Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  2. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  3. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  4. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  5. Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі.
  6. Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
  7. ЕурАзЭҚ қызметінің маңызы.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы»-бүкіл тәрбие жұмысын балаларды жан-жақты дамытуға,оларды мектепке даярлауға бағыттайтын мемлекеттік документ.

Музыкалық тәрбие программасы мына ережелерді ескере отырып жасалған:

-қазіргі дәуірмен тығыз байланыстырылады; программаның бүкіл материалы, оның репертуары және балалар іс-әрекетінің ұйымдастырылуы педагогика ғылымы мен практиканың осы күнгі талаптарына сай болады;

-баланың жеке басын, оның музыкалық ынтасын,қажеттерін,қабілетін қалыптастыру процесі бірте-бірте және жүйелі түрде жүргізіледі;

- әр жастағы балаға музыкалық білім беру ісі оларды жоспарлы түрде мектепке даярлау мақсатымен ұштастырыла жүргізіледі.

Программаның материалы іс-әрекет түрлеріне қарай бөлінеді (ойын,сабақ,еңбек,қам-қарекет) және балалардың жасына қарай жеті топқа сай келеді (екі бүлдіршіндер тобы,екі кіші топ,бір орта топ,бір үлкен топ және мектепке даярлау тобы).

Түсінік хатта эстетикалық тәрбиенің маңызы ашып көрсетіледі.Дәл сонда музыкалық тәрбиенің де жалпы бағыты берілген, балалар бақшасындағы балалардың кіші топтардан бастап үлкен топтарға дейінгі музыкалық жетілу динамикасы көрсетілген, сондай-ақ балалардың мектепке бару кезіне дейінгі музыкалық жетілуінің шамамен алынған дәрежесінің сипаттамасы келтірілген.

Қызмет түрлері. Ойын- мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рольдік әндер,қимыл ойындары енуі мүмкін.Музыкалық-сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық-сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық-дидактикалық ойындар шағын бөлім етіп өз алдына бөлек көрсетілген.

Музыкалық-дербес қызмет- балалардың өз ынтасымен ойынның барысында туып, олардың өмірін қызықты мазмұнмен толықтырады.

Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық-эстетикалық тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен жанрлары енеді.

Практикалық сабақтар- балаларды тәрбиелеудің,оқытудың, жетілдірудің негізгі формасы-ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалынған программалық талаптарға негізделеді.

Жас топтары. Балғын шақтағы бірінші топ(1 жастағылар). Мұндағы жұмыс программа бойынша жүйелі сабақтар ретінде жүргізіледі; оларда бүлдіршіндердің эмоциялық белсенділігі мақсатты түрде дамытылып,олардың музыкалық қызметке бұдан былайғы қатысуы үшін алғы шарттар жасалады.

Балғын шақтағы екінші топтары(2 жастағылар). Балаларға музыкалық тәрбие беру программасына музыканы тыңдау,ересектерге ілесіп ән салу, музыкаға ілесіп ойын және би қимылдарын жасау сияқты, баланың музыкадан алатын айқын әсерлеріне негізделген ең қарапайым талаптар енгізілген.

Одан кейінгі жастағылар топтары(3-7 жастағылар). Бұл топтрадағы сабақтарда балаларды оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және оларға мыналар қамтылған:

1) музыкалық тәрбиенің міндеттері;

2) музыкалық қызметтің жекелеген түрлері; музыка тыңдау,ән айту,балалардың музыкалық аспаптарында музыкалық-ырғақ қимылдарын келтіру және ойнау (әзірлік тобындағы және көбінесе үлкен топтардағы балалар үшін) жөніндегі программалар;

3) музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша (бірінші кіші топтан басқа) әр тоқсанға бөлінген репертуар.

Жасына қарай бөлінген әр топтағы балаларға музыкалық тәрбие беру міндеттері күрделендіріліп берілген мына таблицаны көріп шығыңыздар.

Егер балалардың жасына қарай музыкалық тәрбиеге қойылатын міндеттерді салыстыратын болсақ, онда мыналарды атап айтуға болады:

балалардың жасына қарай бөлінген топтарда жүргізілетін жұмыстың бәрінде де бірыңғай міндеттер шешіледі,олар бірте-бірте күрделілендіріліп отырады, осы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен жетілдірудегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.

Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы (музыканы тыңдау,ән айту,музыкалық-ырғақты қимыл) ән,ойын,би шығармасы элементтерін,балалардың музыкалық аспаптарында ойнауды енгізу есебінен кеңейтіледі,сөйтіп,балаларға музыкалық білім элементтерін үйретуге мүмкіндік туады.

Музыкалық тәрбие мен білім беру міндеттері оқу барысында шешіледі.Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады, бейнелі жеткізу тәсілдерімен таныстырады,шығарманың формасына,бір-бірінен бөлектігі айқын байқалатын бөлімдері мен фразаларына олардың назарын аудартады. Балалар кейбір түсініктерді, мәселені шешуге «музыкалық кіріспе», «бастама мен қайырма», «музыкалық фраза» тағы басқа түсініктерді ұғып, жаттап алады.

Басты міндет- музыканы,әнді,қимылдарды және аспаптарды -ойнауды игеру саласындағы әрекеттерді,дағды мен шеберлікті іс жүзінде меңгеру. Егер балалар тапсырманың мән-мағынасын жақсы түсінсе, оны оңай орындайды. Мәселен,әсерлі шығу үшін бесік жырын дауысты қатты шығармастан,асықпай,сазды орындаған жөн. Балалар бұған дағдылана отырып әннің мазмұны,музыкасының сипаты және орындалуы туралы біршама мәліметтер алады.

