Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы сипаттама

Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. |


Читайте также:
  1. Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.
  2. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  3. Жұлдыздар және олардың сипаттамалары.
  4. Жалпы ережелер
  5. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  6. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

Ырғақтың маңызы: « Музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар (ритмика-Н.В) музыканың өзі сияты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап бере білушілік қабілеті дамытады»,-деп жазған болатын белгілі орыс педагогы Е.Н. Водовозова. Бұл ойды А.П.Усова одан әрі дамытады: «Өсіп келе жатқан баланың бойында ойын, тіл және әннің өзара ұштастық табуына қалайда бір таң қаларлық нәрсе бар.Соған орай баланың ән айтуы ойыннан туындайды деп айтуға толық негіз бар. Балалар ойынының тәжірибесі балалар музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады....Балалар үшін орыс биі дегеніміз не деген сұрақтың жауабын да осы ойындардан іздеген жөн болар. Балаға түсінікті әсем ырғақты суретте соларда жасалып,ол ойын түрінде берілген. Бұндай бейнелі сөздерде халықтық педагогиканың даналығы атап көрсетіледі, онда ол өз тәжірибесіндегі бар жақсылықтың бәрін шеберлікпен пайдаланып, балаға береді.

ХХ-ғасырдың басында негізін швейцарлық музыкант-педагог Э.Жак-Далькроз салған ырғақтық тәрбие жүйесі көптеген елдерде кеңінен тарады.Оның әдісі арнайы іріктеп алынған жаттығулар арқылы балалардың бойында (мектепке дейінгі жастан бастап) музыкалық естуді, есте сақтауды, зейінді, ырғақты, қимылдың әсемдік мәнерлігін дамытуды көздеді.Бұл жағдайлар көңіл аударуға тұрарлық және физиологияның, психологияның, музыка танудың ғылыми мағлұматтары негізінде одан әрі жасалып келе жатқан совет педагогикасында ескеріліп келеді.

Музыканың организмнің жалпы қызметіне онды ықпал жасайтыны дәлелденген.Бұл жөнінде, есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара байланысына сипаттама бере отырып И.М.Сеченев те жазған болатын.

Музыкалық қабілеттің дамуы- естуді жіне өзінің қимылдарын музыкамен үйлестіре білуді жетілдіру процесінде жүзеге асырылады.Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл іскерліктерді ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып әндетіп билеу түрінде түсінікті әрі қызықты етіп дамытуды мүмкіндігінше ерте бастау қажет.

Сондай-ақ совет психологиясы да бала организмінің жалпы қызметіне музыканың әсер етуі бала бойында қимылды әрекеттерді тудыратының мақұлдайды.Психолог

Б.М. Тепловтың пікірі бойынша музыканы қабылдау «Музыкалық қозғалыстың уақытша барысын барынша толық күйінде немесе аз көлемде бере алатын қандай да бір қимылды әрекеттер арқылы тікелей сүйемелденеді». Тиісті музыкалық шығармаларды іріктеп алу жолымен белгілі бір қимылды әрекеттер тудыруға, ұйымдастыруға және олардың сапасына ықпал жасауға болады.

Біздің елімізде музыкалық-ырғақтық тәрбиенің жүйесі Н.Г.Александрова, М.А.Румер, Е.В.Конорова, В.А.Гринер және басқалар тарапынан жасалынған.Мектепке дейінгі жасқа қолдану үшін арнайы зерттеулер Н.А.Ветлугина,А.В.Кенеман және олардың шәкірттері М.Л.Палавандишвили,А.Н.Зимина тарапынан жүргізілді.

Ырғақ мазмұның жасауға М.А.Румер, Т.С.Бабаджан, Н.А.Метлов,Ю.А.Двоскина қатысты.Біраз кейінірек бұл жұмысқа А.Н.Заколпская,С.Г.Товбина,Е.Н.Соковнина,В.В.Цивкина,Е.П.Йова,И.В.Слепович,және басқалар қатысты.Бұл жүйелі жетілдіру жөнінде С.Д.Руднева,Л.С.Генераловалар кейбір ұсыныстар енгізді.

