Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Методикалық тәсілдер

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті. | Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері. | Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. Заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән ...
  2. Методикалық тәсілдер
  3. Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
  4. Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы

Музыка шығарманың бейнелі орындалуы, педагогтың көркем образға көзқарасын білдіретін дауыс интонациясының жылылығы мен тартмдылығы – музыка тыңдауды ұйымдастыру әдісінің негізі болып табылады.

Осымен қатар үш жастағы балалармен жұмыс жүргізгенде оларды музыкаға қызықтыратын көрнекі тәсілдерді, яғни ойыншықты қолданған жөн. Музыканы тыңдай отырып, онда айтылатын ойыншықты көзбен көру балаларды үлкен ризашылық сезіміне бөлейді. Образды көру арқылы қабылдау орындалған әнді түсінуге, оны сақтауға мүмкіндік туғызады. Осы мақсатпен қуыршақ театрының кейіпкерлері де пайдаланылады, сол кейіпкерлердің көмегі арқылы шығарманың мазмұны сахнаға лайықтанылады.

Сондай-ақ, педагогқа қысқаша түсіндірмелер де жәрдемдеседі. Мәселен, балаларды Т. Попатенконың «Мерекелік» әнімен таныстыра отырып, музыкалық жетекші онда жақында мерекенің басталатыны бала бақшаның безендірілетіні сәнді киінген балалар мен үлкендердің жалаушалармен, гүлдермен келетіндігі кешке салют оттарының атылатыны жайлы айтылатынын түсіндіреді. Эмоционалды тон кішкентайларды таныс сөздерді ұғынып әндерді ықыласпен тыңдауға қызықтырып, баулиды. Ән екі-үш рет орындалған соң педагог оның атын қайталап айтады.

Сабақ процесінде балалар нендей шығарманы орындалып жатқанын, қандай музыка екенін, оны қашан білу қажеттігінен хабардар болады.

Екінші сәбилер тобындағы әр алуан музыкалық репертуар баланы музыкаға қызықтыруға, оны қуанышты әсерге жетелеп, қуаттап отыруға көмектеседі. Бұған негізінен музыкалық жетекшінің барлық мәнерлі орындауы ықпал жасайды.

Бұл жаста да ойыншықтар баланың шығармаға деген қызығушылығын туғызатын көрнекі құрал ретінде мәнін жоймайды.

Музыканы игеруге, сондай-ақ, педагогтың қысқаша түсіндірмесі де көмектеседі. Мәселен, жаңа әнмен таныстыру кезінде педагог балалардың назарын музыканың сипатына аударады, неғұрлым айқын көркемдік жақтарын көрсетеді.

Келесі сабақта қайта тыңдау кезінде педагог балалардан жаңадан қандай ән тыңдағандарын, ол естерінде ме екенін сұрайды. Егер балалар оған жауап бере алмаса ән қайта орындалады.

Қайталау сабақтарында музыкалық пьесаның игерілуі қайта пысықталынады. Бұған ойын тәсілдері мүмкіндік тудырады. Музыкалық қабылдауды шыңдай түсетін бұл тәсілдер әрі қарай қолданылмайды. Балалар өздеріне таныс музыканың атын біле отырып тыңдайды.

Сабақтарда, сондай-ақ дидактикалық ойындармен алғашқы танысу ісі жүргізіледі. Жетекші негізгі оқу міндетіне назар аударта отырып мәселен, музыкалық дыбыстың өзіндік қасиеттерін салыстыра қою, ол ойындарды балалармен қатар металлофонда немесе басқа музыкалық аспапта балалардың бос уақытында қайтала орындап береді.

Жыл аяғына қарай балалар онша күрделі емес әндер мен пьесаларды ықыласпен қызыға тыңдауға, таныс әндер образдарды біліп, оларды аауға тиіс.

Баланың музыкалық жетілу дәрежесін анықтай отырып, педагог балаларға таныс ән мен пьесаны білуді, лайықты ойыншықты таңдай алуды, би әуеніне не бесік жырына орай қуыршақтың не істей алатыны көрсетуді, музыкалық-дидактикалық ойында тапсырманы дәл орындауды ұсынады.

 

 

9. Сабақтың тақырыбы:Балабақшадғы орта топтарға музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.

Сабақтың мақсаты: Орта топтардағы балаларды музыка тыңдауға үйретуде балаларды музыклық шығармаларымен тыңдауға дағдыландыру арқылы оларды ұлт мәдениетімен сусындату арқылы қабілеттерін дамыту.

Білімділігі: Орта топта балалардың музыканы қабылдау қабілетімен таныстыру.

Дамытушылығы:Топ репертуармен әуезді тыңдау процесіндегі тәрбиелік міндеттерімен бағдарлама мазмұнымен таныстыру.

Тәрбиелігі: Балаларға әуезді тыңдату жұмысының түрлері:сабақтар, концерт,грам жазбаны тыңдату арқылы тыңдау қызметіне тәрбиелеу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 419 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.| Методикалық тәсілдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)