Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Оқу пәнінің сипаттамасы | Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы | Емтихан сұрақтары | Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар. | Туған жерге байланысты мақалдарды жаттап алыңыздар. Мағынасын ашыңыз. | Біздің университет. | Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар. | Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау | Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес. | Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар. |


Читайте также:
  1. XIX йөзнең икенче яртысында поэзиядә мәдхия һәм мәрсияләр
  2. Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес.
  3. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  4. Здік және өзара инд.құбылыстары. Индуктивтілік. Ұзын соленоид индуктивтілігі.
  5. Кәрим Тинчуринның «Американ» комедиясендә «милләтпәрвәрләр»нең чын йөзен ачу
  6. Кара йөзләр» повестенда Галимәне фаҗигагә китергән сәбәпләр

«Жарнама» - латын сөзі, «айғайлау» деген сөз. Сөздікте жарнама – «тауар, қызмет көрсету т.б. туралы хабарлама» делінген. Жарнама мен қоғамдық қарым-қатынасты ажырата білу керек. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол жарнама емес, жеке сауда-саттық. АҚШ-та өз тауарын сатушылардың саны бес мыңнан асады екен.

Жарнаманы өндірілген жаңа тауарлар, қызмет көрсету, бағаның арзандауы, нақты идеялар, жаңа жұмыс орнына шақыру жөнінде ұйымдар, фирмалар тағы басқалар үнқағаз, радио, телевидение, басқа жүйелер арқылы тарата алады.

Жарнаманың ақпараттық, затты көрсету (увещевательный), еске түсіру (напоминающий), салыстыру т.б. түрлері бар. Мысалы, шет елдік «Сникерс» шоколадын затты көрсету арқылы жарнамалайды: ондағы жаңғақ пен шоколадтың қалың қабатын көрсетеді. Ал дезодарант, тіс пастасын, автомобильдерді салыстыру жарнамасы арқылы көрсетеді.

Жыл мезгіліне орай киілетін киімдердің қайда сатылатыны жайлы жарнама – еске түсіру жарнамасы. Сатып алынған тауардың сапасы жайлы нақтылау (подкрепляющий) жарнамасында айтылады. Ол сатып алушының әрекетінің дұрыс екендігін көрсетеді.

(В.Ворошилов,«Журналист»)

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

1) «Жарнама» сөзі қайдан шыққан?

2) Жарнамалар не үшін жасалады?

3) Жарнаманың қандай түрлері болады?

4) Сникерсті т.б. қалай жарнамалайды?

5) Салыстыру арқылы нені жарнамалайды?

6) Киімдерді жарнамалау қалай аталады?

 

Еске түсірейік: Қажетті сөйлем мүшелері түгел тұратын сөйлем – толымды деп, қажетті сөйлем мүшелерінің біреуі түсіп қалатын сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады.

 

Сұхбаттасыңыздар.

 

- Сен қай қалада тұрасың?

- Мен Астанада тұрамын.

- Қалада жарнама көп пе?

- Иә, жетерлік. Әрбір жаңа тауар мен қызмет әрекеттері үнемі жарнамаланып тұрады. Цесна ұны, пәтер сату, банктен несие алу жөніндегі жарнамалардан аяқ алып жүре алмайсың.

- Ал жақсы тауарлар жөніндегі жарнамалар ше?

- Олар да жеткілікті. Жиһаздар, маусымдық киімдер, түрлі сапалы тағамдар үнемі жарнамаланады.

- Еске түсіру жарнамасы деген не?

- Ол – қысқы заттарды жаз мезгілінде жарнамалау деген сөз. Жарнамалаушы қыстың тағы да келетінін, оған ертерек дайындалу керек екендігін сатып алушының есіне түсіріп отырады. Осылайша өздері ұсынған қысқы тауарларды жылдам сатады.

- Жарнамалар үнқағаздарға да басыла ма?

- Иә. Жарнамалар көшеге де ілінеді, үнқағаздарға да басылады. Радио және телевидение арқылы берілетін жарнамалар да көп.

- Қалада ең көп жарнама басылатын қандай үнқағаз бар?

- «Қолдан-қолға» үнқағазы тұтастай жарнамаға арналған десе де болады. Ондағы жарнамалар тақырыптарға бөлініп топтамаланған.

 

Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Жақсы жарнама, тіс пастасы, қымбат киімдер, «Сникерс» шоколады, әдемі жиһаз, тауар сату, автомашина сату, көшелерде ілінген, «Қолдан-қолға» үнқағазы, жарнама оқу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар.| Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)