Білім және дағды. Музыкалық білім мәліметтерін шартты түрде жалпы және арнаулы сипаттағы мәліметтер деп бөлуге болады.

Жалпы сипаттағы мәліметтер музыкалық қызметтің барлық түрімен(ән айтумен,қимылмен т.б.) байланысты:

Музыка әрқашанда алуан сезімдерді бейнелейді, бір нәрселер жайында баяндайды,ол өзінің сипаты жағынан әр түрлі;

Музыка дамып отырады,өзгеріп оырады,онда бір-біріне ұқсас және бір-біріне қайшы үзінділер, соған орай бір-бірінен бөлімдер,музыкалық фразалар,бастама,қайырма бар екенін байқауға болады;

Музыканың мазмұнын беййнелеп,сарынын білдіретін өз «тілі»,өз құралдары болады;

Музыканы композиторлар мен халық жасайды.

Арнаулы сипаттағы мәліметтер қызметтің нақты бір түрімен байланысты болады;

Ән айтуды үйреткенде балаларға мынадай түсініктер беріледі дауыстың естілу сипаты туралы(созыңқы,үздік-үздік,сазды,жеңіл);

Дикцияның дұрыстығы туралы (анық,айқын,бейнелі);

Әуен сызығы туралы (әуен қалықтап жоғары ктеріледі немесе төмендейді,дыбыстар қайталанады немесе біреуі биік те,екінші біреуі төмен болады);

Метр-ырғақ туралы;(дыбыс қысқа немесе ұзын болады т.т.).

Музыкалық ырғақты қимылдар үйретілгенде мынадай түсініктер беріледі;

музыканың сипатына сай қимыл сипаты туралы(сергек,нық,біркелкі жүру,жеңіл,екпіндей жүгіру т.т.);

музыкалық шығармалардың ырғақ,екпін,динамикалық өрнек бояуына байланысты формалары туралы(жедел,баяу,ақырын,қаттырақ т.т.);

би қимылдарының элементтері туралы(полька адымы,құбылмалы адым,желу т.т.);

қайта тұру туралы(саптар,колонналар);

Бұл мәліметтер программада ғана емес, срнымен қатар практикалық жаттығуларда да (әндік және музыкалық-ырғақтық) берілген,олар оқыту процесін неғұрлым жеңілдетеді.

Программаға музыканы тыңдағанда,ән айтқанда,қимыл және аспаптарда ойнағанда балалардың дағдыланып, шеберлікке үйренуіне көмектесетін нақты іс-қимылдарының белгілі бір көлемі енгізілген.Әрине, программада осы қызметтің әрбір түрі бойынша музыкалық өнердің әр түрінің негіздеріне сәйкес және балалардың қабылдауы мен орындауында олардың жас ерекшеліктері ескерілген.

Хор өнері вокальдық-хор негіздерін: вокальдық дағдылар(дыбыстың шығуы,дикция,тыныс алу) мен хор дағдыларын(біркелкілік,интонация мен ансамбльдің тазалығы,екпінділік, динамикалық, тембрлуік жағынан үйлесімділігі) ескеріле отырып құрылады.Бұл істе мектеп жасына дейінгі балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі.

Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады.осыдан келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының көлемі ескерілген.

Музыкалық ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге арналған жаттығулар,м узыкалық образдардың,олардың сипатының ауысуынан, шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енеді.

Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан.Қимылдардың негізгі түрлері(жүру,жүгіру,секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап тузеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған.Халықтық, сәнді билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан іріктелініп алынған.Бұлардан басқа драмалық,сюжетті-образды қимылдарда іріктелініп жүр.

Балаларды музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі аспаптармен,олардың құрылысымен таныстыру болып табылады.Балалар шағын ансамбльге қатыса отырыып,дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару дағдысын меңгереді.

Музыканы тыңдау программасы музыкалық шығармалармен танысуды және музыканы қабылдау дағдысын жетілдіру ісін қамтиды.

Балалардың музыкалық тәжірибесі баийды.олар халық музыкасының түрлі жанрларымен, классиктердің және осы күнгі композиторлардың әндерімен және пьесаларымен танысады.Балалардың музыкалық әсерлері молаяды.

Музыканы қабылдау дағдыларын меңгеру музыканы тындау мәдениетінің алғашқы негіздері:шығарманы аяғына дейін тыңдау,оларды танып,формасын(кіріспесін,бөлімдерін) айыра білу,вокальдық музыканы аспаптық музыкадан, олардың түрлі жанрларын (би,лирикалық,салтанатты-қаһармандық) бір-бірінен айыра білуге қалыптастырады.


4.Сабақтың тақырыбы: Музыкалық тәрбиенің міндеттері.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру. Музыкалық ынтасын, қабілетін, эстетикалық көзқарасын қалыптастырудағы ізденістерімен міндеттерін оқыту;

 

Дамытушылығы: Негізгі міндеттер баланың жеке басын жан- жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатымен бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, құрылатынын оқыту арқылы дамыту;

 

Тәрбиелілігі: Музыкаға деген сүйіспеншілігін, құштарлығын арттыруда тәрбиелеу. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттерін, музыкалық дыбыстарды айыра білуге тәрбиелеу міндеттерді іске асырудағы тәрбиелігі.

 

Практикалық сабақ:дәстүрлі

Көрнекілігі: карточкалар, суреттер, ойыншықтар

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру;

2 Жаңа тақырып:

3 Үй тапсырмасын сұрау;

4 Бағалау;

5 Үйге тапсырма

 


 

 

Музыкалық тәрбиенің міндеттері. Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:

1.Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2.Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3.Балалардың музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық – ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4.Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5.Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6.Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

7.Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде:ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруге;үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда;ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.

 


 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 3210 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.| Музыкалық тәрбиенің әдістері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)