Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

XIII. Тақырып: Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.

IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны. | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы | Х Тақырыбы: Жер құқығы | ХІ. Тақырып: Қаржы құқығының түсінігі |


Читайте также:
  1. III. Расчёт величины экономически обоснованного тарифа и требуемой величины бюджетного финансирования для осуществления регулярных перевозок.
  2. IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
  3. V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
  4. VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
  5. XIII. Двойной подбородок
  6. XIII. Диспетчерский контроль за работой лифта
  7. XIII. Исследуйте другие безбожные душевные связи.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне түсінік беру және оның құрылымдарын сипаттау.

Жоспар:

  1. Бюджет құқығының түсінігі мен жүйесі.
  2. Бюджеттің құрылымы.
  3. Бюджеттің құқықтық реттелуі.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: бюджет тапшылығы, инвестициялық жоба, профицит, субвенция, субсидия, секвестр, дефицит.

 

Негізгі мазмұны:

Бюджет термині нормандық ескі сөзінен шыққан. Ол қалта, сөмке, былғары қап деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда «бюджет» сөзі ақша шаруашылығы деген мағынада қолданылады. Сондықтан да мемлекет бюджеті, ұйымдық бюджет және жеке адамдар немесе отбасы бюджеті деп айтылып жатады. Бюджеттік құқық қаржылық- құқықтық институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.(А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Особенная часть. Алматы, 2002г.).

Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына –пәніне мыналар жатады;

Бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;

бюджеттің шығыстарының бағытын (құрамын) анықтау;

мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;

республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы

құзыреттерін анықтау;

бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.

Бюджет – мемлекеттік заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

 

Бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.

Жергілікті бюджеттер

Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді.

Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді.

Тиісті облыстық бюджеттердің Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің әзірлену және атқарылу процесіне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының араласуына жол берілмейді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Республикалық бюджет

Тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң мыналарды: кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемдерін;

Мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесін;

Айлық жалақының зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төмен мөлшерін;

Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін;

Қазақстан республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасын;

Үкіметтік борыштың лимитін;

Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру лимитін;

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттердің сомасын;

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және ішкі бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесін;

Республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелерін;

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесін;

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы. (Бюджет жүйесі туралы Заңын қараңыз).

Бюджеттің құрылымы

Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:

түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару;

шығыстар: шығындар, кредиттер;

бюджет тапшылығы (профициті);

бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру.

Бюджеттік заңдар

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларынан, осы Заңнан, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңнан, тиісті жылға арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдерінен және бюджеттік рәсімдер мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Бюджеттік реттеу – мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттерді теңдестіру процесі. Бюджеттік реттеудің әдістеріне мыналар жатады: бюджетаралық қаржыландыру; бюджетаралық кредиттеу; жергілікті бюджеттерге реттеуші кірістер белгілеу; тұрақты бекітілген кірістер белгілеу; шығыстарды жекелеген бюджеттердің арасында бөлу.

Бюджет құқықтық реттелуі – бұл бюджет құқығының жалпы бөлімінің институты, құқықтық нормалардың жиынтығы, бюджеттің әзірленуін, қаралуын, мақұлдауын, орындалуы мен бекітілуінің тәртібін анықтайды.

Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілерімен ерекшеленеді:

бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың

атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер

жүктейді және өктем билік береді;

бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың

қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде,қаулыда көрініс табады;

бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамсыз

етуге бағытталған;

бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері

есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері.т.б.) ұшырасады;

бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға

байланысты,бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады.

Қорытынды:

Сонымен бюджет мемлекетте орталықтандырылған ақша қоры болып келеді. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағынан қаржы мәселерді шешіп отырады. Біздің елімізде бюджетті қомақты болған сайын біздің елдің әлеуметтік-экономикасының дамуына да зор әсерін тигізеді.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бюджет құқығын терең ұғыну үшін бюджет заңдылықтарын сараптап оларды түсіне білу қажет. Теориялық жағынан білімді нығайту үшін берілген тапсырмаларды орындау керек. Тапсырмаларды орындау арқылы бюджет құқығының түсінігін және заңдылықтарын қолдануға көмек береді.

Қолданылған әдебиеттер:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1226 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХII. Тақырып: Қазақстан Республикасының салық құқығы.| Ерекше бөлім.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)