Читайте также:
|
|
Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
АХМЕТОВА АРАЙЛЫМ
БІЛІМЖАНҚЫЗЫ АЙГЕРІМ
Тақырыбы: АФРИКА АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
(Баяндама)
Т.ғ.д., доцент: Бюжеева Б.З.
Алматы, 2012
Африка
Африканың геосаяси және әкімшілік бөлінуі
Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі екінші орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2, аралдарымен бірге есептегенде 30,3 млн. км2. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Шеткі нүктелері солтүстігінде - Бланко мүйісі, оңтүстігінде – Игольный мүйісі, батысында – Альмади мүйісі, шығысында Рас-Хафун мүйісі.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Африкада 55 тәуелсіз және 5 мойындалмаған мемлекет бар. Олардың көбісі еуропалықтардың отары болып келді.
Табиғи жағдайына қарай Африка бірнеше аймаққа бөлінеді:
Тропикалық аймаққа орталық экватордың батысы, Гвиней бұғазының солт жағалауы және Конго атырабы. Бұл жерлерде мәңгі көгеріп тұратын ағаштар өседі.
Гилейдің солт-гі мен оңт-нде “муссон”ағаштары өседі. Бұл ағаштар Африканың жер көлемінің 30 %-ына тараған.
Жартылай шөлейт солтүстігінде Сахара, оңтүстігінде Колахари және Намиб аймағы бар.
Қазіргі Африка аймағының геосаяси және әкімшілік бөлінуіне келетін болсақ, Африка 5 ірі әкімшілік аймаққа бөлінеді. Олар: Солтүстік Африка, Оңтүстік Африка, Орталық Афоика, Шығыс Африка және Батыс Африка. Әрбір аумақ өзінің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми инфрақұрылымдарымен басқа аймақтардан ерекшеленеді. Себебі, Африканың барлық аумағының экономикасы бірдей дамымаған.
Солтүстік Африка 10 млн км2 аумақты алып жатыр, оның территориясының көп бөлігінде Сахара шөлі орналасқан. Бұл аймақта Африкадағы территориясы бойынша үлкен мемлекеттер орналасқан. Атап айтсақ, Солтүстік Африка аймағында: Алжир (астанасы Алжир), Египет (астанасы Каир), Батыс Сахара, Ливия (астанасы Триполи), Мавритания (астанасы Нуакшот), Марокко (астанасы Рабат), Судан (астанасы Хартум), Тунис (астанасы Тунис), Оңтүстік Судан мемлекеттері орналасқан. Солтүстік Африка аймағының мемлекеттері территориясының үлкен болуымен ерекшеленеді. Мұнда орналасқан мемлекеттердің бірнешеуі ғана 1 млн км2 аумақты алады, ал Солтүстік Африка аймағының ең үлкен мемлекеттері болып саналатын Алжир, Судан және Ливия мемлекеттерінің ауданы 1,5 млн км2 ауданнан көп болып табылады.
Сонымен қатар, Канар аралдары, Эритрея (астанасы Асмэра), Эфиопия (астанасы Аддис-Абеба) және Мадейраны кей кездері Солтүстік Африка аймағына жатқызады.
Еуропа мемлекеттеріне біршама жақын орналасуы Солтүстік Африка аймағының экономикасының басқа аймақтарға қарағанда дамығандығына септігін тигізеді. Солтүстік Африка аймағының барлық мемлекеттері (Судан мен Мавританиядан басқа, олар экономикасы нашар дамыған мемлекеттер қатарына кіреді) дамушы мемлекеттер қатарына жатады. Сонымен қатар, Тунис Африка континентіндегі экономикасы жөнінен бәсекеге қабілетті ең жақсы дамыған мемлекет болып табылады. Ал Алжир мен Ливияда мұнай мен табиғи газдың қоры өте көп. Марокко тыңайтқыштар өндірісінде пайдаланылатын фосфориттерді өндіруге машықтанған. Египет, Ливия, Тунис және Мароккода экономиканың туристік секторы өте жылдам қарқынмен дамуда.
Соған қарамастан Солтүстік Африка аймағының көптеген бөлігінде шаруашылықтың аграрлық секторы дамыған. Бірақ, басқа мемлекеттермен жүргізген келісімшарттар негізінде, ауыл шаруашылығы экономикасы біршама жақсы дамыған. Марокко, Тунис, Алжир, Ливия және Египетте ячмень, оливки және цитрустық жеміс-жидектер өсіріледі. Сахарада өсірілетін ең басты байлық ол – финики.
Солтүстік Африка аймағының ірі қалаларының бірі Каир болып табылады. Халқының саны 9 млн-ға жуық және бұл қала планетадағы ең ірі қалаларының тізіміне енген. Халқының саны 2 млн-нан асатын басқа да ірі қалаларға Египеттегі Александрия және Мароккодағы Касабланка қалалары кіреді. Солтүстік Африка халқының 51%-дан астамы қалада тұрады (Ливияда бұл көрсеткіш 88%-дан асып кетті).
Солтүстік Африка аймағының халқының көбісі араб тілінде сөйлейді және мұсылман дінін ұстанады.
Батыс Африка - Африка континентінің бір бөлігі, Орталық Сахарадан оңтүстікке қарай созылған және Атлант мұхитымен шектесіп жатыр. Шығыстағы табиғи шекара болып Камерун таулары есептелінеді. Батыс Африка Сахель және Судан аудандарын алып жатыр.