Музыка және қимыл: Түрлі музыкалық шығармалар балаларды сезімдік толғанысқа келтіріп, белгілі бір көңіл күйді келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір сипатқа ие қуантады, жанына жігер береді.Бұл дененің тік ұсталуынан, қол мен аяқтың дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады.Керісінше, салмақты, баяу қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай барынша еркіндікпен жасауға мімкіндік береді.Музыка мен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы уйлесілімділігімен шектелмейді. Көркемдік образ уақытына орай жетіледі: оның сипаты,бағыты өзгереді,өрнектен құрылым жетілдіріледі,оның жеке дара және топтық жүйелігі ауыстырылып отырылады.

Қарама-қарсылық және қайталаушылық принципі музыкада қимылдың қарама-қарсылық және оның қайталаушылық жағдайына сәйкес болады.Жеңіл ырғақтар,көңіл аудару қол соғу,аяқпен тақылдату арқылы жасалса,динамикалық,қарқынды сәттер-күш жұмсау,қимылды жылдамдату,теңселуді шектеу,және қимыл бағытын өзгертумен белгіленеді.

Қимыл өз кезегінде ерекше мәнерлілік беретін музыкалық шығарманы толық қабылдауға көмектеседі.Бұл сияқты өзара әрекеттестікте музыка жетекші орын алады,өйткені қимылдар көркем образдарды білдіретін өзіндік ерекшелігі бар құрал болып табылады.

Бала көркем образдың дамуына зер салумен бірге мұқият тындайды.Музыкалық шығарма неғұрлым күрделі және көлемді болған сайын,есту зейіні де күштірек дамиды.Бұлай болу өз негізіндеесту және қимыл мүшелеріне суйенетін музыкалық есті дамытуға себін тигізеді.Балалар музыканың суйемелдеуімен қимыл жасағанда кандай да болмасын бір образды ойша кқз алдына келтіреді.Әр кезде бала музыкалық ойын образын өзінше (бұдан бұрын қабылдағаны негізінде) би,кейіпкердің өзіне тән қасиетін қийыстыра отырып, жаңа бір әдеттегіден өзгеше байланыстарда түрін өзгертіп,жаңаша бір таныс емес қимылдарды пайдалану арқылы кейіпкерлердің бейнесі мен ерекшеліктерін ғана беріп қоймайды,сонымен бірге оларға өздерінің де көзқарасын береді.Сөйтіп,творчестволық қиял елесі осылай туындайды.

Бала өзінің алдына қойған міндетті саналы түрде орындау арқылы әрекет жасайды,өйткені музыкалық-ырғақтық қимылды бала бойындағы еріктік көрініс ретінде көруге болады.Музыкалық дамудың алғашқы кезеңдерінде балалар өздерінің әрекеттерінде еркіндікте болмайды.Бірақ музыка әуенмен әрекет жасау қажеттігі сияқты үнемі пайда болатын жағдайлар олардың еріктік сапасые дамыта түседі.Ойындар,билер сырттан болатын әсерге дер кезінде көңіл қоюды,бір қимылдан екінші қимылға дер кезінде ауысуды,оны тез және дәл тоқтата білуді талап етеді. «Аю мен қояндар» деген ойында қоян образын жасаушы балалар,журесінен отыра қалуы және «аю» ұзап қозғалмау керек.Үлкен аюдың образын беретін В.Ребековтың музыкасы балаларды сақтандырады,оларды ешбір қимыл жасамауға мәжбүр етеді.Орыстың «жүп-жұқа мұзда тұрғандай» деген өленің сахнада қоюға ыңғайлағанда балалар (музыка әуені мен текстің сипатына орай)дер кезінде шаналардан «құлауы»,уақытында көмек беруге жүгіріп келуі және т.б істегені жөн.Қимылды тез дәл өзгерту,кеңістікті тез өту үшін уақытты тез есептей білу қажет.Балалар өздерінің ептілігін, денсінің икемділігін сезінеді,жақсы орындалған тапсырмалардан үлкен қуанышқа кенеледі.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар балаларды музыкада айтылғанды бастан кешіруге мәжбүр етеді.Ал бұл өз кезенінде орындаушылық сапасына ықпалын тигізеді.Музыкаға шаттану, өз қимылдарын әсемдігін сезіну арқылы бала эмоциялық жақтан толысады,ерекше бір өсуді, өмір қуанышына бөлінеді.

