|
(1894-1938)
Б.Майлиннің өмірі мен творчествосы. Бейімбеттің революция тұсындағы өлеңдері. Ұлт-азаттық қозғалысының қай жерде сәтсіздікке ұшырауына байланытсы ақынның келешекке күдіктене қарауы («Қара түн»), алашордашылардың,уақытша үкіметтің «бостандық», «теңдік» деген сөзінің мәңісін түсініп, оларды өткір сықақапен әшкерелеуі («Әкесіне хат», «Садақбай», «Сайлау», т.б.).
Ақынның революцияның алғашқы жылдарында қазақ әйелдерінің теңдік, бас бостандығын жырлау мәселесіне көбірек кқңіл бқлу. «Байдың қызы» (1917), «Рәзия қыз» (1919), «Ау жар» (1920), «Жәке», «Бәрі де жиналды» (1921).
Жазушының совет жылдарында жазылған өлең, поэмаларының таөырып жағынан байлығы. Суреткер творчествосында Октябрь революциясының революция жеңісінің нәтижесінде пайда болған адам санасындағы жаңалық пен жаңа тілектің жырлануы. Лениннің бейнесін жырлауы («Құр жылама», «Ленин өлді», т.б.).
Жазушының совет дәуіріндегі өлең поэмаларындағы әйел теңдігі мәселесі («Маржан», «Қашқан келіншек», «Күнекей», «Зайкүл», т.б.).
Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б.).
Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі («Шұғаның белгісі»(1926). Повестің тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шұғаның, Абдрахманның образы. Шығарманың сюжеті мен композияциясы.
Жазушының үлкен ойды қысқа әңгіме арқылы суреттеуге шеберлігі («Талақ», «Күлпаш», «Күлтай болыс»(1925), «Сары ала тон» (1928), «Көк теректің бауырында»(1929), «Қара шелек», «Айранбай», т.б.).
Жазушының көптеген повестері («Он бес үй», «Қырманды»(1933), әңгімелерінде («Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы», т.б.) жаңа құрыла бастаған колхоздастыру ісіндегі тап жауларының зиянкестік әрекеттерін суреттеуі.
Жазушының «Раушан - коммунист» (1920) повесі. Ауылдың момын әйелі Раушанның совет заманында білім алып, дүниеге көзқарасының өзгеруі, санасының артуы, ел басқару дәрежесіне жетуі, рухани, саяси өсу жолдары. Бұл шығармада сол кездегі тарихи шындықтың нанымды суреттелуі. Бекен санасындағы психологиялық күрестер.
Бейімбеттің «Азамат Азаматович» романы (1934) бүкіл қазақ совет әдебиетіндегі күрделі шығармалардың бірі екендігі. Онда шиеленіскен тап күресінің суреттелуі. Романның негізгі кейіпкер Азамат Азаматовичтің басынан өткізген шымшытырық оқиғаларды жазушының нанымды суреттеуі. Романдағы басты образдарға шолу. Жазушының образ жасау шеберлігі.
Б.Майлиннің қазақтың реалистік драматургиясының негізін салушылардың бірі екендігі және оның бұл саладағы қалдырған елеулі еңбегі.
Бейімбет пьесаларының тақырыбы, негізінен алғанда, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы («Жалбыр»), азамат соғысы («Біздің жігіттер») (1936), ауыл кедейлерінің колхозға ұйымдасуы («Майдан»), («Талтаңбайдың тәртібі») екендігі.
Бейімбеттің бір-екі актылы пьесалары («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей»). Бұлардың сол кездегі қазақ даласындағы ескіліктің қалдықтарын сынаудағы мәні, жанрлық ерекшеліктері.
«Майдан» (1931) Бейімбет творчествосында ғана емес, бүкіл қазақ совет драматургиясының күрделі де көлемді шығармасы екендігі. Тақырыбы мен идеялық мазмұны. Пьесаның оқиғасы, тартыс сипаты. Досан, Орынбай, Махмудовтардың образы. Пьесадағы сөз бен іс. Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған «Амангелді» (1936), және «Жалбыр» пьесаларында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрінісі, қазақ халқының өз бостандығы үшін күресінің шынай суреттелуі, олардың жанрлық табиғаты.
«Талтаңбайдың тәртібі» (1934) қазақ драматургиясындағы сатиралық тұңғыш шығармалардың бірі екендігі. Бейімбеттің творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.
Творчестволық өмірбаяны. Бейімбеттің алғашқы өлеңдері. Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б.).
Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза саласныдағы тұңғыш еңбегі («Шұғаның белгісі»(1986). Повестің тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шұғаның, Әбдірахменның образы. Шығарманың сюжеті мен композициясы.
Жазушының повестері («Он бес үй», «Қырманда» (1933), әңгімелерінде («Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы», т.б.) көрініс тапқан өмір құбылыстары.
Жазушының «Раушан-коммунист» (19820) повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы («Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Аманкелді».
Бейімбеттің бір екі актылы, пьесалары («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей»).
Бұлардың сол кездегі қазақ даласындағы ескіліктің қалдықтарын сынаудағы мәні, жангрлық ерекшеліктері.
«Майдан» (1931) Бейімбет творчествосында ғана емес, бүкілқазақ драмтургиясының күрделі де көлемді шығармасы. Тақырыбы мен идеялық маңызы. Пьесаның оқиғасы, тартыс сипаты. Досан, Орынбай, Мамежовтардың образы. Пьесадағы сөз бен іс Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған «Аманкелді» (1936), және «Жалбыр» пьесаларында қазақ даласындағы ұлттық қозғалысының көрінісі, қазақ халқының өз бостандығы үшін күрестің шынайы суреттелуі.
Талтаңбайдың тәртібі (1934) – қазақ драматургиясындағы тұңғыш сатиралық шығармалардың бірі.
Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 867 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | | | Сәкен Сейфуллин |