Читайте также:
|
|
Жасөспірімділік кезең – жеке адамның толысуының аяқталатын кезеңі, жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, (олар енді бала болмағанымен, әлі ертерек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.
Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуальдық және моралдық еріктік жетілуімен, барлық психикалық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Кейінгі кезде ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке ала отырып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әркезде үйлесе бермейді. Акселерациялы, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез өседі.
Пікірталастың басты тақырыптары балалардың дені сау, әдемі, күшті болып өсуін қалай қадағалау керектігі жөнінде болды:
- тазалық ережелерін сақтау;
- бесіктегі кезінен бастап, бала организмін шынықтыру;
- жүгіру, және т.б.
- күн тәртібін дұрыс ұстану;
- дұрыс тамақтану.
Мұның бәрі дене тәрбиесінің алғашқы қадамдары.
Ата – бабамыз бала өскен сайын, жеткіншектермен жасөспірімдерден еңбек, дене күшін жұмсауды, ептілікті, икемділікті, шапшаңдықты талап етеді.
Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі.
Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организм физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, сапалық өзгерістердің көрсеткіші.
Балалар өздерінің мінез – құлқындағы кемшілігін, қателігін түсінуге тиіс. Дене жазасымен байланысты болған реніш сезімі, ауру, кемсітушілік өзінің әрекетін бағалауға, қатесін мойындауға жағдай туғызу түгіл, керісінше, баланы ызаландырып, қасарысуға және бұрынғысыша істеуге мәжбүр етеді. Кейде баланы жазалау алдында түзелген сияқты болатыны бар. Ата – анаға таяқ тәрбиесі пайдалы болып нәтиже бергендей болады. Істің шынына келгенде бала іштей жек көреді.
Дене жазасының баланың жүрегінде ауыр із қалдыратынын, оның мінезіне жаман әсер ететінін ұмытуға болмайды. Бір балалар қатал келеді, дөрекі, жылпос және өтірікші болып өседі, енді бір балалар қорқақ, жігерсіз, сенімсіз және тұйық болып келеді. Дене жазасы бұндай балалардың шаттық сезімін жойып, жатырқаушылыққа апарып соқтырады.
Балғын жастық шақ – тасқындаған күш – қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін, өзіндік ерекшелігімен көрінетін қайталанбас тәтті дәурен.
С.Торайғыров «Адасқан өмірде» ---
Бұл жаста көп: бересі-аласы да,
Алдымда толған мақсат, толған таңдау.
Алайын мынасын ба, анасын ба?
Әр үміттің қиялы сәулеленіп,
Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...
Күн сайын тұрады артып қайрат – күшім,
Асығыс жоқ, мен әлі жетем деймін, --
«Дәл бүгін жетпедім деу бекер», - деймін.
Ірі мақсат болмаса ұсақ іске,
Неге мен алданамын уақыт бөліп?!
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 347 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | | | Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы. |