Балғындардың эмоциялық қайырымдылығы ең алдымен олардың музыка тындау кезіндегі еріксіз жасалатын қимылдарынан байқалады:бет әлпеті өзгереді,аяғы,қолы,денесі еріксіз қимылдайды.Ересек балалар эмоциялық қайырымдылықты ойындар процесінде тікелей ерікті қимылдар арқылы көрсетеді.

Музыкалық-ырғақтық қимылдарды дамытудың программалық

Талаптары

Музыкалық-ырғақты қимылдарды игерудің программасы мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алумен балалар бақшасында жүргізілген ғылыми-зерттеулердің және ырғақтық практикалық сабақтар тәжірибесін қорыту негізінде жасалған.

Балалардың жас ерекшеліктері: Балдырғанның балалық шағы кезіндегі(бір жастағы кезінде)музыкалық-ырғақтық қызметі музыканың үніне бүтіндей таза импульстік әрекет түрінде көрінеді,ол еліктеушілік әрекетімен ерекшеленеді.Үлкен адам баланың орындаушылығын жандандыра түсумен оны көңілді қимыл жасау арқылы би әуеніне және баяу айтылатын бесік жыры әуеніне жауап қатуға мәжбүр етеді.Сөйтіп,қимыл арқылы музыкаға тұңғыш рет эмоциялық жауап беру көріністері пайда болады.

Екі және үш жастағы балалар музыкалық-қимылды өздігінен білдіруге даяр болады.Олар ойындарда кейіпкерлер әрекеттерінің сырт көріністерін бейнелей отырып, музыканың әсері арқылы олардың түрлі сипаттарын көрсетуге талпынады.Жеке-дара орындау кезінде жекелеген әрекеттерді тұтас қалыпқа келтіруге қиналатын болғандықтан, оларды жекелей орындауы мүмкін.Балалар шығармалар бөлігінің ауысу сәтін сезеді(әсіресе қарама-қарсы құрылған екі бөлімді түрде келетін) және үлкен адамның көмегімен қимылдарды тиісінше өзгертіп отырады.Дыбыстың тынысталу шегін сезініп,балалар оны қолдарын соғумен атауға тырысады.

Төрт жасқа келгенде балдырғандар ойының жекелеген сәттерін еске түсіре отырып,ол туралы өзінің ойын айтып бере алады.Егер екі бөлімді музыкалық шығармалардың әр бөлігінің дыбыс шығару ұзақтығы жеткілікті мөлшерде болса(шамамен сегіз такт),онда олар соған сәйкес қимылды өздігінен өзгертуге бейім болады.Алайда бұл әрекеттер әлі де жетілдірілмеген.Балалар қол соғумен орындалатын өлшемдік өрнекті оп-оңай игеріп алады.Ал оны жүріс кезінде одан қиынырақ,ал жүгіру кезінде мүлдем қиын меңгереді.Ашық екпіндер мен динамикалық(дыбыстық) өзгерістер олардың жүгіруге деген ынтасын арттырады.

Бес жасында балалар музыкалық-ырғақтық ойындар,жаттығулар жөнінде,олардың тақырыбы,сюжеті туралы әңгімелей отырып,қысқаша ескертпе жасай алады,музыка жайында аз айтады,олардың сипаты мен бағытын өз еркінше өзгертумен қимыл үстіндегі екі және үш бөлімді үлгілерді атап көрсетуге,оны қандай да болмасын бір қимыл ерекшелігімен көрсетуге талаптанып,музыкалық-ойын образының мәнділігін сезінуге бейім болады.Балалар өлшемдік жылдамдыққа сәйкес жеткілікті дәрежеде нық жүре алады.Кейбіреулерінде бұл жүгіру кезінде ретке келеді.Билеу кезіндегі ырғақтық өрнекті дұрыс бере білу арқылы оларды қиналтады.Қарқынның алмасуын сезінгенімен,оларды мұны әрқашан дәлдікте қайталап бере алмайды.

