Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде. | Мемлекеттік жастар саясаты. | Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар. | Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты | Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі | Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс. | ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР |


Читайте также:
  1. Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері
  2. Ерекше бөлім.
  3. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.
  4. Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
  5. Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі
  6. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

Жалпы осы кезеңдердегі кездесетін мекемелермен перспективалық жақтарына тоқталатын болсақ, онда ең алғашында осы кезеңде деген сөз астында біз жеткіншек және оның даму ерекшелігін, жасөспірім, жастықшақ яғни ересек өмірге аттағанға дейінгі кезеңді айып қараймыз.

Жеткіншек жасындағыларды және олардың психологиялық жақтарына тоқталсақ, онда бұл белгілі болғандай «қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» т.б. деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады.

Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады: бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектер ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы жағынан кеңінен өріс алады. Ал жалпы алғанда, жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз көзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.

Осы мәселені анықтауда зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен, психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әлеумет өмірінің өзіндік ерекшелігінің болуынан. Жеткіншек «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрсе келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылады, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай. Басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан балада, ал талап қою жағынан ересек.

Жеткінгектің осы сияқты қасиеті қазірде де және өткен дәуірлердің жеткіншектеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жеткіншектері үлкен адамдардың талабына оңайылықпен көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағылардың көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Біз ілгеріде өткен дәуірден бала кіші жасынан материялдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, отын не пішен жағуға) жегілетінін есеркеленбей осындай істер атқарғаны белгілі.

Жас кездегі негізгі мәселелердің бірі ретінде олардың дене құрылысы мен физиологиялық дамуына және жеткіншектің өзіне тән ерекшелігін теориялық тұрғыдан пайымдаудың дәлелденуі бала жеткіншек жасынан дене және физиологиялық жағынан үлкен өзгерістерге ұшырады. Егер бастауыш кластарда баланың денесі белгілі бір мүшелерінен біртіндеп өсетін болса, жеткіншек кезінде тез өседі. Бірақ өсуі бір мөлшермен іске аспайды. Кейде тым шапшаң, кейде баяу дамиды. Мұндай түрліше қарқынмен өсу 11-16 дейін созылады да, кейін өз қалпына келеді. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста, ұлдарда 15 кездеседі. Бұл кезде ересектердің сүйегі мен шеміршектері нығайып, бұлшық еттері күшейеді. Оның нәтижесінде 13 сандағы күш жағынан шешесінен кем емес, 15 жастағы ұлдың күші әкесінің күшіне жақындайды. Жеткіншектердің дене құрылысы онша үйлесіп жарымайды. Мұнымен қатар жеткіншіліктің қан айналыс системасы недәуір өзгерістерге ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Артериялық қан айналыс түтіктерінің диаметрі өсіп жарымайды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп алдайды да, түтіктің тесігінің көлемі (диаметрі) кішкентай болғандықтан, қанның қысымы көбейеді, сөйтіп жүрек жұмысын нашарлататын болады.

Жеткіншіліктің эндокрин системасы жағынан да біраз өзгерістерге ұшырап, гипофиздық гармондары бездердің (әсіресе жыныс бездерінің) жұмысын әсерлендіріп, жеткіншекті жыныс өміріне даяр етеді.

Жалпы алғанда, жеткіншектердің дене құрылысы мен физиологиялық қызметінде жастық ерекшелігіне орай недәуір өзгерістер кездесетіні рас болғанымен, осылардың морфологиялық және физеологиялық қызметіне тәртіп бұзуға, не үлкендердің сөзіне көнбеуге ықпалын тигізетін еш нәрсе жоқ. Бірақ осылай дәуден биологиялық факторға түкке тұрмайтын деген қорытынды шығаруға болмайды.

Қазіргі әлеумет психологиясында «қымбат нәрсені көздеу» деген термин бар, ал мұның мағынасы мынандай: әр кімнің өмірінде дене қымбат тілек, көздейтін мақсат бар. Бірақ қымбат дейтін әркімнің жанына жақын нәрсе, үнемі нәрсе отырады. Бала кезіндегі қымбат деп санамайтын қасиеттер қазір қызық емес, өзінің бұрынғы құнын жоғалтты да, оның орнына бүгін «қымбат» деп саналатын тілектер пайда болады. Сол сияқты бала кезіндегі қымбат дейтін нәрсе, жеткіншек жасына толғанда өзінің құнын жоғалтып, оның әуестігі өзге қымбат деп саналатын жаңа тілектерді өзіне бұйым етіп тілеп алады.

Соның нәтижесінде барлық балалық жас кезіне көшкен сайын оның «мен» деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мағына, мазмұнға ие болып отырады.

Бұл «мен» қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынасын, әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық, қайшылық жас кезіндегілердің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі болса деп қарауының келіспеушілігіненболғандықтан, біз осыны ілгеріде әдейі ескерткен едік.

Жас кездегілердің әрине перспективалық жақтары көп болады. Дәлірек айтқанда ол сол жастағы адамның өзінің бойында жаңа қасиеттерді тәрбиелеу, жаңа тәжірибелерге сүйену, әрбір сәт үстіндегі жағыдайда шешімді дәл және де тура қабылдауға байланысты осыдан оның болашағы, жалпы болашақтағы перспективалық дәрежесі анықталады. Қорыта келе, болашағын оның күтетін жемістері әрбір адамның әрбір өмірлік жолын дұрыс таңдау, оны дұрыс игеребілуіне қарай әрине оның перспективасы да соған байланысты болады.

Жалпы айтылатын түйін,меніңше, ол адамдар өз болашақтарын өздігінен бағыттап, бағдарлауға мүмкіншіліктері өз қолдарында.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 420 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.| Ересектер және кәрілік шақ психологиясы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)