Читайте также: |
|
Бұған шығарманы бейнелі орындау, түсіндіру, практикалық іс-әрекет, көрнекі құралдар жатады.
Педагогикалық әнді немесе пьесаны екшеп алады, талдау жасайды, балалардың музыканы түсінуіне көмектесетін қажетті әдістерді іздейді, қысқаша түсіндірмесінде бір шығарманың неліктен көңілді, күлдіргі, күлдіргі, ал басқасының сабырлы, ойнақы болатындығын атап көрсетеді. Шығарманың жанры жайлы балаларға еш нәрсе айтылмайдщы, бірақ балалардың өздері оның мақсат-міндетін сезеді. «Бұл музыка салмақты, бәсең, ана баласын ұйқыға жатқызады», - дейді балалар бесік жыры туралы: «Мына музыкаға жүру қолайлы»; «Музыка құйқылжуда, мереке жақын, жұрт қуанышты». Мұндай пікірлер бала әсерін айқындай түседі.
Баланың жеткілікті дәрежеде жетілуі педагогтың олардың назарын бүкіл шығарманың сипатына ған емес, сондай-ақ оның жекелеген бөліктеріне де аударуына жағдай жасайды. Бұл орайда шығарма бөліктерінің өзі де шығарманың жалпылама сипатын бере алатынын атап айтқан жөн. Мәселен, С. Майкапардың «Көбелек» пьесасын орындай отырып,педагог көбелектің жеңіл, әсем ұшысын баса айту арқылы көбелектің ұшып кеткендігін сездіреді.
Егер пьесаны тыңдау іс-әрекетпен қатар жүргізілсе, онда музыканы қабылдау дағдысында шыңдала түседі. Балаларға музыка жанры жайлы танымдық көрнекі түсінік алуына көмектесетін тәсілді қолдануға болады. Әрбір балаға маршпен жүрген пионер, билеп жүрген балалар, қуыршағын тербеткен қыз балалардың бейнесі салынған үш карточка беріледі. Карточкаға марш, бесік жыры, би сияқты үш пьеса тән. Балалар олардың іштей біле отырып, тиісті карточканы көтереді.
Қабылдау дағдысын шыңдауға сондай-ақ музыканың, дауыстың жоғарылығы, ырғағы, тембрі, динамикасы сияқты айқындаушы құралдарымен тығыз байланысты дидактикалық ойындар да көмектеседі. Оқыту тартымды ойын жағдайында өтеді. Мәселен, «Тапшы кәне, кім ән салып тұр?» ойынында балалар әндеткен дауыстың тембрін есту арқылы анықтайды: «Бұл әнімді, досым, саған арнадым. Кәммін мен, көзіңді ашпай тап кәні!».
Тыңдау мәдениетінің дағдысын игеру жұмысын жалғастыра отырып, педагог балалардың эмоционалды әсерленуіне жеткізеді, сонымен қатар баланың есту, аңғарымпаздығын жетілдіреді, музыка жайлы қысқа мәліметтер береді, пікірін айтуды ұсынады. Бұл жаста балалар пьесаның бірнеше бөліктен тұра алатындығын көз алдарына елестетеді. «Бөлік», «Кіріспе» ұғымдарын олар көбінесе қатесіз анықтайды. Музыка жөніндегі мәліметтерді иллюстрациямен нақтылап отыру қажет. Мәселен, бала назарын музыканың жоғары немесе төменгі дауысына аудара отырып, педагог бір пьесаны, ал соңынан оған кері сипаттағы басқа бір пьесаны орындайды.
Балалардың әсері жайлы жетекшінің төрелік айтуына жағдай жасайтын балалар пікірі шаттық мимикамен (бет қимылымен), тұлғаны құбылтумен; назарды өзіне аударумен үйлесуі тиіс.
Әрбір шығарманы меңгеру, есте сақтау оны көптеген сабақтардың барысында қайталап отыруды қажет етеді.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 301 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Методикалық тәсілдер | | | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |