Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Африканың әлеуметтік инфрақұрылымы

Читайте также:
  1. Африканың Ғылым жүйесі және инфрақұрылымы
  2. Африканың геосаяси және әкімшілік бөлінуі
  3. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  4. Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  5. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  6. Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі

Африканың әлеуметтік инфрақұрылымында демография үлкен рөл атқарады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Африкада халық саны күрт өсе бастады.

Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы 80-жылдарда ерекше құлдырап кетті. Терең дағдарыс етек алды. Даму қарқыны баяулады, өндіріс дамымады. Олардың әлеуметтік-экономикалық артта қалуының ең бірінші себебі ол елдердің экономикасының аграрлы саясатқа негізделгеніне байланысты болып келеді.

Ең көп өлім және ауруға шалдығу Африка континентінің халқында тараған. Африканың бірнеше мемлекеттерінде (Алжир, Гвинея, Мали) денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі енгізілген. Ол жүйе халықты тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, инфекцияның таралуы, ана мен баланы қорғау, пайдалы тағаммен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешу керек. Нәтижесінде осы аталған мемлекеттер көптеген жетістіктерге жетті: дәрігерлер мен ауруханалар саны артты, жұқпалы аурулармен ауырудың саны, бала және жалпы өлім деңгейі төмендеді.

Негізінен Африкада 32 автохтондық тілдік семья бар, оның ішінде 7 оқшауланған, 9 топтастырылмаған тілдер бар. Африка тілдерінің көпшілігі ұлттық тілге айналған болса, кейбірі жекелеген тайпалар тілі деңгейінде қалды. Африка халықтарының тілдерін ерекшеліктеріне қарай ірі бес тілдік топқа біріктіруге болады: 1) семит-хамит тілі, 2) судан тілі, 3) банту тілі, 4) қойсан бөліміне жататын тілдер, 5) мальгаш тілі.

Қазіргі таңда Африка елдерінде бірнеше діни сенім топтарын қарастыруға болады: ислам, христиан, иудаизм, жергілікті жеке культке табыну, аруақтарға сену және дәстүрлі емес діндер. Ата-баба рухтарына тайпа көсемдеріне табыну Тропикалық Африка, Оңтүстік Африка, Мадагаскар аралдарында тараған. Африка халқының 41%-ы ислам дінін ұстанады. Ислам дінін ұстанушылардың жартысынан көбі Солтүстік Африка халықтары 47,2%. Әсіресе Египетте Африкалық мұсылмандардың 1/5 бөлігі таралған. Батыс Африкада мұсылмандар жалпы халықтың 33%-ын, басым бөлігі Нигерияда. Ал Шығыс Африкада тұрғындардың 31 %-ы мұсылмандар. Африкадағы христиан дінін ұстанушылардың жалпы саны 330 млн-нан астам. Католиктер 33млн, протестанттар – 31 млн, монофизиттер 20 млн. Христиандардың басым бөлігі Шығыс және Батыс Африкада. Оңтүстік Африкада христиандардың ¼ бөлігі шоғырланған. Африка католиктерінің көпшілігі Заир, Нигерия, Уганда, Танзания, Бурунди елдерінде шоғырланған. Маврикий аралы, ОАР, Кенияның бір бөлігінде, Шығыс Африкада индуизм тараған.

 

 

Аймақ Халқы Христиан(%) Ислам(%) Дәстүрлі діндер(%)
Солтүстік Африка     87,6 2,2
Батыс Африка   35,3 46,8 17,4
Орталық Африка   81,3 9,6  
Шығыс Африка     21,1 15,6
Оңтүстік Африка     2,2 9,7

 

Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.

Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орналасу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.

Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық құрамына байланысты бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.

Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі), "этникалық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.

Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды. Бұл осында 1 км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi.

Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.

Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды.

Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.

Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).

Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.

Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе.

 

Антропологиялық ерекшеліктеріне қарай нәсілге бөлінуі:

1. Жерорта теңіздік (Солтүстік Африка)

2. Эфиопиялық (Шығыс Африка)

3. Қойсандық (Оңтүстік Африка)

4. Пигмейлік (Батыс Африка)

5. Негроидтық (Орталық Африка)

Жерорта теңіздік(Солтүстік Африка). Африканың солтүстік жағалауын мекендейтін талықтар жатады. Еуропоидтік рассаға өте жақын. Шаштары қара, көздері күңгірт, қара-қоңыр, бойлары 165-170 см.

Кейбір антропологтар бұл жердің халқын 2 нәсілге бөледі: араб, бербер. Олар өздерінің пікірлерін 8 ғ-дағы арабтардың Магриб елдері Алжир, Тунис Марокконы жалап алуымен байланыстырған. Тарихи деректерге қарағанда, келуші арабтар жергікті берберлердің 4% ғана құраған. Бұдан біз бұл пікірдің бұрыс екеніндігін көреміз.

Эфиопиялық (Шығыс Африка). Еуропоидтық пен негроидтық нәсілдерінің арасын-дағы антропологиялық бөлік. Африканың солт-шығысындағы Эфиопия жарты аралын, бір бөлі-гі Аравия жарты аралының оңтүстігін мекендейді. Эфиопия халықтары: амхара, тигере, гураге, галла, сомали, данакиль, беджа және т.б. Антропологиялық белгілері: түстері қызғылт-қара, шаштары толқынды бұйра, еріндері шамалы түріңкі, мұрындары кішілеу. Палеоантропологиялық деректерге қарағанда, Эфиопия нәсәлә неолитте Ш.Африкада пайда болды.

Қойсандық (Оңтүстік Африка). Африканың оңтүстік шетін мекендеген. Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады. Оларды оңттүстік африкалық топтар деп те атайды. Бушмендер жер шарындағы халықтарң ішіндегі антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар болып келеді: олар бұйра шашты, желбезекті мұрынды болу сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас болса, кейбір белгілерімен монголоидтарға ұқсайды, яғни түстерінің сарылығы, көздерінің қиығы, еріндерінің негрлерге қарағанда жұқа болуы соны меңзейді. Бушмендердің орташа бойы 150 см. Ал готтентоттар бушмендерден гөрі бойшандау.

Пигмейлік (Батыс Африка). Конго бассейнінде мекендейді. Пигмей – адамдар-дың дамуы бойынша “балалық шақта жасаушылар” деген мәнді береді; яғни олар өздерінің өсуі бойынша неандертальдіктерден алшақ кетпеген деген пікірді білдіреді. Бұл пікірді шығарушы, оны дамытушы швейцар анатомшысы Колльман. Олардың бойлары орта есеппен 141-142 см-ден аспайды, түстері негрлерден ашандау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді келеді. Бірақ, Кольманның пікіріне қосылуға болмайды. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдар неандертальдіктерден әлде қайда алға кеткен.

Негроидтық (Орталық Африка). Батыс, Орталық, Судан, Нілдің жоғары ағысын, Конго өзенінің бассейнін түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар жатады. Негроид нәсілінің алғашқы пайда болған жері Батыс Судан мен Батыс тропикалық Африка жерлері болуға тиіс. Негізгі белгілері: түстері қара қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың, тістері аппақ, бойлары 165-185 (орт. 182см.) см. Айрықша өкілдері Нигерия мен Конго өзендер бойларын мекендейді.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 698 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Африканың геосаяси және әкімшілік бөлінуі| Африканың Ғылым жүйесі және инфрақұрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)