Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәстүрлі. Көрнекілігі:Үн таспа,Аспаптар.

Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы | Музыка тыңдау - қызмет түрі | Музыка тыңдаудың бағдарламасы | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері
  2. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдық өмір мен тұрмысты зерттеу
  3. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қолөнерді және үй кәсіптерін зерттеу әдістері
  4. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу әдістері
  5. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі отбасы және некені зерттеу әдістері
  6. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарды зерттеу
  7. Дәріс тақырыбы:Дәстүрлі шаруашылықты зерттеу әдістері

Көрнекілігі: Үн таспа,Аспаптар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа тақырып: Музыкалық репертуарға сараптама жасау. ҚҰЖ-дықолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.

3.Уйге тапсырма.

12.Репертуардың ерекшеліктері

Музыка тыңдауға арналған репертуар программаға сәйкес құрастырылған. Онда кейде-кейде шығармаларды ауыстыруға және жақында ғана шыққан жаңа, бірақ тәжірибеде қолданылған шығарманы сабаққа енгізуге болады. Жалпы көркемдік-педагогикалық талаптарға сай жетекшілік еткен маңызды. Шығарма идеялық мазмұны, бейнелеу тәсілі секілді жоғары көркемдік, баланы елітерлік, оның жан дүниесін тебірентерлік сапасымен айрықшалануы тиіс. Міне, сондықтан да классиктердің, қазіргі заманғы озық балалар композиторларының, халық творчествосының әр түрлі жанрда (ән, марш, би) жазылған, сан қилы сезімдерді, көңіл-күйді (лирикалық және қаһармандық, комедиялық,хикаялы-эпикалық) білдіретін шығармаларын енгізу қажет. Бұл талаптар нақты шығармаларда ғана өз күшіне енеді. Соларды енді толығырақ қарастырып көрелік.

Музыканың пайда болуының қайнар көзі көбінесе табиғаттың реальды үні мен адам сөзінің жанды интонациясы болып табылады. Музыка зертеушісі И.Нестьев: адам ежелден-ақ айналадан не естісе-құстың сайрағанын, күннің күркіреуін, жылғаның сылдырын,ұршықтың ызылдауын-соны әнге қосуға немесе музыкалық аспаптарда орындауға, талпынып отырған деп атап айтады. Ол сондай-ақ адамның байыпты да сезімге әсер ететін мәнерлі сөзінің музыкалық өнердің негізін құрайтындығын атап көрсетеді.

Осындай ерекшеліктермен қамтылған шығармаларды мектеп жасына дейінгі балалар жақсы ұғады. Олар көкек «әнінің», шымшықтың және де басқа құстардың шырылдауы (П.Чайковскийдің «Бозторғай әні», Э..Григтің «Шымшығы») сияқты өздеріне таныс интонацияларды сүйсіне тыңдай отырып, көңіл көтереді.

Өздеріне таныс музыкалық аспаптардың интонациясы балалар үшін қызғылықты. Оған П.Чайковскийдің фортепьянода балалайка, аккордеон, баян дыбыстары келтірілген «Камаринскаясы» мен кіріспесінде керней дыбысы естілетін Д.Кабалевскийдің «барабаншы» пьесасы мысал бола алады. Анық қайталанып отыратын ырғақ, сипатты әуен бұл дыбыстарды өте бейнелі түрде құбылтады.

Балалар күнделікті өмірде талай рет қабылдаған сан алуан «ыңылдау» мен «әлдилеу» бесік жыры мен лирикалық пьесаларды тыңдағанда олардың ықыластарын арттыра түседі.

Бұл өмірлік интонацияларды шығарманың тұтас музыкалық образынан бөліп қарауға болмайды. Олардың болуы образға нақтылық, айқындық сипат беретінін, балаларға түсінікті, жақын ететінін атап айту керек. Музыкалық бейнелеуші құралдар әрқашанда көркем образ жасау міндетіне бағындырылған. Мәселен, Д.Кабалевскийдің «Құс үйі» әнінің бастамасы келе жатқан көктемді күтудің нәзік те қуанышты сезімін білдіреді.

Ән қайырмасында музыка сипаты ширақ та, жігерлі:

«строим, строим птичий дом». Бұған екпіні, форшлагы ерекше айқындалатын аккордты баяндау тән.

Музыкадағы бейнелеуші элементтер толығымен үйлескен, олар әннің лирикалық бастамасымен жарастықты естіледі.

Музыкада жанды сөздің интонациясы анағұрлым жан-жақты сипатқа ие болады, сонымен қатар сан алуан көңіл күйді бейнелейді. Орыстың халық әні «Шәңгіш талы» еске түсірейік. Әуен қайырмасы жеңіл интонациялы, сипаты жағынан сөз интонациясына жақын:

Әй, шәңгіш тал, кімге жұмыс бересің,

Айт, шәңгіш тал, қандай жұмыс бересің.

Музыка тыңдауға арналған репертуарда баланың музыкалық түйсігін жетілдіретін вокальдық және аспаптық шығармалар бар. Сөз бен әуенді ұштастыратын вокальды музыка: бала көңіліне көптеген маңызды ойлар мен әсердің, сезімнің ұялауына көмектеседі.Оған З.Левинаның «Салют» әні мысал бола алады. Онда мынадай сөздер айтылады:

Керемет бұл, бұрын-соңды болмаған,

Москваның аспанында отты гүлдер қаулаған.

Қараңғы көк – бау-бақша бір аумаған,

Салют нұры – ракета самғаған.

Бұл көңіл күй «Огоньки ракет летят» сөзінің музыкасында да берілген. В.Витлиннің «Шекарашылар» әнінің музыкасында да, тексінде де адамдардың жер бетіндегі бейбітшілік үшін қырағылығы мен жауапкершілігі бейнеленген.

Аспапты музыка: музыкалық образдардың әр алуандығымен және дамуымен, музыканың анағұрлым күрделі айқындаушы құралдарын пайдаланумен ерекшеленеді. П.Чайковскийдің «Бала альбомын» мысалға алып қараңыз.

Сонымен музыкалық репертуарды меңгеру мектепке дейінгі ересек балалардың есту тәжірибесін едәуір байыта түседі.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмыс формалары| Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)