Алты жастағы балалар өздерінің әңгімелерінде музыкамен қимылдың арасындағы кейбір байланысты көрсетуге тырысады.Олар шығарманы тындау арқылы ойындардағы,қол ұстасып жүріп ән айтудағы,би билеудегі қимыл жүйелілігін есіне түсіре алады.Егер музыканың қайталанатын,қарама-қарсы бөліктері,сөйлемдері,сөздері айқын белгіленген симметрияланған және ұзақ болған болса, онда балалар оларды жақсы сезініп,қимыл арқылы қайталап бере алады. Музыкалық-ойындық образдар беруде қимылда мәнерлік,бидидальдік,және әсемдік пайда болады.

Жеті жастағы балалар музыканы белсенді түрде қабылдауы арқылы оның қимылмен байланысын айырады,музыкалық сөзге,сөйлемге,дәл құрылымға бөлінуі сияқты түрін ажырата білуі арқылы би билегенде,қол ұстасып қлең айтқанда,жаттығулар жасағанда өздігінен қимыл жасайды.Бала ритмикалық әуенді,бір қалыпты қайталанатын екпінді еске түсіреді қарқынды өзгерте отырып,оны жылдата бояулата алады.Балалардың ырғақты сезінуі олардың қимылды дәл де мәнерлі орындауына,әсем билеуге және өздерін ойындарда айқын көрсете білуге мүмкіндік береді.Оны творчестволық тапсырмаларға зор ынта қояды,бидің композициясын жасағанда,музыкалық ойындық образдарды бергенде инициатива көрсетеді,ойларын айтады.

Музыкалық-ырғақтық тәрбие саласындағы табыстар мен жетістіктер баланың жалпы денесінің дамуына байланысты болатыны сөзсіз,алайда көп жағдайда бұған сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен жүйелілігі септігін тигізеді.

Міндеттер

Ырғақ жүйесі сабақтарындағы тәрбие мен үйретудің нақты міндеттерін жасайық:балаларды музыкалық образдардың дамуын қабылдай білуге және қимылдарды олардың сипатымен, музыкалық көріністердің барынша айқын құралдарымен үйлестіре білуге, ырғақты да мәнерлі жүре білуге, бастай білуге,сабақтарда және басқа да әрекеттер жасау кезінде билей білуге үйрету:ырғақ сезімін дамыту:балаларды музыкадағы ырғақтық мәнерлі сезінуге,оны қимылдар арқылы бере білуге үйрету:

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бойында жеке дара өзіндік ойындық образ көрінісін табатын көркем-творчестволық қабілетті,би қимылдарын ойлап табуды,құрастыруды,қол ұстасып өлең айтушыларды дұрыс тұрғыза білуді,бұл білімдерін өзіндік қызметте пайдалануды дамыту.

Бұл міндеттер, қимыл сипаттарының мазмұнға және музыкалық образды дамытуға сәйкес келуі сияқты,программалық негізгі талаптарды орындау кезінде шешім табады.

Көркем образ:мәнерлі әуен,жүйе,музыкалық үйлесілімділік,сүйемелдеу өзгешелігі және басқалар сияқты алуан түрлі музыкалық құралдардың осындай комплексінен қимылда,ән айтуды көрініс табатын жайларды атап айтуға болады.

Музыкалық ырғақтық қимылда ырғақ деген сөздің мағынасы өте кең.Музыкалық образдардың дамуы мен алмасуы(шағын құрылымдағы негізгі ойлар,сезімдер),шығарманың құрылымы,қарқындылығы,дауыс күшінің өзгеруі,өлшемдік арақатынасы-осының бәрі осы ұғымға енеді.Сондықтан ырғақ жүйесін үйрену сабақтар процесінде,әсіресе музыкаға деген ықыластылық сезім ойдағыдай дамиды,шығарманың музыкалық ырғақтық негізін қабылдауға,еске түсіру дағдыларына ие болады.

