Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау

Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері. | Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Музыкалық түсінікті тереңдете түсу үшін көрнекі тәсілдерді пайдалану музыка жайлы қосымша деректердің шығу тегіне байланысты болмақ. Егер бұл әдеби шығарма (өлеңдер, әннің поэтикалық текстінен, әңгімеден, жұмбақтан, мақалдан алынған цитаталар) немесе орындалған шығарманың үзіндісі болса «Әтеш» («Петушок»), «Шымшық» («Птичка») әндерінің кіріспесін еске түсірейік, онда көрнекілік – есту тәсілдерін қолдану жайлы сөз қозғауға болады. Бұл тәсілдер баланың есту қабілетіне қарай қолданылады. Көрнекілік музыканы танудың әдісі ретінде ұғылады. Көрермен ретінде қарау әдейі қарау емес. Музыканың қандай да бір сипатты ерекшелігін баса көрсететін музыкалық және әдеби цитаталар музыкалық түйсікті дамытудың ең қолайлы жолы. Сондай-ақ грамжазбаны қолдану да пайдалы. Орындаушымен жақын қатынаста болуы бала түсінігін жеңілдете түсетінін атап айтқан жөн. Егер балалар педагогтың орындауында қандай да бір пьесаны бірнеше рет тыңдап алса, кейіннен оны оркестр орындағанда өздерінің ой-өрістерін кеңейтетін қосымша, маңызды түсінік алады.

Сондай-ақ бейнелеуші иллюстрация, көркем ойыншықтар, оқу құралдары, көрнекі тәсілдер де олардың музыкалық шығарманы түсінулеріне көмектеседі.

Балдырғандармен жүргізілетін жұмыс методикасында көркем ойыншықтар кеңінен қолданылады, олар «қозғалады», «сөйлейді» әр түрлі оқиғаларға қатысады. Былайша айтқанда мұның өзі балалардың музыкасын тыңдай отырып көретін шағын сахналық ойын іспетті болады. Кітап иллюстрациялары, эстамптар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыста жиі қолданылады. Бейнелеу құралдары және музыка өнері арқылы берілген табиғаттың әсем картинасы, адам еңбегі, қоғамдық оқиғалар бала түсінігін толықтыра түседі. Музыкалық түйсікті ұштайтын алуан түрлі методикалық құралдарды, мәселен, билеп жүрген және маршпен жүрген балалар бейнеленген шағын карточкалар биді немесе маршты тыңдай жүріп, олар карточканы шартты белгімен көрсетеді, жүгірген бала және аяңдай жүріп келе жатқан кісі (ырғақ алмасуымен айрықшаланатын пьесаның екі немесе үш сағаттық формасын ала отырып, балалар әрбір бөлімнің бас жағында фленеграфта қандай бейненің көрсетілуі тиіс екенін белгілеп отырады) бейнеленген шағын пьесаларды көрсетуге болады.

Кейбір музыкалық құбылыс жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін балалардың дене қимылы арқылы әсерленуін де ескеру керек. Кіші топтағылармен көңілді немесе салмақты музыканы тыңдағанда таяқшаны, жалауша мен кубикті қозғалтып отыру пайдалы. Ал, ересек топта балаларға шығарманың бір бөлігін, фразасын, дыбыстың жоғары, орташа, төмен дәрежесін, ырғақтың ерекшеліктерін айыруды ұсына отырып, тоқылдату, алақан соғу, қолды көтеріп, түсіру, т.б қимыл элементтерін қолдануға болады.

Пьесаны, әнді әлденеше рет қайталағанда бала қуанып, әрбір орындалудан бір жаңалық табатындай методиканы қарастырған жөн.

Музыкамен алғашқы таныстыру оны жалпы қабылдауды, бағыт-сипатын ұғынуды қамтиды. Сондықтан да шығарманы тұтас, орындай отырып, оның қысқаша мазмұнын сипаттап, ерекшеліктерін даралап көрсету маңызды орын алады.

Қайталап тыңдау кезінде балалардың (әсіресе, ересек топтағылардың) назары тек әуеннің көркемдігіне ғана аударылып қоймай, сонымен бірге музыканың жекелеген ерекшеліктеріне де көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта бала түсінігін дамыта түсетін жаңа тапсырма беріліп отырады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Методикалық тәсілдер| Жұмыс формалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)