Читайте также:
|
|
Музыкалық тәрбие әдістері педагогтың баланы жалпы музыкалық-эстетикалық дамытуға бағытталған қимылдары ретінде анықталады.Ол әдістер ересек адам мен бала арасындағы белсенді іс-қимылдарға негізделіп құрылады.Бұл күрделі педагогикалық процесте балалардың өз қажеттерін, ынта-талабы мен тәжірибесін ескере отырып,қызметін ұйымдастырушы-үлкендер жетекші роль атқарады.Бұл әдістер музыкаға эстетикалық көзқарасты,эмоциялық әсер алғыштықты, музыка қабылдағыштықты, оны бағалай білуді,бейнелі орындауды жетілдіруге бағытталған.Осының бәрі мектеп жасына дейінгі баланың жасына қарай өзгеріп отыратын жалпы музыкашылдығының әр түрлі сәттерінде кездеседі.Сонысына қарай тәрбие әдістерінің де өзгеріп отыруы тиіс.
Тәрбие әдістері алуан түрлі болып келеді. Олар нақты оқу міндеттеріне, музыкалық қызметтің әр түрінің сипатына, жағдайына, информация көздеріне және т.б. байланысты.Әдістерге дәл классификация беру қиын.Сондықтан советтік педагогика теориясында негізгілері болып табылатын:а)сендіру,б) үйрету,жаттықтыру әдістеріне тоқталайық.
Музыкалық құралдар мен сендіру әдісі Алдымен, бөбекті музыкалық
өнер құралдары арқылы тәрбиелей отырып, сендіру әдісін қалай қолдануға болатынын қарастырайық.Бұл жағдайдағы тәрбие процесі-музыкамен тікелей айналысу.Оның орындалуы жеткілікті дәрежеде жарқын, жігерлі және мәнерлі орындалуы тиіс. Сонда барып балалардың эмоциялық әсерін, эстетикалық тебіренісін туғызуға, сөйтіп, қажетті педагогикалық нәтижеге жетуге болады.Оған қоса, музыканы әсерлі орындау музыкалық шығарманың ерекшеліктерін тыңдаушыға жеткізудің қажетті шарты болып табылады.
Шығарма орындалуының әсерлі, жеңіл болуы үшін оны жақсы білу керек, оның мазмұнын іштей терең қорытып, сипатын ұғу,сарынын сезіну қажет.Бұған шығарманы алдын ала әлденеше рет ойнау процесінде қалыптасуға болады. Композитор Б.В.Асафьев: «Оны есту –түсіну деген сөз» дейді. Шығарманы түсініп орындау балаларға үлкен ықпал жасайды, түрлі сезімдер туғызады,әсерлерге бөлейді.Мәселен: Е.Тиличеваның кең тынысты ірі салтанатты шығатын «Біздің Отанымыз» әнін, орыстың көңілді халық әні «Ах, вы, сениді»және С.Майкапардың жеңіл әрі тартымды «Көбелек» («Мотылек») пьесасын бір-бірімен салыстырып көріңіздерші.
Бала музыканың не жайлы баяндайтындығын, оның құлаққа жағымдылығын түсіне білуі керек, содан соң барып ән айтуға,билеуге т.б. қойылатын талаптарды орындауға кірісуіне болады.Эстетикалық сезімнің эмоция мен сананың біртұтастығынан туатыны белгілі.Сондықтан сендіру ісін тек музыка ықпалы ғана емес, сонымен қатар ықыласты осы мақсатқа аудару,шығарманың тақырыбын,мазмұнын,бейнелеуші музыкалық құралдарын түсіндіру жолымен де жүргізу керек.
Музыка-«сезімдер тілі».Ол толғандырады, белгілі бір көңіл күйге бөлейді,жауап пікір туғызады,ойландырады.Сондықтан баяндау,айту арқылы балалардың көңіл күйлерін,әсерлендіру керек.Бірақ бұл тұста музыканы әркімнің өзінше түсінетінін ұмытпаған жөн.Мәселен,балалар өздері тақырыбын әзір білмейтін П.Чайковскийдің «Бозторғай әнін» тындағанда даярлықтары бірдей болса да әрқайсысы әр түрлі тебіреніп, әр түрлі ойға кетеді.Біреулерінің көз алдында табиғат көріністері,құстар елестеуі мүмкін, өзгелері музыканың «ақырын, жеңіл, нәзік» сияқты құбылыстарын көз алдына әкеліп,аса бір жылы сезімдерге бөленеді.Педагог сөзбен түсіндіру арқылы балалардың ойлары мен толғаныстарын ортақтандырып,назарларын шығармада шырылдаған бозторғайдың образын жасап тұрған музыкалық бейнелеу құралдарының ерекшеліктеріне аударуы тиіс.
Үйрету, жаттықтыру әдісі. Енді жаттықтыруды балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың әдісі ретінде қарастырайық.Музыкаға эстетикалық көзқарасты дамыту,оған қызықтыру,дыбыстық образдармен байланыс жасау қажеттігін туғызу үшін балаларды белсенді болуға, салатын музыка үнінің өзіне тән ерекшеліктерін ырғақтың өзгешеліктерін айырып салыстыруға, нюанстарын аңғара білуге үйрету керек.Бұл жұмыс күнбе-күн,жылма-жыл үздіксіз жүргізіледі. Қабылдау мен орындаудың алғашқы дағдыларын меңгеру әсемдік сезімін байытып инициативаны енді өз бетінше орындауға деген ынта ықылас арттырады.
Белгілі педагог Сухомлинский сезімдерді тәрбиелеудің қиыншылықтары туралы(оның ішінде эстетикалық сезімде) айта келіп,кейде бала жүрегінің лүпілдеп оянуын,әсемдік сезіміне бөлену сәтін жылдар бойы күту керектігін атап өткенде былай деп жазған еді: «Тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бейнелеп айтсақ, музыканың қалай туатынын әркімге сездіру үшін, әрбір баланың қолына скрипка ұстату болып табылады».
Бүлдіршіндерді дағдыландыра отырып, тәрбиеші күн сайын көп күш-жігер жұмсайды, төзімділік, табандылық көрсетеді.Егер бала «өз скрипкасын» қолына алса, онда педагогтың оны келешекте қайырымды, елгезек,шығармашылық белсенді адам болуына көмектесе отырып,музыка әлеміне, ой сезімдер әлеміне әкеліп енгізді деген сөз.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1363 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | | | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы |