Читайте также:
|
|
Мақсаты: Жер құқығының қағидаларын қарастырып және біздің елімізде жер меншігі қандай болып бөлінетінін айқындап сипаттама беру.
Жоспар:
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жер қойнауы, жер иеленуі, жерге меншік, жерге билік ету құқығы, жер пайдалану құқығы.
Негізгі мазмұны:
Совет Социалистік Республикалар Одағы ыдырағаннан кейін Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданды. Соның ішінде жерге байланысты заңдар күрт өзгеріп тәуелісіз мемлекетте жаңа жерге байланысты заңдар қабылдана бастады.
Жер құқығының пәні жер қатынастары болып келеді.
Жер құқығы құқық саласы ретінде, жер қатынастарын реттеу үшін мемлекет бекіткен нормаларының жиынтығы. (И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан» Алматы, 1999г).
Жер құқығы Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады (И.Г. Архипов авторының «Земельное право Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).
Жер құқығының қайнар көздері:
Жер құқығының қағидалары:
− Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол
сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
− Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі
мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
− Жерді ұтымды пайдалану;
− Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
− Жерді нысаналы пайдалану т.б. (Қазақстан Республикасының
«Жер кодексі» қараңыз).
Қазақстан Республикасында Жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең дәрежеде қорғалады.
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (Қазақстан Республикасының Конституциясы).
Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.
Мемлекеттік меншік құқығын іске асыру:
жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі;
өтемді немесе өтемсіз негізде тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі.
Жеке меншік құқығын іске асыру:
Егерде Жер туралы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.
Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы. (Жер кодексін қараңыз)
Қорытынды:
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. Әрбір азамат жерді пайдаланған кезде барлық нормаларды сақтап отыру керек. Заңда жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Сондықтан өз құқықтарын пайдалана біліп, міндеттерін орындай алуы керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Жер құқығын түсіну үшін оның түсінігіне, қағидаларына және маңыздылығына мән беру керек. Теориялық жағын білімді нығайту үшін жер құқығынан берілген тапсырмаларды орындап және есептерді шығару қажет. Тапсырмаларды орындау кезінде жер құқығының түсінігін және нормативтік актілерді, заңдылықтарды дұрыс қолдануға көмек береді.
Қолданылған әдебиеттер:
Алматы, 1999г.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 369 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы | | | ХІ. Тақырып: Қаржы құқығының түсінігі |