Читайте также:
|
|
Музыканы көркем орындау дегеніміз- бұл айқындық, қарапайымдылық, дәлдік. Бұл орайда балаларды қажетті эмоцияналды әсерленуден айыратын оңайлату мен бұрмалаудың әр алуан түрлеріне жол беруге болмайды. Өйткені, вокальдық және аспаптық шығармаларды мектеп жасына дейнгі балалар тыңдайды, олай болса, дыбысы және ырғағы орташа ал үні табиғи әрі биязы болу маңызды.
Педагогтың музыка жайлы сөздері қысқа, айқын, бейнелі, шығарма мазмұнының сипатына, музыкалық айқындылықтың құралдар болуға бағытталуы тиісті. Дыбысты сезімталдықпен түйсінуді музыка және оның ерекшеіктері жайлы қажетсіз әңгімелермен ауыстырмау керек. Балаларды музыканың дауысы,тым жоғары бәсең, тез, т.б. секілді жасанды жауапқа итермелейтін әнгімелердің ешбір педагогикалық мән-мағынасы жоқ деуге болады. Алайда, ән мен пьесаны тыңдау алдында жетекшінің бағыт беруші сөздері артық болмайды.
Педагог сөзі музыкалық құралдар арқылы берілген сезім мен көңіл күйді ұғындыруы әрі ашып көрсетуі тиіс. Тіпті педагог дауысы түсіндіруі кезінде шығарма сипатына қарай эмоционалды түрде құбылып отырады. Бесік жыры жайлы ыстық ықыласпен, мейірлене, ал мерекелік, салтанатты марштар туралы қуанышты көтеріңкі леппен, би жөніндегі көңілді, ойнақы түрде айтылады.
Сөзбен жетекшілік етудің формалары: қысқа әңгімелер, түсіндірулер, сұрақтар қою сияқты әр түрлі болып келеді. Оларды пайдалану нақты тәрбиелік және оқу міндеттеріне, музыкалық шығарманың түріне (вокальды,аспаптық,) танысу сәтіне (алғаш рет немесе қайталап тыңдау,) шығарманың жанры мен сипатына, кішкентай тыңдаушылардың жасына байланысты.
Балалардың назарын вокальды музыканы түйсінуге аудара отырып, педагог музыкалық және поэтикалық текстің бірлігіне сүйеніп әңгіме жүргізеді. Аспаптық музыканы таныстыра келе, ол жалпыға тән шағын түсініктеме береді. Егер пьеса бағдарламасы, яғни шығарманың аты көрсетілген мәселе, П.Чайковскийдің «Ағаштан жасалынған кішкентай солдаттар маршы» («Марш деревянных солдатиков») болса, педагог оны бірінші рет орындай отырып: «Музыка таза, жеңіл ойналады, өйткені солдаттар кішкентай жақындағанда музыка дыбысының күшейтіліп, алыстағанда бәсеңдейтініне назар аударады.
Балалармен өткізілетін сабақтардағы педагогтың түсіндірмесі шектеулі, қысқа ол негізгі образға бағытталған. «Музыка көңілді, биге арналған біздің қуыршағымызда көңілдене билейді».-дейді педагог халықтық би әуенін орындай отырып немесе«Кеше бәріміз бірге қыдырып жүріп құстардың сайрағанын естідік. Олар қалай сайрап, қалай шықылықтап еді?» деп еске салады. Балалар жауап береді. Педагог: «Мен де сендерге құстар жайлы ән салдып беремін». Мұнан кеій музыканың бейнелеуші сипатын балалардың сезінуі үшін, педагог М.Раухвердің «Шымшық» («Птичка») әнін әуелі фортепианомен сүймелдейді, соңынан бүкіл әнді орындайды.
Бұдан біз балалар бақшасындағы кіші топтардың репертуарындағы әндердің музыкалық кіріспесі мен қорытындысын көбінесе бейнелеуші сипатта болып келетінін білеміз. Музыка сүймелдеуі арқылы берілетін педагогтың қысқаша түсіндірмесі балалардың көркем образды сезінуіне көмектеседі,
Педагогтың көркем музыкалық мысалға сүйене отырып жасаған түсініктемесі әтештің, құстың, кішкене барабаншының образын беретін фортепианолық баяндаудың ерекшелігіне балалардың назарын аударады.
Мектепке дейінгі орта, әсіресе ересек балалармен жұмыс жүргізгенде әңгімелесу анағұрлым кең сипатта болып, көркем образдың дамуына назар аударылады, музыкалық құралдардың айқындаушы міндеті түсіндіріледі. Мысал ретінде П.Чайковскийдің «Камаринская» песьасын қарастыралық. Пьеса мейлінше әсерлі,ол біртіндеп күшейіп барып, кілт үзіліп аяқталатын орыстың жігерлі биінің сипатын айқын көрсетеді. Дыбыс күшейіп барып,қайта бәсеңдейді. Әңгіме кезінде халық аспаптарының үнін құлаққа жағымды ететін музыканың бейнелеуші сипатын айтуға болады. Әуелгі вариацияда сыбызғы ойналады, келесісінде оған балалайка, ал онан кейін гармоника қосылады.
Әңгіме жекеленген вариация, музыкалық фразалар мен қатар жүргізіледі. Музыка даму формасында ұғылыады, балалар «музыка тілін» сезініп,түсіне бастайды.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Музыка тыңдаудың репертуары | | | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. |