Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу пәндерін оқытудың жоспары

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия | Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар | Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы. | Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар | Теріні қорғайтын құралдар | Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары | Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары | Бактериологиялық қарудың индикациясы. | Химиялық әдістер. |


Читайте также:
  1. Адам.Қоғам. Құқық пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  2. Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
  3. Азіргі заманғы Қазақстан тарихынан күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
  4. жұмыс оқу жоспарынан көшірме
  5. Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері
  6. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
  7. Оқу жылы) барлығы 34 сағат ,аптасына 1 сағат
Апта- лар Тақырыптар аты Сағат саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары СӨЖ тапсырмалары
       
  Төтенше жағдайда (ТЖ) тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. -«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» (ӨТҚ) пәнінің мазмұны, курстың мақсаты. - негізгі түсініктер (қауіпсіздік,қауіп-қатер,азаматтық қорғаныс, шаруашылық обьектісі, ұйым); -төтенше жағдай жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары; -төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия; -төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Дәріс – шолу - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Табиғи қауіптер.
  Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері: -Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру; -АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі; -«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы -Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері - Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Метеорологиялық қауіпті құбылыстар және олардың сипаттамасы.  
  Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар: -Төтенше жағдай, туындау себептері. - табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар; -техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар; - төтенше жағдай аймағы. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ.. Инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулар.

 

 

       
  Зақымдану ошағы: - АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы; -радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті ластану; -адамға сәуле алудың қауіпі, жануарлардағы сәулелену ауруы; -қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ), топтары, түрлері; -радиоактивтік, ҚӘУЗ-мен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ.. Генетика және аурулар.
  Төтенше жағдайлар туғызған зардаптарды бағалау: -Зақымдану ошақтарын барлау; -радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары; -зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау; - зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Тамақтану және аурулар.
  Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру: -Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері; -құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды өткізу тәсілдері мен әдістері; жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Темекі тарту, алкоголизм (ішімдікке берілу), наркомания (нашақорлық).
  ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары. -Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері; -халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары; -жарақаттар, бас жарақаттары, сүйектің сынуы алғашқы көмек; -жаралар, жаралар инфекциясы. Қанның ағуы, алғашқы көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Алғашқы көмек көрсету.

 

       
  Зілзала және оның салдарымен күрес. - жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары; Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Алғашқы көмек көрсету.
  Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау – суды, азық – түлікті, жемді ТЖ жағдайда қорғау және залалсыздандыру. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ.. Террористтік әрекет қауіпі төнгендегі халық міндеті.
  Терроризммен күресу жолдары. -Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция. -ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы. -Терроризммен күресу жолдары. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Қоғамдық ұйымдардың төтенше жағдайға дайындықтағы рөлі.
  Өсімдік және хайуанаттар уларымен уланған кездегі алғашқы көмек: -Улы саңырауқұлақтармен улану. - Өсімдік уларымен улану. - Тамақтан улану. - Хайуанаттардың уымен улану: жыланның шағуы, сонаның, араның шағуы, шаяндардың шағуы, қарақұрттың шағуы, өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы, кененің кіруі. Алғашқы көмек шаралары. Дәріс – презентация –1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Салауатты өмір салты – ҚР ұлттық саясаты.
  Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек. -Күйік, үсік шалу. Алғашқы көмек; -суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ыстық тию. Алғашқы көмек; -жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Ионизациялық сәулелер.

 

       
  Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар). 1. Туберкулез, бруцеллез. 2. Терінің паразитарлық аурулары. 3. Оба (чума), тырысқақ (холера). 4. АИТВ (ВИЧ) инфекциясы және ЖИТС (СПИД). Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Тұқым қуушылық (тектілік) және аурулар.
  ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу - Темперамент туралы жалпы ұғым. - Темперамент түрлері: холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик. - ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу. Дәріс – презентация –1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Салауатты өмір сүруді қалыптастыру.
  Салауатты өмір салтын қалыптастыру -Өмір салты және денсаулық; -денсаулық және жастардың өмір салты; -денсаулық және экология. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Аурудың туындауындағы генетикалық фактордың рөлі.
Барлығы: Дәріс - 15 сағ. Практикалық сабақ - 15 сағ. СӨЖ – 15 сағ. СОӨЖ –15сағ.

 

ГЛОССАРИЙ

Әдістемелік нұсқау: Студенттер берілген тақырыптар бойынша түсінік алу үшін терминдердің шағын түсініктемесін – глоссарий жазу.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегеніміз басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.

Шаруашылық объектісі дегеніміз өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым дегеніміз бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Дүлей зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Авария дегеніміз технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Апат дегеніміз адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзала.

Төтенше жағдай дегеніміз адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортағажәне шаруашылық жүргізуші обектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдай.

Химиялық зақымдау ошағы ҚӘУЗ - дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

Соққы толқыны негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері.

Өткір радиация ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Жердің радиоактивті ластануы — ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Электромагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы факгоры, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар

ағыны мен оң иоңдардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрді және магнитті сәулелер.

Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел.

Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

Күйік - жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы.

Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік.

Химиялық күйік -бір қатар химиялык заттардың (қатты қышқыл,

сілті), сәулелік күйік - иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болады.

Алғашқы көмек зақымданушының өмірін сақтап қала алатын, жаралану немесе аурудың асқынып кетуін және ауыртпалығынан сақтандыратын қарапайым шаралардан құралады.

Реанимация, латын сөзі, тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алуы тоқтаған, қан айналысы бұзылған жағдайда қолданылады.

Инфекция -адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп - өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.

Қауіп-қатер -ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс -әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.

Тірі қалу факторлары - төтенше жағдайдағы іс- әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін- өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін- өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

Обсервация - инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі.

Пандемия - жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы.

Ядролық қару - жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.

Салауатты өмір салты - әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесі.

Эпидемия - адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Эпизоотия - малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Эпифитотия - өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Антисептика -жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою.

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі.

Дезинфекция - адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны.

Дезинсекция - жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жою.

Дератизация -аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары.

Карантин -жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені.

Дезактивация - зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою.

Дегазация -қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру немесе жою.

Дезинфекция -сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.

Панаханалар - жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

Дозиметрлік құрал - радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

Аштық - азық - түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйі.

Стенокардия - жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрі.

Дозиметрлік құрал- радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

Акватория - белгіленген шекарасы бар су учаскесі.

Токсикомания - кейбір техникалық сұйықтарды пайдалану, ішу не тарту.

Оба (чума) - түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да берілетін ауру.

Жер сілкінісінің ошағы - сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.

Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр - гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Өндірістік авария - өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы.

Жарылыстар - қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы.

 

Дәріс конспектілері:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 268 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәнді оқытудың міндеттері| Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)