Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар

Пәнді оқытудың міндеттері | Оқу пәндерін оқытудың жоспары | Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган. | Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар | Теріні қорғайтын құралдар | Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары | Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары | Бактериологиялық қарудың индикациясы. | Химиялық әдістер. |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  4. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  5. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  6. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  7. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика

Жоспар:

-Төтенше жағдай, туындау себептері.

- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;

- техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;

- төтенше жағдай аймағы.

Тірек сөздер: төтенше жағдай, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағы.

 

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Төтенше жағдай, оның туындау себептері. Төтенше жағдай аймағы дегеніміз не?

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.

3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар: өндіріс орындарында болатын апаттар, көлік жүйесіндегі апаттар, түрлі жарылыстар мен өрттер; себептері.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 560 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия| Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)