Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Музыка тыңдаудың репертуары

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті. | Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері. | Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  6. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  7. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.

Тыңдауға арналған репертуардың маңызды ерекшеліктері мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктерінің идеялық және тақырыптық бағыттылығы,жанырының алуан түрлі болуы.

Көркемдік және тыңдауға арналған балалар музыкалық шығармаларының ерекшелік қасиеттері.Белгілі бір ізділікпен іріктеліп алынған репертуар айналадағыларға эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу міндеттеріне жауап береді. Сондықтан әр түрлі жас тобындағы балаларды қандай музыкамен таныстыру керектігінің, мұндай жағдайда кандай сезімдердің тәрбиеленетіндігінің өзіндік мазмұны бар. Музыкалық образды күрделендіру,оларды мәнерлендіру құралдарының түрленуінің ерекше мәні бар. Репетруарға классиктердің шығармалыры,қазіргі кездегі халық музыкалары енгізіледі. Олар музыкалық тілінің өзгешелігімен, сондай-ақ жанырлық белгілерімен, компазитордың жеке қолтаңбасымен ерекшеленеді.

Бала музыканы көркем образға белсене үн қатуымен тікелей қабылдайды, сондықтан шығарманың шындықты шынайы да реалистік тұрғыдан бейнелеуінің маңызы зор. Музыка зерттеушісі И.Нестьевтің айтуынша музыкалық образдарға нәр беруші қайнар көз табиғаттың реальды дыбыстары, адамдар сөзінің ырғағы болып табылады. Солардың негізінде пайда болған шығармаларды балалар өте жақсы көреді. Ол П.Чайковский «Бозторғай әнін» («Песня жаворонка»), Э.Гритің «Шымшық»(«Птичка») әндерінін олардың дыбыс шығаруын өздерінің табиғаттан байқағандарымен салыстыру үшін зор ынтамен тыңдайды. Балалар үшін Д.Кабалевскийдің («барабаншы») пьесасындағы және М.Красевтің осы аттас әніндегі оларға таныс аспаптардың ырғағы өте тартымды. Алайда тыңдауға арналған музыканы тек қана бейнелеу сипатындағы шығармалар деп қарау дұрыс болмас еді.

Тыңдауға арналған репертуар әсерләгә әр түрлі, жалпы эмоцияляғы сергек те шат шығармаларды қамтиды. Үйрену процесінде балалар әсерлерге молығады, олардың ой-өрісін жақсы өскен сайын кеңейе түседі. Тіпті лирикалық бір жанырдың көлемінде балалар тобындағы мектепке дейінгі жастағылар П.Чайковскийдің қайғылы жабырқаңқы болып келетін «Қуыршақтың ауруымен» («болезнь куклы») сипаты жағынан ойға құрылған.С.Прокофьевтің «Шабындық көгінде ай жылжып барады» («Ходит месяц над лугами») пьесасымен, Д.Кабалевскийдің жарқын да жайлы вальсімен танысады.

Балалар чехтың халық әні «Үш шымшық»,(«Три синички») мордав халық әні «Адамдар жұмыс істеп жатыр» («Люди работают»),Д.Кабалевский «Клоундар» пьесасынан юморды түсінеді. Би жанырынан көңілді, екпінді келетін П.Чайковскийдің «Камаринскаясын», Н.Левидтің «жатақ қимылды вальсін» ажырата алады.

Балдырғандардың алғашқы музыкалық әсерлерінің бағалы бастауы-халық әуендері, жақын, туыстас дауыс ырғақтары. Біздің еліміздің барлық республикаларында балаларға арналған халық әндерінің,билерінің жинақтары басылып шығарылды. Солардың ішінен музыканы тыңдауға арналған репертуарға балаларға жақын образдарды жеңіл мәнерлі әндермен беретіндері енгізіледі. Мысалы,сүйкімді, әуезді бесік жыры сипатындағы қазақтың халық әндері «Әлди-әлди, әлди- ай», («Ұзақ ұшып барады»)(«Летит галка») немесе ең кішкентайларға арналған жеңіл қимылды, ойындық өлеңдер- «Әтеш», «Алақан соғу». Сондай-ақ әдеби тексті бастапқыда табиғатқа жақын, поэзиялық образдарға арналған, одан әрі балалардың түсінігіне ауыр оқиғалар туралы баяндайтын өлеңдер пайдаланады.

