Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.

Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  6. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  7. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.

Сабақ жоспары

1. тақырып.

Бөлім. Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.

Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеме пәнінің мақсаты және міндеті.

Сабақтың мақсаты:М узыка мектепке дейінгі кезеңде балалардың жалпы жеке басын қалыптастыруда және музыка арқылы бойларындағы жақсы қасиеттерін дамытумен балабақшадағы өткізетін күндерін қызықты маңызды өткізуіне және тағы басқа міндеттерін шешудегі мақсатына оқыту.

Сабақтың білімділігі:Болашақ музыка жетекшісін балалар музыкалық тәрбие берудегі әдіс – тәсілдерді игерудегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылығы: Мектеп жасына дейінгі балалық шақ- бөбекті әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен араластыру, кеңінен музыканы түсінуге, оны сүйе білу қасиетін дамытуда, әдістемелік әдіс-тәсілдерді меңгерудегі ізденістерін дамыту;

Тәрбиелілігі: Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түпкі нәтижесі тәрбиешінің адамгершілік бейнесіне, білім дәрежесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты болады. Барлық музыкалық пәндер баланың жан-жақты дамуына тәрбиелеудің қайнар көзіндегі ашу міндетін жүзеге асырады.Тәрбиешінің алған білімі мен дағдысын балалармен күнбе-күнгі қарым-қатынасында шығармашылық тұрғыдан қолдануға баулу міндеті.

Сабақ түрі: Дәстүрлі;

Сабақ типі:Теориялық сабақ.

Көрнекілігі:Видеоматериал; аспап.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру;

2. Жаңа тақырып: Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеме пәнінің мақсаты және міндеті;

3. Үй тапсырмасын сұрау;

4. Бағалау. Қорытынды;

5. Үйге тапсырма;

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.

Музкалық тәрбие және даму. Музыкалық тәрбие дегеніміз –музыклық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру-мзыкалық ынтасын,қажеттерін,қабілетіе,музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.

Бала музыканың әр түрін өзінің қабылдау ерекшелігін,жасын ескергенде ойдағыдай меңгереді.

Музыкалық дамыту-баланың музыка ісіндегі белсенділігінің нәтижесі.Әр баланың дербес ерекшелігінің өзіндік мәні бар.Дамыту былайша жүреді:

-эмоциялар саласында-қарапайым музыкалық құбылыстарға еліктеуден бастап шамалы әсерлі және әр түрлі эмоционалды реакциларға дейін;

-сезу,қабылдау және есту саласында-жеке музыкалық дыбыстарды айыра білуден музыканы тұтас,айқын және ынта-ықыласпен қабылдауға,дыбыстың биіктігін,ырғақтарды,тембрді,динамиканы саралауқа дейін;

-ықыласын білдіру саласында-тұрақсыз әуестенушіліктен тұрақтылыққа көше бастауға,қажеттілікке айналдыруға,алғашқы музыкалық талғам білдіруге дейін;

-орындаушылық қызмет саласында-көрсету,еліктеу әрекеттерінен бастап ән айтудағы және музыкалық – ырғақтық қимылдағы дербес мәнерлі және творчествовалық көріністерге дейін.

Музыкалық тәрбие беру мен дамыту ісі дұрыс ұйымдастыруды және нысаналы оқытуды талап етеді.

Музыкаға үйрету – тәрбиелеуші процесс;оның барысында педагог музыкалық тәжірибе жинақтауға, ең қарапайым мәліметтер, білім, дағдылар алуға көмектеседі. Өз тарапынан бала оны белсенді түрде меңгереді.

Музыкалық тәрбиенің міндеттері. Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:

1.Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2.Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3.Балалардың музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық – ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4.Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5.Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6.Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

7.Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде:ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруге;үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда;ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1890 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Прослушайте текст и напишите сжатое изложение.| Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)