Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.

Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  4. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  5. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  6. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  7. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика

Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.Жастың өсу сатыларындағы өзгерістерді ескере отырып,музыкалық қызметті баланың ең жас шағына бастап дұрыс ұйымдастырып,бағытқа салу-педагогтың міндеті.Өйтпеген күнде дамуда кенжелеп қалушылық болатыны байқалады.Мәселен,балаларды музыкалық дыбыстарды биіктігіне қарай айыра білуге үйретпесе,ондай балалар 7 жасқа толғанша өзінен кіші бала әлде қайда оңай орындайтын тапсырманы орындай алмайды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері мыналар:есту сезімі,музыкалық есту қабілеті;

әр түрлі сипаттағы музыкадан эмоциялық әсер алғыштығының сапасы мен деңгейі;

ән айту,музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары,қимылдары;

жас жағынан дамудың жалпытенденцияларына тоқталайық.

Бір жасқа аяқ басқанда. Психологтар балалардың есту сезімінің ерте пайда болатынын айтады.А.А.Люблинскаяның деректері бойынша,еәресте туғаннан кейінгі 10-12 күнде –ақ дыбысқа елеңдей бастайды.Екінші айда нәресте дыбысты,скрипка үнін естігенде тыныштала қалады да,тыңдайды.4-5 айда кейбір музыкалық дыбыстарды саралауға бейімделе бастағаны байқалады:нәресте дыбыстың қай жерден шыққаның аңғарып,әндеткен дауыстың рғақтарына құлақ түреді.Дұрыс дамып келе жатқан нәресте алғашқы айдан-ақ музыканың сипатына қозғалыс комплексі деп аталатын қимылмен жауап береді,қуанады немесе тынышталады.

Екі жасқа аяқ басқанда. Музыканы қабылдағанда балалар жақын контрасты эмоцилар көрсетеді:көңілді жадыраушылық немесе сабырлы күй танытады.Есту түйсіктері едәуір сараланған болады:бала жоғары немесе төмен дыбыстарды,қатты және бәсең үнді,тіпті тембрлік реңкті айыра біледі.Ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді:музыка әуеніне ілесіп алақанын соғады,аяғымен еденді тқылдатады,дөңгеленіп билеген болады.

Үш және төрт жасқа аяқ басқанда. Балалардың сезімталдығы артады,заттар мен құбылыстардың,оның ішінде музыканың қасиеттерін дәлірек айыра алатын болады.Әр баланың есту сезімінде өзңне тән ерекшеліктері байқалады.

Жетілудің бұл кезеңі баланың дербес әрекетке ұмтылатындығымен сипатталады.Енді ол әр жағдайды айта берудің орнына солардың басын құрап,байланыстыра сөйлейтін,бейнелі ойлайтын болады,қол-аяқтарының бұлшық еттері нығаяды.Баланвң музыкамен шұғылданғысы келеді,белсенді іс-әрекеті басталады.Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердіңазғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алатын дәрежеге жетеді.Сондай-ақ олар билеуге,ойнауға мүмкіндік беретін түрлі қимылдар жасауға қалыптаса бастайды.

Бес жасқа аяқ басқанда. Бұл-балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы. «Неге?» «Неліктен?» деген сұрақтарды көп қоятын шағы.Бөбек құбылыстар мен оқиғалар арасындағы байланысты ажырата бастайды,қарапайым тұжырым жасай алады.

Бұл жаста дауыс ашық,құбылмалы сипат алады.Ән интонациялары тұрақтана бастайды,бірақ әлі де болса ересек адамның тұрақы демеп отыруын керек етеді.Вокальдық-есту қабілеттері үйлесе бастайды.

Қозғалыстың негізгі түрлері-жүру,жүгіру,секіруді балалардың меңгеруі оларды ойындар мен билерде кеңірек қолдануларына мүмкіндік береді.Кейбіреуі рольді орындағанда басқаларға еліктемеуге тырысады.Енді біреулері өзінің бейімі мен қабілетіне қарай істің тек бір түріне ғана ықылас қояды.

Алты және жеті жасқа аяқ басқанда. Бұл-балаларды мектепке баярлайтын кезең.Музыка туралы алған білімдері мен әсерлері негізінде балалар енді тек сұраққа жауап беріп қоймай,сонымен қатар музыкалық шығармаға өзінше сипаттама да бере алады,музыканың бейнелеу құралдарын талдай біледі,музыка әуеніндегі құралдарын талдай біледі,музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезіне алады.Егер зейін қоя тыңдау,бөліп қарау, «музыкалық тілдің» ең жарқын құралдарын айыра білу міндетін алға қойсақ,онан музыканы қабылдауға қабілеттілік кемімейді екен.Бала бұл ерекшеліктерді бөліп ала біледі және оларды есінде ұстай отырып,музыканы тыңдағанда,әнднр мен би қимылдарын орындағанда белгілі бір образға сай қимыл жасай алады.

6-7 жастағы балалардың даусы бұрынғыдан да бекіп,әншілігі айқындалады,дыбысы айшықтанады.

Енді әндер мен билерді,ойындарды өз бетінше,шығармашылық тұрғыда орындайды.Музыкаға деген жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 638 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.| Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)