Читайте также: |
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Музыка тыңдау қызмет түрінде кіші топ балаларымен музыка тыңдауда есте сақтау және талғампаздығы, есту сезімімен дыбыстар биіктігінің шығармашылығын асыра білетінін, қабілетін дамытудағы білімділігін оқыту.
Дамытушылығы: Музыка тыңдау қызмет түрінде балаларды жүйелі түрде дағдыландыруға қалыптастыруға үйрету. Әдістемелік тәсілдерді меңгеру дамытушылығы.
Тәрбиелілігі: Музыкалық шығарманы бейнелі орындалуын мұғалімнің көркем образға, көзқарасын білдіретін дауыс интоннациясының тартымдылығымен жылылығы, музыка тыңдауды ұйымдастыруда әдістің негізі болып табылады.Баланың музыкаға деген қызығушылығын арттыру үшін, балалар назарын аударуда жеке- жеке орындау мәнін оқыту.
Аралас сабақ
Дәстүрлі
Көрнекілігі:магнитофон, аспаптар;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру;
2. Жаңа тақырып;
3. Үй тапсырмасын сұрау;
4. Бағалау;
5. Үйге тапсырма;
Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
Оқытудың міндеттері мен мазмұны
Бұл жаста балалар тыңдаудан аздап тәжірибе жинақтайды, оның өзі олардың түйсігін қалыптастырудың жаңа міндеттерін жүктейді. Бірінші кіші топта музыканы зер сала тыңдау шығарма орындалып жатқан кезде әңгімелеспеуді, оған ескертпе жасап, дауыстамау үйретіледі. Екінші кіші топтағылар шағын музыкалық шығармаларды алаңдамай ақырына дейін ден қойып тыңдай білуі тиіс.
Балалардың музыкалық ұғымын қалыптастыра отырып. Педагог олардың жекелеген музыкалық шығармаларды көңілге түйіп, қайта орындалғанда оны тани білетіндей дәрежеге жеткізуге ұмтылады. Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыта отырып, ол белгілі мазмұны мен ережесі бар музыкалық-дидактикалық ойындарды енгізеді. Олардың негізінде: музыкалық дыбыстың биіктігі ұзақтығы, динамикасы мен тембрі секілді сан алуан қасиеттерді игеруге бағытталған оқу міндеттері бар. Мәселен, тәрбиеші балаларға арналған әр түрлі аспаптар мен ойыншықтарды таңдай отырып, бірінші сәбилер топтың балаларына соларда ойнауды әрі неде ойнап отырғанын білуді дыбыстың бәсең және қатты шығу дәрежесін салыстыруды ұсынады.
Екінші сәбилер тобында бала қабілетін дамытуға қажетті музыкалық-дидактикалық ойындар біршама күрделене түседі. Мұнда енді дыбыстарды айыру ғана емес, сонымен қатар оларды дыбыстай білу міндеті де қойылады. «Ненің үйшігі» ойынында педагог мысықтың (төменгі дауыс) немесе бала мысықтың (жоғары дауыс) қалай мияулайтынын көрсетуді ұсынады.
«Бәсең және қатты дыбыстар» ойынында балалар музыкаға орай сылдырауықтарын сылдырлатып, белгілі ырғаққа ілесіп,қуыршақпен билейді, жүреді, музыкалық аспаптардың дыбысын тембрі бойынша табады.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 936 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | | | Методикалық тәсілдер |