Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ерекше бөлім.

V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы | Х Тақырыбы: Жер құқығы | ХІ. Тақырып: Қаржы құқығының түсінігі | ХII. Тақырып: Қазақстан Республикасының салық құқығы. |


Читайте также:
  1. Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері
  2. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  3. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  4. Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.
  5. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.
  6. ІV бөлім. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту тәртібі мен банктің несие қорын қалыптастыруды құқықтық реттеу.

Қолма-қол ақшасыз есептесуді құқықтық реттеу.

Банктің ақша қорларын орналастыруды құқықтық реттеу.

Валюталық операцияларды, бағалы метталлдар және тастармен жүргізілетін операцияларды құқықтық реттеу.

«Банкілік құрылымның құқықтық негіздері» институтына банкілік істі ұйымдастырудың принциптерін, банкілік мекемелердің жүйесін, банктерді құру және жоюдың тәртібі мен шарттарын, Орталық эмиссиялық банк пен екінші деңгейдегі банктердің арақатынасының сипаты мен формасын, банкті ашуға келісім беру тәртібін, банк басшыларына қойылатын талаптарды, банкілік қызметті лицензиялау тәртібін анықтайтын құқық нормалары кіреді.

Банк қызмет аясын жетілдірудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

− банк жүйесінің кешенді базалық қызмет көрсетуіне қажетті

қабілеттілігін жоғарылату;

− банктік капиталға қатысушылар ретінде шетелдік инвесторлар

мен отандық ауқатты адамдарды тарту;

− банк жүйесін тиімді жетілдіру үшін оның нормативтік- құқықтық

− базасын нарықтық талаптар мен өмір тынысына сай түзетіп отыру;

− жеке меншік салымшылардың мүдделерін бірінші кезекте

қорғау;

− қаржылық рыноктардың ойдағыдай қызмет атқаруларын

қамтамасыз ету;

− жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүргізу;

− банктік заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

− есеп айырысу жүйесінің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Банкілік қатынастар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

Банкілік қатынастардың объектісі ақша б.т. Осы сәтте екі жағдайды атап өткен жөн: біріншіден: ақша ақша-несие нарығында товар ретінде болса, екіншіден, айналымдағы ақша уақытша бос жағдайда болады. Банк салымшылардың ақшалай салымдарын қабылдап, орналастырып қана қоймайды, олардың сақталуы мен кез келген уақытта сұрағанда тауып бере алатындай еріктілік жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Банкілік қатынастардың міндетті субъектісі ақша-несие нарығында делдалдық қызмет атқаратын банк немесе банкілік емес мекеме болып табылады. Банк халықтан, шаруашылық субъектілерінен, басқа банктерден сатып алған ақша қаражаттарын сататыны белгілі. Сонымен қатар, банк есептесу процесінде делдалдық қызметтерді орындайды және сатушы мен сатып алушының арасында есептесуді жүргізу міндетін мойнына алған делдалдың пайда болуына байланысты есептесу қатынастары еріктілікке ие болады.

Банктер қарызға ақша беру, оларды жинау және бөлумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. («Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар жарлықты қараңыз).

Қорытынды:

Банкілік құқық теориясының тек қана банктерге тән негізі міндеттерін анықтау, банк және банкілік емес қаржылық мекеме тероминдерін ажырату, банкілік операцияларды іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды зерттеу, олардың сипатын, пәнін және банкілік құқықтың құқықтық реттеу әдістерін, банкілік қызмет пен банкілік құқықтың принциптерін, банкілік құқықтың жүйесін, оның құқық жүйесіндегі орны мен ролін анықтау сияқты мәселелерін қарастырады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Банк құқығының пәнін және институттарын, яғни банкілік қатынастарының мәні мен белгілері және оның ақша қатынастарының басқа түрлерінен айырмашылығын білу қажет. Банк құқығының заңдарына, нормативтік актілеріне сараптама жасай келе, банк құқығы тақырыбы бойынша тапсырмаларды және практикум есептерді орындауына көмек береді.

Қолданылған әдебиеттер:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
XIII. Тақырып: Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.| ХV Тақырыбы: Сақтандыру құқығының негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)