Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс формалары

Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер |


Читайте также:
  1. Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).
  2. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  3. Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  6. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  7. Дүние тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі

Музыка есту дағдысын дамыту жөніндегі жұмыс: сабақтарда, ойын-сауықтарда, баланың жеке іс-әрекеттерінің барысында жүргізіледі. Музыканы сабақта тыңдаудың айрықша маңызды екендігін атап айтқан жөн. Бұл жұмыстың нәтижесі соншалықты таңқаларлық емес. Алайда балалардың естіп-ұғу қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейте түсіп, әрі тыңдаушылық белсенділігін арттыру үшін әрбір сабақта жүйелі түрде музыкалық шығармалармен таныстырып отыру қажет.

Кішкентай тыңдаушылардың әсершілдігін арттырудың ең маңызды формасы-концерттер. Концерттер балаларды әсерге бөлеп, көтеріңкі, мерекелік көңіл-күй туғызады. Әдетте, концерттердің мазмұны сабақ программасымен байланыстырылып жасалады. Олар өткен материалдарға қорытынды жасағандай болып, жаңа мүдделердің айналасына тоғысады. Мәселен, қандай да бір композиторға (П.Чайковскийге, Д.Кабалевскийге) арналған концерттер мектеп жасына дейінгі оқушыларға үлкен шеберлер иелерін таныстырады. «Музыкалық аспаптар» концерті балалардың әр алуан аспаптарда ойнау әдістері мен үн шығару ерекшеліктерін білуіне мүмкіндік береді. Мұндай концерттің қатарына әр түрлі «Музыкалық жұмбақтар», грамжазба пайдаланады.

Жұмыстың келесі формасы – баланың дербес іс-әрекетінде музыканы қолдану. Музыканы түйсіну процесі балаға одан әрі талассыз ықпал етуі үшін тәрбиешінің арнайы шағын музыкалық кітапханасы болуы қажет.

Онда балардың жасына лайық жазылған күйтабақтар жиынтығы; музыкалық аспаптық пьесаның немесе өлеңнің мазмұнын беретін суреттері бар карточкалар болуы қажет. Шағын кітапханадағы материалдарды біле отырып, балалар өздері жақсы көретін шығармаларын іріктеп алып, тыңдайды. Тәрбиеші кейде музыка тыңдау, музыкалық жұмбақтарды шешу, балалармен қандай да бір шығарма жайында әңгімелесу секілді бастамаларды ұсынып отырады.

Балалардың төңірекке деген көзқарасты да байи түседі. Әсіресе, балаларды А.Фаттахтың «Ленин парадта», В.Мураделидің «Бейбітшілік бәрімізге де керек», З.Левинаның «Салют», Ан.Александровтың «Жер шарында біз көппіз» және т.б.

Сан алуанды вокальды және аспаптық музыка тыңдауда баланың ой-өрісін кеңейте түседі. Мәселен, грам жазбадағы музыкалық аспаптық пьесаны тыңдай отырып, олар скрипканың, аккордеоның дыбыстарын айыра алады. Музыкалық қабылдауды жүйелі түрде жетілдіре отырып, балалардың өз бетінше әр түрлі айқындаушы құралдарды белгілеуіне, музыка сипатын анықтауына (салтанатты, нәзік, аянышты, би және т.б) мүмкіндік туғызу қажет.

Балалардың музыка тыңдау дағдыының жеткілікті дәрежеде дамуы, оның жалпы сипаты мен мазмұнын анықтау педагогтың одан әрі жұмыс жүргізуіне, балаларға музыканың айқындаушы құралдарын, шығарманың құрылуын айыра білуді үйретуіне мүмкіндік береді. Олар «музыкалық фраза», «кіріспе», «қорытынды» деген терминдерді білетін болады, оларды өздерінің іс-тәжірибелерінде пайдаланады.

Алты –жеті жастағы балалар музыканы халық жасайтынын, композиторлар жазатынын біледі. Оларға бұдан көптеген жылдар бұрын тамаша шығармалар тудырған М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Н.Римский-Корсаковтың, сондай-ақ біздің заманымыздағы композиторлардың есімдері белгілі.

Осы себепті де музыка тыңдау программасына сәйкес мектеп жасына дейінгі ересектердің ықыластарын классик-композиторлар - М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Н.Римский-Корсаковтың, Р.Шуманның, Б.Братоктың, совет композиторлары Д.Кабалевскийдің, М.Красевтің, Е.Тиличееваның, т.б. творчествосына аударып отырған дұрыс. Вокалды және аспапты музыканы тыңдау шеберлігін, фортепьяно, скрипка, аккордеонның, үлкендер хормен айтатын әнінің дыбысын айыру шеберлігін жетілдіру қажет. Дыбыстың салмақты, көңілді, салтанатты, қайғылы сияқты ерекшеліктерін сезіне білуді қалыптастыру. Таныс шығармаларды білуге, сүйікті әндер мен пьесалардың қорын жинауды, би, бесік жырын, маршты ажырата алуды; шығарманың кіріспе, қорытынды, бастама, қайырма, фраза сынды формаларына назар аударуды үйрету керек. Педагог балалардың музыкалық шығарманы тыңдауға және ол туралы сөйлеуге деген тілегін әрдайым қолдап отырады.

 

Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. ҚҰЖ-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.

Сабақтың мақсаты: Репертуарларға сараптама жасауда, репертуарлар талдай білуге үйрету.

Білімділігі: Әндерді тыңдап отырып олардың сипатының тез немесе жай екені секілді және музыкада не айтылып тұрғаны жайында, көрнекілік құралдар арқылы түсіндіре алу білімділігін дамыту.

Дамытушылығы: Әуезді тыңдау процесінде,әуезді қабылдау дағдысына қалыптастыруда, музыкалық шығармалардың әр түрлі характерде болуымен білімі мен өзіндік көрінісін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелігі: Бағдарлама бойынша репертуар іріктеуде вокальдық, аспаптық, қазақтың ән-күйлерімен орыс, батыс классиктерінің шығармаларымен балалардың музыкалық көзқарасын дамытуда тәрбиеліін дамыту.

Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 361 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау| Дәстүрлі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)