Музыкалық тәрбие үшін балаға қажетті қимылдың бәрі емес,соның ішінде теңселу шегі молдығымен ерекшеленетін,қолдың,аяқтың,дененің белсенді түрде үйлесілімділігін талап ететін,бұлшық еттің ірі тобын дамытатын түрі ғана пайдаланатының есте ұстау керек.

Сөйтіп,музыкалық ырғақтық қимыл жөніндегі программаның екі шағын бөлігі болды:Музыкалық-ырғақтық дағдылар және мәнерлік қимыл дағдылары.

Музыкалық-ырғақтық дағдылар:

Балалар музыканың жайын,сипатын ертерек сезіне бастайды,алғашқыда оны барлық құралдардың жиынтығы түрінде қабылдайды да,соңынан оны қимылдарда бере отырып,барынша айқын құралдардың жекелеген ерекшелігін бөліп алады(мысалы, түрін, қарқынын, жылдамдығын, ырғақ өлшемін)

Пргограммаға тән ерекшелікті атап өтелік: балдырғандармен жүргізіле бастаған қандай да болмасын дағды жөніндегі жұмыс кейінгі топтарда да жалғастырылады, бірақ программалық талаптар күрделеніледі. Мысалы: егер сәби балалардан музыканың қатты не ақырын айтуына әрекет жасауы талап етілсе, даярлық тобында олар дыбыс шығарудың күшейіп не солғын болуын қабылдау керек.

Музыкалық ырғақтық дағдылар, ойындар, билер, қол ұстасып өлең айтулар, жаттығулар үйрену процессінде меңгеріледі. Ең маңыздысы сол, балаларды музыканы тұтас күйінде қабылдай білуге, оның жалпы күйін, сипатын ұғына білуге үйрету керек. Алайда үйрету процессінде сол материалды үйрету кезінде өте жақсы меңгеретін қандай да болмасын дағдыларды ажырата білу керек. Музыканың қарқының өзгертумен балалар әрекетінің де қарқынын өзгертіп отырады.Басқа бір мысал –мектепке даярлайтың топтың балаларына арналған орыстық халық әніне шығарылған би сипатындағы «қошақандар» жаттығуын алып көрейік. Бидің сипаты жаттығудың өңінде сақталынады, бірақ оның басты компаненті динамиканың біртіндеп көркеюі, қарқынның жылдамдауы барынша жиі созылыңқылықтың пайда болуы арқасында жылдамдық болады.Бұл жағдай бір қалыпты баяулықтан ең ақырында тез айналыммен бірге кенет тоқтап қалатын жылдам аяөталатын қимылдарды пайдаланумен динамикалықта қарқында өзгерістерді балалардың қабылдай білуіне жаттықтыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты украинаның халықтық әуеніне арналған «кім жылдам?» деп аталатын ойында да дыбыстар ерекшелігінің мәнерлік қызметі айқын байқалады. Музыкада белгіленген дыбыс ерекшеліктері және оның қызу сипатын берушілігіне сәйкес балалар бір-бірін бубенді ұрғылайды.

Сөйтіп, музыкалық образдарды дамыту музыкалық мінерлік құралдарына көңіл бөлу балалардың музыкалық-ырғақтық дағдыларды меңгеріп алуына көмектеседі.

 

21.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық ырғақ қозғалысына оқыту

әдістемесі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Болашақ әуез жетекшісін ырғақ қозғалыстарға балаларды үйретудегі әдіс тәсілдерін меңгерудегі би қозғалыстарын, ойындарды, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты белгілей алуға оқыту

Дамытушылығы: Қандай топта қимыл түрлерін пайдалануға болатынын көрсететін таблицамен таныстыру арқылы оқыту

Тәрбиелілігі: Қимыл қозғалыстардың түрлеріне күнделікті сабақтарды игере отырып балаларды қимыл қозғалыстардың түрлеріне дағдыландыру мақсаты. Әр түрлі қазақтың ою өрнектерін пайдалана отырып музыка әуенімен әдемі ырғақпен көрсету, және ойындарды музыка әуенімен жүретін мәнін дұрыс түсіндіру арқылы ұлттық салт дәстүрлерді бойларына ендіру мақсаты Парктикалық сабақ: дәстүрлі

Көрнекілігі:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1153 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау| Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)