Читайте также:
|
|
« Музыкатыңдау » бөлімі бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу бағдарламасының алдына нақты міндеттер қойылған: балалардың қабылдауына жеңіл, осы заманғы классикалық, халықтық музыканың көркем үлгілерімен таныстыру;
Балалардың музыкалық қабылдаушылығын, музыкада берілген сезімге әсерлене отырып, жауап беру қабілетін дамыту;
Музыка жайында бастапқы мағлұматтар беру,музыкалық шығармаларды есте сақтай білуге,олардың мазмұнын,сипатын, мәнерлік құралдарын ажырата білуге жеткізу,баға беру көзқарасын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жаста музыка мәдениетінің қарапайым негізін қалаумен бірге балардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің өте шектеулі екенін ескеру керек.
Балдырғандар өмірінің бірінші, екінші жылында жалпы көңіл күйді, музыка сипатын ажырата біледі,сондықтан оның эмоциялық мазмұнын қабылдай алады.
Балалар бақшасының сәби топтарында балар зейіндерінің тұрақсыз болуына қарамастан өзінің образдылығы жағынан айқын ашық шығармаларды, әсіресе әндерді жақсы қабылдайды.
Ән салушы даусының мәнерлі ырғағы, әншінің мимикасы оларды өзіне баурап алады. Бұл жасқа сезімнің сыртқа шыққан көрінісі тән- секіру, қол соғу кезінде көрінетін таңдану,шаттану қимылдары. Алайда музыка арқылы келетін сезім оңай пайда болып оңай жоғалады.
Төрт-бес жастағы балалар да кейбір эмоциялық тұрақтылық болады, олар кейде секірме би әуендеріне тез еліктеп, қызулы және көңілді түрде жауап қайтара біледі. Жеңіл қимыл сипатында келетін шығармалар оларда байсалдылық жағдай туғызады. Шығарманың мазмұнын білуге деген ынта пайда болды, музыканың не туралы айтып тұрғанын білуге құмартуға байланысты сұраулар туындайды. Музыкалық естің жекеленген көрнісі, әнді немесе пьсаның тыңдау соңында одан алған әсерлері туралы айтуға ынта білдірушілік байқалады бастайды.
5-7 жастағы балаларда дамыған ес, бір нәрсеге ойды шоғырландыру, музыканы тұтас қалпында ұғып алу қабілеті жеткілікті болады. Олардың музыкалық әуесқойлығы,қызығуы сапалы түрде және жақсы көретін шығармаларын бірнеше рет тыңдау қажеттігінен байқалады. Сондай-ақ белгілі бақылағыштығы байқалады. Балалар музыканың жалпы күйін сезінуге және көркем образдың дамуын қадағалауға бейім келеді. Олар жекеленген ең мәнерлі музыкалық құралды белгілейді және өзіне тән,өзіндік анықтамаларды табады: «Қай музыка ақырын,ауыр» (В.Ребиковтың «Аю» («медведь») пьесасы туралы). Балалар шынайы өмірдің жекелеген құбылыстарын музыкадан қабылдап алған әсерлерімен салыстыра алды. Мысалы, Д.Кабалевскийдің «Атты әскерлерін»(«Кавалеристы») тыңдап болған соң бір бала өздері сондай ер жүрек әрі батыл. Музыка олар туралы дұрыс әңгімелейді. Мен де сондай ер жүрек боламын».
Бағдарламаның мазмұны үш негізгі элементті қамтиды:
Музыкалық шығармалармен таныстыру,оларды сүйе,есте сақтай білуге, музыкалық әсерлерді жинақтай білуге тәрбиелеу.
Музыка туралы алғашқы мәліметтер, есту әсерлерін жинақтау процесінде музыкалық талғамға тәрбиелеу;
Осы үш бағытты мүмкіндігінше толығырақ қарастырып көрейік.
Музыка тыңдау жөніндегі бағдарлама нақты ойластырылған жүйе негізінде құрылады. Ол музыкалық образдар біртіндеп қиындатылатын шығармалардан тұрады, музыкадан берілген сезімдер, күңіл күйлері алуан түрлі болып, өмір құбылыстарының шеңдері кеңейе түседі. Оған балалар бақшасының әр түрлі жастығы топтарда музыканы тыңдауға ұсынылған репетуарға талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады. Бағдарламаны толықтай орындау нәтижесінде балалардың бойында музыкалық ес дамиды, оларға сүйікті шығармаларын өздігінен еске түсіруге мүмкіндік беретін муузыкалық әсерлер қоры жиналады.
Қабылдау мәдениетінің дағдылары балалардың түсінігіне сай келетін музыкаларды бірнеше рет тыңдау жолымен қалыптасады. Бөбектік шақта музыкалық дыбыстарға көңіл қоюшылығы дамиды. 3-4 жаста балаларды әнді не пьесаны басқа ештеңеге алаңдамай аяғына дейін тыңдап шығуға үйретеді. Ересек балалар тобындағы балаларда бұл дағдылар толыға түседі, тұрақты есту ықпалы қалыптасады. Бұл жағдай баланың музыканың ықпал етушілік күшін бастан кешіріп, музыканың сапалы түрде түсіне алатынын білдіреді.Одан ересегірек жаста дағдыларының арқасында музыканың белсенді тыңдаушысы болады.
Мектепке дейінгі жаста музыкалық талғамның элементтері есту дағдылары және эмоциялық әсерлері негізінде пайда болуы мүмкін.
Балалар бақшасында болуының соңында бала шығарманы тұтас, оның жекеленген бөлімдерін, қайырмасын, аяқталуын білетін болады.
Өзіне таныс музыкалық шығармалар қоры арқылы ол олардың түрлерін, әрқайысына тән ерекшеліктерін (марш, секірме,би, бесік жыры)ажырата алады. Оның бойында әннің, песьаның мазмұны,олардың түрі (кіріспесі, аяқталуы,басталы,қайырмасы, бөлімі), барынша айқын мәнерлік құралдар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасады.
Сондай-ақ балар музыканы жасаушылар: композиторлар классиктер (М. Глинка,П.Чайковский) осы заманғы авторлар (М.Красев, Д.Кабалевский, Е.Тиличев), халық шығармасы туралы алғашқы мағлұматтар алады, түрлі музыкалық аспаптар (рояль, баян, скрипка) ерекшеліктерімен танысады.
Музыканы не жайында айтатын білуге құмарту балаларды оның дыбыстарын тыңдауға, түрлі ерекшеліктерін салыстыруға мәжбүр етеді. Мысалы, көңілді, секірме би сазына жылдам қарқын, жоғары дыбыс,жігерлі ырғақ тән болса, бір қалыпты әуенге- дыбыстың сабырлы шығуы, қимылдың баяу болуы тән және т.б. Балаларда ән текстінің мазмұны музыкамен байланысты, көркем образды толығырақ сезіну мүмкіндігі пайда болады.
Музыкны тыңдаудың бағдарламалық талаптарын жүйелі түрде орындау –мектепке дейінгі баланың үйлесімді дамуына қол жеткізеді.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1121 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Музыка тыңдау - қызмет түрі | | | Музыка тыңдаудың репертуары |