Батыс Африка аймағына келесі мемлекеттер жатады: Бенин (астанасы Порто-Ново), Буркина-Фасо (астанасы Уагадугу), Гамбия (астанасы Банжул), Гана (астанасы Аккра), Гвинея (астанасы Конакри), Гвинея-Бисау (астанасы Бисау), Кабо-Верде (астанасы Прая), Кот-дИвуар (астанасы Ямусукро), Либерия (астанасы Монровия), Мавритания (астанасы Нуакшот), Мали (астанасы Бамако), Нигер (астанасы Ниамей), Нигерия (астанасы Абуджа), Сенегал (астанасы Дакар), Сьера-Леоне (астанасы Фритауи), Того (астанасы Ломе).
Кейбір жағдайларда Батыс Сахара мен Чад жерлерін Батыс Африка аумағының құрамына жатқызады.
Батыс Африка аумағында жол инфрақұрылымы өте төмен дамыған, темір жолдар тек ішкі ауданнан теңіз жағалауына дейінгі ғана аралықта бар болып табылады. Олардың өзі отарлаған елдердің бастауымен салынған болатын. Маңызды порттары: Дакар, Конакри, Абиджан, Аккра, Ломе и Лагос.
Батыс Африка аймағындағы Сахеля мемлекеті әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі болып табылады. Нигерия мемлекетінде мұнайдың қоры көп болуына қарамастан, ол да дамуы төмен мемлекеттер қатарына жатады.
Орталық Африка – Африка континентінің бір бөлігі, экваторлық және субэкваторлық белдеулерді алып жатыр, батысында Атлант мұхиты мен Гвиней шығанағымен шектеседі. Орталық Африка аймағынаның құрамындағы мемлекеттер: Ангола (астанасы Луанда), Габон (астанасы Либревиль), Камерун (астанасы Яунде), Конго Демократиялық Республикасы (астанасы Киншаса), Конго Республикасы (астанасы Браззавиль), Сан-Томе және Принсипи (астанасы Сан-Томе), Орталық Африка Республикасы (астанасы Банги), Чад (астанасы Нджамена), Экваторлық Гвинея (астанасы Малабо).
Территориясы жағынан субаймақ болып табылады. Жалпы ауданы 6613 мың км2. Орталық Африка аймағында жоғарыда аталып өткен 9 мемлекет және Ұлыбритания территориясындағы Әулие Елена аралы кіреді.
Шығыс Африка – Африка континентінің Ніл өзенінен шығысқа қарай созылған бөлігі. Шығыс Африка аймағының елдері: Бурунди (астанасы Бужумбура), Джибути (астанасы Джибути), Кения (астанасы Найроби), Комор (астанасы Морони), Мадагаскар (астанасы Антананариву), Маврикий (астанасы Порт-Луи), Мозамбик (астанасы Мапуту), Реюньон (астанасы Сен-Дени), Руанда (астанасы Кигали), Сейшельс аралдары (астанасы Виктория), Сомали (астанасы Могадишо), Судан (астанасы Хартум), Танзания (астанасы Додома), Уганда (астанасы Кампала), Эритрея (астанасы Асмэра), Эфиопия (астанасы Аддис-Абеба), Оңтүстік Судан (астанасы Джуба).
Шығыс Африка аймағының мемлекеттерінде 200-ден астам халық түрлері және 4 тіл тобы бар.
Шығыс африканың бірқатар мемлекеттері – Танзания, Кения, Уганда, Бурунди және Руанда – Шығысафрикалық ұйым деп аталатын Кедендік Одақты құрған болатын. Көптеген антропологтердің айтуы бойынша, Шығыс Африка ең алғашқы адамзат пайда болған аймақ деп есептелінеді.
Оңтүстік Африка – Африка континентінің оңтүстік бөлігін алып жатқан аймақ. Оңтүстік Африка аймағына кіретін мемлекеттер: Ботсвана (астанасы Габороне), Лесото (астанасы Масеру), Намибия (астанасы Виндхук), Свазиленд (астанасы Мбабане), Оңтүстік Африка Республикасы (астанасы Претория), Ангола (астанасы Луанда), Замбия (астанасы Лусака), Зимбабве (астанасы Хараре), Коморы (астанасы Морони), Маврикий (астанасы Порт-Луй), Мадагаскар (астанасы Антананариву), Майотта, Малави (астанасы Лилонгве), Мозамбик (астанасы Мапуту), Реюньон, Сейшель аралдары (астанасы Виктория).
Оңтүстік Африканың ауданы 6,605,628,1 км² болып табылады. Ботсвана, Лесото, Намибия, Свазиленд, Оңтүстік Африка Республикасы – осы аталған 5 мемлекет Оңтүстікафрикалық кедендік одаққа мүше болып табылады. Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығы (Комор аралдарын қопағанда) Оңтүстік Африка Мемлекеттерінің Даму Ұйымына мүше болып табылады.
Айта кететін жағдай, кей кездері Оңтүстік Африканың солтүстік шекарасы болып Кунене және Замбези өзендерін айтады.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1214 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Функциональные клавиши | | | Африканың әлеуметтік инфрақұрылымы |