Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Міржақып Дулатов

Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | ХІІІ - ХҮ ғасырдағы (Алтын Орда дәуіріндегі) әдебиет (1 сағ). | Асанқайғы Сәбитұлы | Бұқар жырау Қалқаманұлы | XIX ғасырдығы қазақ әдебиеті. | Махамбет Өтемісұлы | Шоқан Уәлиханов | Абай Құнанбаев | XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі | Шәкәрім Құдайбердиев |


(1885-1935)

М.Дулатовтың XX ғасыр бас кезіндегі ірі азаматтық тұлға екендігі. М.Дулатовтың "Азамат" (1913), "Терме" (1915) жинақтарының ақындық тұрғыдан ілгерілеудің белгісі ретінде танылуы. М.Дулатовтың аудармалары. «Бақытсыз Жамал» және XX ғ. басындағы романдар. Романның негізгі идеясы, тақырыптық жүйесі, жазылу тілі, стилі. Дулатовтың көсемсөздік мақалалары.

Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, «Қызбел» ауылында дүниеге келді. Ауыл мектебінде оқып, орыс мектептерінде хат танған. Білімін өз бетімен жетілдірген. 1904 ж. бастап күрес жолына араласқан. Алғашқы қазақ газеті «Серкеге» қатысты. «Оян, қазақ!» кітабы қазақ әдебиетіндегі көрнекті жинақ. «Қазақ» газетінің шығарушылардың бірі. 1916-1918 жылдардағы азаттық үшін күрес жолы. «Алаш Орда» өкіметі мен «Алаш» партиясының белді идеологтарының бірі ретінде танылды. 1920 жылы Ташкетте «Ақ жол» газетінде қызмет етті. «Оян, қазақ» (1909) жинағының тақырыбы әр алуан. Тақырыптар идеялық-көркемдік тұтастыққа біріктіріліп, ақынның азаматтық, тұлғаны танытатын туынды жасағаны. Жинақ негізінен саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазылып, азаттықты арқау еткен ("Сөз басы", "Қазақ халқының бұрынғы, һәм бүгінгі халі", 'Таршылық, халіміз хатында", "Сөз ақыры т.б.). Міржақыптың "Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты" деген ұраны дәуір сұранымына дәл келеді. Кітапта XX ғ.б. қазақ қасіретін, "жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп" деп ашық та айқын жеткізді. 1911 жылы маусымда «Оян, қазақ!» кітабы үшін Семей Түрмесіне қамалып, 19 ай абақтыда болды.

М.Дулатовтың "Азамат"(1913),"Терме"(1915) жинақтары ақындық тұрғыдан ілгерілеудің белгісі ретінде танылды. Мұндағы өлеңдердің терең фолософиялық ой-тұжырымдарға толы болуы, ақындық шеберлікті байқатады ("Шағым", "Арманым", "Сырым", "Мұң", "Жұт" т.б.)- М.Дулатовтың аудармашылык тәжірибесі ("Гүл", "Айтыс", т.б.).

М.Дулатов қазақтың тұңғыш романының авторы. "Бақытсыз Жамал" poманында бостандықка, тендікке ұмтылған қазақ қызының тағдыры дәуірдің әлеуметтік шындығымен тығыз байланысты суреттелген. Шығарманың бас кейіпкері Жамал өз тұсындағы қазақ қыздарының типтік бейнесі ретінде көрінді. Жамал іс-әрекетінде қайсарлық, батылдық басым болды, күрескерлік сипат танытады. Романның ақыры, боранда адасып өлуімен аяқталатын оқиғалардың бір-бірімен байланысқан, желісі үзілмейтін тізбегінен құралған. А.Байтұрсынов «Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған М.Дулатов болды», -деп алғаш пікір айтты.

М.Дулатовтың көсемсөздік мақалалары мол. Онда замананың көкейтесті мәселелері көтеріліп, әдебиет пен мәдениетке, тарихқа катысты құнды материалдар бар. М.Дулатовтың қазақтың ұлы тұлғалары жайлы мәліметі мол бірнеше мақалалар жазды ("Хазірет Сұлтан" "Хан Абылай", "Абай», «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан", "Ахмет Байтұрсынұлы" т.б.). Әдеби-сын мақалалары әдебиет сыны тарихындағы орны ерекше. Қазақ тілі туралы тұшымды ой-пікірлері бар.

1922 ж. ұсталып, Ә.Бөкейханов екеуі Орынборға жер аударылды. 1922-1926 ж.ж. Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болды. 1928 ж. қамауға алынды да, он жылға сотталып, Ақ Теңіз –Балтық каналының бойындағы Сосновец тұтқындар лагеріне жіберілді. 1935 ж. сонда қайтыс болады. 1988 ж. ҚазКСР-інің Жоғарғы Соты қылмысы жоқ деп ақтап шықты. 1993 ж. жазықсыз кеткен есіл ердің сүйегі туған жеріне әкелінді.. Жалпы Міржақып Дулатов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны ерекше.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 507 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ахмет Байтұрсынов| Жүсіпбек Аймауытов

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)