазақ-қырғыз жерінің географиялық картасын жасайды. Жер байлықтарын, салт дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін зерттейді. Кейін осы жиған материалдары бойынша мақалалар, зерттеулер жазады. Өзін ғалым ретінде танытудың алғы белгісі осылай басталады. Оқымысты жұртшылықтың назарын аударған Шоқанға екінші рет саяхат жоспарын ұсынады. Ол өте жауапты да қауіпті болдыы Әуелі Құлжаға, одан кейін Қашқарияға сапар шегуге тура келді. Осылайша Шоқан 1856 жылдан бастап ұлы саясат сапарына шығады. Тек 1858 жылы бұл сапардан аман есен оралады. Құлжа, Қашқар өлкелері ғылымға көп жаңалық қосады. Бұл сапардан кейін, Шоқан Европа еліне Қашқарияны тұңғыш танытушы болады.

1861 жылы елге оралады. Ел ісіне араласқысы келіп, сайлауға қатысып, ел билеуде жаңа бір үлгі көрсетуді армандайды бірақ ондай мүмкіндікке қол жеткізе алмайды да, қазақтың мәдениетінғ фольклорын жинап бастырумен айналысады. 1863 жылы Омскіге келіп, ол қоғамдық іске қызу араласып, 1864 жылы әскери қызмет бабымен Шоқан Жетісу өлкесіне жүріп кетеді. Оңтүстік Қазақстан мен Қырғыз өлкесіне жіберілген отрядпен Шоқан Верный қаласына келеді. Қазақ ауылдарының өмірімен жете танысады. Ел билеу жұмысын жаңарту керектігіне көп көңіл бөледі. Осында жүргенде ауруы асқынып 1865 жылы қайтыс болады. Сүйегі қазіргі Алтынемел стансиясы жаңына жерленген.

Шоқанның көпке мәлім еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділерінен мынаны атап көрсетейік:

«Абылай», «шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «елдегі мұсылманшылдық туралы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың ертедегі қару -жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамиғ-ат-тауаритан», «Алты шаһардың хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Көкетай ханның өлімі», «Сібірге қарайтын қазақтардың сор құрылысын өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» т.б. бұл еңбектердің ғылым, тарих үшін маңызы зор. Қазақ халқының ертедегі жай-жапсарын анықтау үшін және Шоқанның әлеуметтік көзқарасын түсіну үшін бұлар өте бағалы материалдар.

Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның құрылыстарын, шешендік сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған.

Шоқанның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. Оның: «Ұлы жүз қазақтарының ескі сөздері, ертегісі», «Ыстықкөз саяхатының күнделік дәптері», «Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Құлжа күнделіктері», «Қырғыз халқы туралы жырлар» т.б. мақала, очерк хаттары әдебиетке байланысты мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші-зерттеуші ғалым екендігін толық танытады.

Шоқан – қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін орыс мәдениетіне үндеген адал ниетті азамат. Оның еңбектері қазір кеңес (совет) ғалымдарының жан-жақты зерттеулері арқылы көпшілік игілігіне айналып отыр. Шоқан шығармашылығын толық танытуда Ә.Марғұлан еңбегі ерекше атап көрсетуді керек етеді. Шоқан шығармаларын баспаға даярлау үстіндегі іздену нәтижесінің өзі орасан. Сондай-ақ жазушы С.Мұқанов та ғалым шығармашылығын зер сала зерттеп, соны еңбектер жазды.

Шоқан – жан-жақты ғалым. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны барпублицист жазушы, европалық тәлім алған жан-жақты ғалым, мәдениетті қоғам қайраткері, этнограф, географ, батыл саяхатшы, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызы орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол әдебиет ғылымы мен публицистиканың дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам. Орыс тілінде жазылса да, Шоқанның күнделіктері мен очерктері қазақ публицистикасы тарихынан елеулі орын алуға тиіс. Оның әдебиет тарихындағы орны да осындай еңбектерімен маңызды.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 552 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Махамбет Өтемісұлы| Абай Құнанбаев

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)