Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүсіпбек Аймауытов

ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі | Шәкәрім Құдайбердиев | Ахмет Байтұрсынов |


(1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов – жазушы, ақын, аудармашы, ғалым, ұстаз, сыншы, әнші, сазгер.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында туған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады.

1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады. Әуелі сол мектепте, кейін сол интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919 жылы бітіреді. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол “Абай” журналын шығарысады.

1919 жылы Жүсіпбек алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін, Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін “Қазақ тілі” газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын “Ақ жол” газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды “өзі пайдаланып кетті” деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.

Жүсіпбек Аймауытов - ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек революциядан кейін туған жаңа кеңестік әдебиеттің негізін салушылырдың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.

Ж.Аймауытовтан қалған мұра аса бай. Оның ішінде “Қартқожа”, “Ақбілек” романдары, “Күнікейдің жазығы” повесі мен көптеген әңгімелер, “Рабиға”, “Мансапқорлар”, “Ел қорғаны”, “Қанапия мен Шәрбану, “Шернияз” атты пьесалар, өлеңдер мен “Нұр күйі” поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар оқулықтар бар. Өз кезіндегі газет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалар да бірсыпыра. Оларды толық жинап бастыру, зерттеу- алдағы күннің міндеті.

Жүсіпбектің “Қартқожа” романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңа ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе, жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл - автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ ауыл өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылы ұлт- азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы. “Алашорданың” құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі. Қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі боп кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.

“Ақбілек”- жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезінде “Әйел теңдігі” журналының 1927,1928 жылдар ішіндегі бірнеше санында жарияланған.

“Ақбілек” тақырыбы жағынан “Қартқожа” романымен үндес. Егер “Қартқожада” жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақ кедейінің Социалистік революциядан соң құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолына шыққанын суреттесе, “Ақбілекте” де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық- рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең праволы азамат болуы бейнеленеді. Романның басты кейіпкері - Ақбілек әкесіне өшіккен Мұқаш деген жігіттің көмегімен қашқан ақ әскерлерінің қолына түсіп, бірқатар қорлық көреді. Одан кейінгі өз ауылында әйелді қолжаулық көрген ортаның азабын шегеді, атастырған күйеуінен айырылады. Ақыры жаңа заман туып, Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп, оқу оқып, бақытын табады. Жалпы алғанда, “Ақбілек”- бір қыздың тағдыры негізінде әлеуметтік революциялар дәуіріндегі қазақ аулының жаңаруын суреттейтін алғашқы қазақ романының бірі.

“Күнікейдің жазығы” повесі 1928 жылы “Жаңа әдебиет” журналында жарияланған. Мұның тақырыбы- әйел теңдігі тақырыбы.

Шығарманың басты кейіпкері кедей қызы Күнікей еті тірі, пысық боп өседі. Атастырған күйеуін менсінбей, өзі сүйген жігітпен қашып кетеді. Повесть басталғанда біз оның жалғыз, қараңғы үйде күйзелісте жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ, есіз үй, ауру әйел, неге олай, күйеуі қайда? Туған- туыстары, балалары қайда? Жазығы не бұл әйелдің? Сөйтсек, жазығы сүйіп, өз еркімен Байманға қосылу екен. “Бала көтермедің, аурусың” деп Байман Күнікейден безіп, жаңадан үйлену қамында жүрген көрінді. Бұл- Күнікей ауруына ауру жамап, жүрегін жаралайды. Жазушы бұл арқылы қазақ әйелі теңіне қосылды дегенмен, әлі де теңдікке жетіп болған жоқ. Оған деген көзқарас өзгермеген. Елдің ескілікті тұрмысы, ұғымы әлі де қолбайлау болып, аяқты шырмап жатыр деген ойға тірейді.

Жүсіпбектен қалған бірталай әңгіме бар. Олар: “Бетім- ау, құдағи ғой” (1918), “Елес” (1924), “Әнші” (1925), “Боранды болжаған әулие” (1926), “Ханалар тарихы” (1927) т.б. Бұларда сол кедегі ел тұрмысын, заман тынысын бейнелейтін жазушының қолтаңбасы анық көрінеді.

Жүсіпбектің драматург есебінде көзге түсуі да тым ерте. Ол Семейде оқыған жалдары жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған, 1917 жылы 17 декабрьде Семейде оқитын жастардың әдеби кеші болып, онда Жүсіпбектің “Ескі тәртіппен бала оқыту”, “Рабиға” атты бір перделі пьесалары қойылған. Ол жөніндегі хабар кезінде жергілікті баспасөзде жарияланған. Кейін “Ел қорғаны” (1925), “Мансапқорлар” (1925), “Қанапия мен Шәрбану” (1926), “Шернияз” (1926) атты драмалар жазды.

Жүсіпбек- әдеби творчествосын ақындықтан бастаған адам. Бірақ өлеңдері жиналып басылмай, кезінде жарық көрген күнделікті баспасөз бетінде қалған. Қазіргі бізге белгілі жүсіпбектің поэзиялық туындыларының “Сарыарқаның сәлемі”, “Ақ- ах- хау”, “Көшу”, “Ұршығым”, “Жәмилә”, “Әскер марсельезасы”, “Тұңғиық, түпсіз астында” тағы басқа өлеңдер мен “Нұр күйі” поэмасы бар. Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ол құбылысты сурет арқылы көруге ұмтылады.

Ол ойлы публицист те еді. 1917 жылы февраль революциясы болып, патша тақтан түскенде Жүсіпбек “Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар!” деген мақала жазып, “Жасыратын қылық жоқ- бостандық”, теңдік күштіге, жемқорға келген теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қолы жете алмай жүргендерген берілген бостьандық деп жар салған еді. Содан өмірінің соңғы шағына дейін ол жалынды публицистік қаламын қолынан түсірген жоқ. Бұл салада жүсіпбек совет саясатын насихаттаушылардың, советтік баспасөздің абырой- беделін көтерушілердің алдыңғы қатарында болды. Оның “Абай” журналында 20-шы жылдары советтік газет-журнал беттерінде басылған мақалалары қазақ еңбекшілеріне Ұлы Октябрь революциясы әкелген өзгерісті түсіндіруге, бостандық пен теңдіктің сырын ұғындыруға арналды.

Жүсіпбек көптеген сын мақалалар жазған. Олардың ішінде “Абайдан соңғы ақындар” (1918. М. Әуезовпен бірігіп жазған), “Мағжанның ақындығы туралы” (1923), “Аударма туралы” (1925), “Сұңқар жыры” (1925) атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі оның ерекшеліктері туралы, жазушы творчествосын түсінудің принциптері жайындағы ұғым- түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елеулі туындылар. Әсіресе, ақын- жазушы шығармаларын, оның өмір сүрген дәуірімен, соның ерекшеліктерімен байланыстыра талдау шеберлігі, екінші мақалада айрықша танылады. Соңғы мақаланы ол М. Горький творчествосына арнаған. Сонымен бірге, Жүсіпбектің театр, музыка, өнертарихына қатысты жазғандары да бар.

Жүсіпбектің артында бірталай ғылыми мұра да қалды. Ол халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты хаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан- жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Олардың ішінде “Тәрбиеге жетекші” (1924), “Психология” (1926), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (1926) атты елеулі кітаптар бар. Бұлар, әрине, бүгінгі жетілген педагогика мен психологияның методологиясы тұрғысынан әлсіз көрінсе де, өз дәуірі үшін аса пайдалы қызмет атқарды. Қазақ жастарына осы ғылымдар негізінде алғашқы мәлімет берді, ғылыми терминдердің тууына негіз болды.

Жүсіпбек аудармашы ретінде қазақ әдебиеті мен орыстың және дүниежүзілік классикалық әдебиеттің творчестволық байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Қазір оның аударуымен басылған Н.В.Гогольдің “Бақылаушы” (“Ревизор”), А. С. Пушкиннің “Тас мейман”, “Сараң сері”, А. Дюманың “Дәмелі” (“Тамилла”), Дж. Лондонның “Телегей теңіз”, К. Брековичтің “Өрбике”, С. Чуйковтің “Тау еліндегі оқиға” атты шығармалары табылып отыр. Олардан басқа Жүсіпбектің У. Шекспирден, Г. Мопассаннан, Р. Тагордан, М. Горькийден, аударған шығармалары болғаны жайлы мәліметтер бар. Кейбір шағын аудармаларын ол кезінде мерзімді баспасөзде жариялаған.

Жүсіпбектің жазықсыз жазаға тартылып, оның шығармаларын оқуға тыйым салынғалы (1929 жылы ол ұсталып, 1931 жылы арамыздан кетті). Осы уақыт ішінде оның еңбектері жоғалып, аты ұмтылып бітуге таяды. Газет-журналдар бетіндегі өлең-жырлары да жыртылып алынып жойылған. Оны білетін, онымен істес болған, шығармаларын оқыған ұрпақ өкілдері де азайды. Осы жағдайда жазушы шығармаларын жинап-теріп, бастыру, ол жайлы зерттеулер жасау - бүгінгі әдебиет тану ғылымының үлкен міндеттерінің бірі.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Міржақып Дулатов| Мағжан Жұмабаев

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)