Мұндай жағдайларда өлеңдердің бастапқы шумақтары ғана пайдаланады: («Айдалада қайың тұр», («Во поле береза стояла»), «Жерім менің-Қара топырағым», «Шәңгіш тал», «Менің бағымда». Бөбек кезеңінен бастап баланың бойында жақсы қуаныш сезімін әкелетін халықтық би әуендерінің алатын орны ерекше. Бұл қазақтың халықтың өлеңдері- «Емен ағаш түбінен», «Ақ қайыңның әдемісі-ай» «Дәл біздің қақпаның алдындай» («Барар ма екем, бармас па екем») белорустың («Бульбасы»,украйнаның «Гопагы» және де басқада ұлттардың билері мен әндері.

Орыс классиктерінің балаларға арнап жазған музыкасының көркемдік құндылығы айтарлықтай. Мысалы, П.Чайковскийдің «Балалар альбомы» («Детский альбом»). Бұл жинақтың көптеген шығармаларының тақырыбы, музыкалық- образдық құрылымы жағынан мектепке дейінгілерге соншалықты жақын, түсінікті.

Оларда балалар өмірінің көрінісі, көңілді ойындар берілген-«Ағаштан жасалған кішкентай солдаттар маршы» («Марш деревянных солдатиков»), «Ат болып ойна» («Игра в лошадки»), «Жаңа қуыршақ», («Новая кукла»); ертегілік сюжеттер-«Мыстан кемпір» («Баба Яга»), «Әжемнің ертегісі» («Нянинка сказка»), би музыкасы-«Вальс», «Мазурка», «Полька», «Орыс биі»; «Боз торғай әні» пьесасында табиғаттың әсем көрнісі.

Би жанырындағы классикалық пьесалар қызықты және алуан түрлі.М.Глиниканың«Балалар полькасы», П.Чайковскийдің «Аққу көлі»(«Лебединое озеро») балетінен үзінділіер, Н.Римский Корсаковтың «Салтан патша туралы ертегісі» операсынан фрагменттер («Бесік жыры –«Колыбельная»,(«Теңіз»-«Море»,(«Ақ тиін»-«Белка», С.Рахманиовтың «Полькасы», А.Глазуновтың «Галопы» және басқалар.

Батыс классиктерінің шығармаларын бағдарламалық репертуарға енгізлгенде Э.Гритің «Шымшығы», Р.Шуманның «Ер жүрек шабандозы» («Смелый наездник»), Ф Шуберттің марштары және тағы басқалар.

Сондай-ақ шығармашылықта балалармен жас өспірімдерге арнап жазған музыкалары лайықты орын алатын композиторларының шығармаларына көп көңіл бөлінген.Солардың ішінде С.Прокофьев, Д.Шостакович, Д.Кабалевский, Ан.Александров бар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық дамыту үшін, негізінен музыканың екі түрі пайдаланылады: аспаптық және вокальдық. Бөбектік жастағылар үшін дыбыс шығарудың вокальдық түрі көбірек түсінікті. Сонымен қатар әндегі музыкалық кіріспе, сүймелдеу және қорытынды баланы балалар бақшасының ересек балалары топтарында жиі қолданылатын аспаптық пьесаларды қабылдай білуге жақындатады.

Балалар аспаптық музыканың көмегімен табиғат құбылыстарын, құстарды, жануарларды, әр түрлі қызықты кейіпкерлерді сипаттайтын көркем образдар әлемін таниды.Жасөспірімдерді тек батыс және орыс композиторларымен ғана емес Ұлтымыздың Ұлы Құрманғазы Дина, Тлендиев сынды күйші композиторларымызбен бірге Б.Байқадамов,А. Жұбанов,Л.Хамиди тағы басқа көптеген балалар композитор шығармаларымен әндерін музыкалық сабақтарға осы заманда қолданып келеміз.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 998 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Музыка тыңдаудың бағдарламасы| Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)