Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Ересектер және кәрілік шақ психологиясы. | Мемлекеттік жастар саясаты. | Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар. | Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты | Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі | Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс. | ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Ғалымдар "құндылық" түсінігіне көп түрлі анықтама беріп, түрлі типологиясын көрсеткен: құндылықтар-нормалар, құндылықтар-мотивтер, құндылықтар-мақсаттар, құндылықтар-күтулер тағы сол сияқты.Мұның барлығы қарапайым түрінде.Жалпы ғылымда құндылықтарға қатысты үш түрлі концепциясы бар. Солардың біріншісі- функционалды ол берілген категорияны қоршаған дүниенің адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырытын пәндер мен құбылыстар қабілеті ретінде қарастырады.Екінші концепция- бағалы, онда құндылықтар идеал, ұмтылыс, субъектінің объектіге қатынасы ретінде берілген,өмірлік маңызы бар объектілерді саналы түрде бағалы таңдау нәтижесі болып табылады.Үшінші концепция- сигнификативті, яғни мағыналы.Ол бойынша, сәйкес жағдайлардағы қоғамдық нормалар құндылығы адам үшін түрлі құндылық мағынасын беруі мүмкін (4;45).Құндылықтар- ол қанағаттандырылуға тиіс нәрсе, индивидуалды, топтық және қоғамдық қажеттіліктер.Құндылықтар мен қажеттіліктер тығыз байланысты,ол бір бүтіннің екі жағы деуге де болады.Егер қажеттілік адамның ішіндегі итермелеуші күш болса,құндылық сол қажеттіліктерді қанағаттандыратын объектілерді білдіреді.Құндылықтар проблемасына жүйелік қызығушылық кезеңі 50-60 жылдарға жатқызылғанымен,оның негізі бұдан бұрын қалыптасқан.

Сондықтан, құндылықтар мәселесі қазіргі ғылымның аса маңызды мәселесінің бірі болып табылады. Ол олардың адамзат тұрмысының фундаменталды сұрақтарымен түсіндіріледі. Қоршаған дүниенің пәндері мен құбылыстары тек объективті қасиеттермен иеленіп қана қоймайды, олар адаммен белгілі бір байланыстарда болып, солайша белгілі өмірлік мақсаттар мен жоспарлардың жетуіне көмектеседі немесе кедергі болады. Сондықтан адам шындықты қана танып қоймайды, оның көз қарасы тұрғысынан өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын бағалайды. Осы құндылықтың ұстанымдары арқылы активті позиция ашылып, өмірлік мақсаттарға бағытталу жүйесі ретінде тұлғаның ең жоғарғы диспозициялық деңгейі болып табылады. Олардың құрылуы өзін-өзі дамыту мен қызметтің нақты әлеуметтік-тарихи формаларында өзін танытудағы тұлғаның жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктеріне жауап береді. Осыдан шығатыны, берілген деңгей тұлғаның тәртібін реттеуде шешуші рөл атқарады.

Демократиялық жолды таңдап алған қазақстандық қоғамның алдында жас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтардың ең жоғарғы сатысынан тәрбиелеу міндеті тұр. Қазіргі таңда қазақстандық жастардың құндылық бағыттарының дамуы мен орнауына жанұя мен білім беру құрылымдарынан басқа, қазіргі таңдағы өмірдің әлеуметтік шындығы да әсер етуде. Осының нәтижесінде, жастардың бос уақытарында қабылданған әсерлері мен күйзелістері жастардың құндылық қалауларының нақты бейнесін береді. Жастардың бос уақытарын өткізуі өмірлерінің негізгі жасаушысы бола отырып, ерекше әлеуметтендіруші фактор да болып табылады. Бос уақытты тиімді пайдаланудың мағынасы тұлғаның өзіндік дамуы мен жас азаматтардың мәдени ой-өрістерінің өсу мүмкіндіктерін анықтайды. (1;89)

Қазіргі қоғамның құндылық құрылымында жастар басымдылық мақсат ретінде материалдық ауқаттылыққа жетуді көздейді. Сондықтан жастардың көпшілігі бұл мақсатқа лайықты білім алу мен іскер мансапқа жету жолы арқылы өз күштерімен қол жеткізеді. Өмірде табысқа жетудің құралы ретінде жастар білімді, пайдалы байланыстар мен ақшаны, қажырлы еңбекті таңдайды. Жастардың өмірлік бағыттары мен құндылықтарының динамикасын зерттеу қоғам өміріндегі түрлі аспектілері мен оның даму тенденцияларына жасалатын анализінің фундаменті тәрізді.

Абрирайымова Гүлмира Серік қызының «Жастардың құндылық бағыттарының жүйелері және олардың қазіргі Қазақстан қоғамында өзгерістері: әлеуметтік анализ» атты диссетациялық жұмысына сүйендім. Мұндағы зерттеуде қойылған мәселердің бірі – қандай тәсілмен жастар түрлі өмірлік құндылықтарды бағалайтынына қатысты мәселе. Мұнда екі міндет тұрды: біріншіден, жастар маңызды деп санаған шексіз санды құндылықтарды таңдап алу, және, екіншісі, жастар үшін маңызды үш-бес құндылықтар иерархиясын құру. Өмірлік құндылықтар жөніндегі сұрақтар блогына берген жастардың жауаптарын талдай отырып, ішінен басымдылық көрсеткен тоғыз нұсқаны атауға болады: қызықты әрі үлкен табысты жұмыс, отбасылық бақыт, өзінің және туыстарының денсаулығы, тәуелсіздік немесе еркіндік, жетістіктерге қанағаттанушылық, ойын-сауық, білім, карьера, тыныш өмір. Ал жастардың өмірлік құндылықтарының алдынғы қатарына қызықты әрі үлкен табысты жұмысқа ұмтылыс, отбасылық бақыт, өзінің және туыстарының денсаулығы, білім мен карьера жатады.(2;123)

Бірақ та бізге мынаны ескерген жөн. Осы жүргізілген зерттеулер жастардың қалауларын, өмірлік бағыттарын ашып көрсеткенімен, шын мәнінде олардың тілек-талаптарына сай келмейді. Әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайынын едәуір айырмашылығы: отбасылық әлеуметтік статус деңгейлерінің әртүрлілігі, табыстың дифференциалануы, білім алудағы әртүрлі перспективалар, яғни жеке меншік мектептер, элитарлық жоғарғы оқу орындары, шетелден білім алу,престиждік заттардың болуы- мұның бәрі тек жағдайлары көтертін деңгейдегі жастарға тән. Осы құндылық жүйесі маргиналды жастар бөлігіне жетпейді де, осы қажетілікті жастар қылмыстық жолмен алуды көздейді. Осыдан барып жастардың девиациялық мінез-құлықтары арта түседі-ішімдікке салынған жастар санының өсуі,наркомандар,суицид, жасөспірімдер арасында қылмыстың болуы т.б сол сияқты.Сонымен қатар "Көлеңкелі экономика",яғни жоғарғы білімді қажет етпейтін, үлкен ақша әкелетін,бұл көптеген жасатрға қаржылық мүмкіншіліктер әкелетін жалғыз жол болып табылады.Сондай-ақ байлық құндылық сияқты әрдайым адам өміріндегі негізгі рөл ретінде болғандықтан, жастар көбінесе осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қазіргі уақытта жұмыс істейтін студенттер саны көбейіп бара жатыр.Көптеген жастар ерікті табыс табуда.Қосымша табыс бір жағынан кіріс әкелсе,екінші жағынан негативті әсер етуде (3;123).Атап айтқанда жастардың санасында қалыптасқан құндылық жүйесі,оның жүріс-тұрысын анықтайды.Жалпы индивидтің құндылықтар бағыттамасын зерттеу маңызы: олар қоғамның рухани мәдениеттін меңгерудің негізгі каналын, мәдениет құндылықтарының адамдар тәртібінің стимулы мен мотивтеріне айналуын көрсетеді.

 

 

  1. Қазақстан жастары – 2004: жай-күйі, үрдістері, келешегі. Таңдамалы баяндама.

Астана -2004-Б89

  1. Абрирайымова Г.С.Система ценностных ориентаций молодежи в современном казахстанском обществе: социологический анализ- Алматы 2003.-С.123

 

  1. Государственная молодежная политика. Опыт и тенденции развития.Часть 1.Астана 2003.-С.123

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 358 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.| Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)