Читайте также:
|
|
Мақсаты: Дәстүрлі қоғамдардың қолөнер жүйелерімен болашақ мамандарды таныстыру. Қазақ дәстүрлі қоғамынының кәсіптерін ғылыми тұрғыда қайта қалпына келтіру
Сұрақтар:
1.Дәстүрлі қоғамның қолөнер жүйелерін зерттеу тәжірибесі
2.Дәстүрлі қолөнерді және үй кәсіптерін зерттеу әдістері- зерттеуге қажеті ұғымдар мен анықтамалар
3.Қазақ дәстүрлі қоғамынының құрылымы
Негізгі ұғымар тізбесі: Шаруашылық мәдениет, кәсіптік жүйе, қолөнер т.б.
Әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.
2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.
3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.
4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.
.Қолданбалы өнер мен қолөнер, үй шаруашылығы халықтың еңбек іс-әрекеті мен өмір сүру жағдайында барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы арқасында азық-түлік пен шикізатты тұтынудағы бірден бір жетекші күшті атқарады. Қазақтың ертедегі кәсіби қолөнерінен куә бола алатындай, келесі шаруашылық түрлеріне арқа сүйеуіміз қажет.
І. Үй шаруашылығы және қолөнердің негізгі түрлері.
1. Ұсталық өнер: руданы өндіру, руданы балқыту, еңбек құралдарын жасау, қару-жарақ, сауыт-сайман, ұста пайдаланатын заттары.
2. Зергерлік өнер: әйелдердің сәндік әбзелдері, ер тоқым, жүгендерге, қару-жараққа түсті металлдардан көркем жапсырма безендірулер.
3. Ағаш ұқсату өнері: тұрғын үй салу, екі аяқты және басқа да арба түрлерін жасау. Үй тұрмысындағы заттарды дайындау және безеңдіру.
4. Сүйекті пайдалану: жасау техникасы, материал.
5. Былғары ісі: киімдер дайындау, ыдыс-аяқ ретінде (торсық, саба т.б.), ат әбзелдері (жүген, ноқта, құйысқан, тоқым т.б.)
6. Тоқыма: шикізаты, техникасы, қандай мақсатта.
7. Алаша тоқу. Алаша түрлері, алаша тоқу құрылғылары.
8. Тоқыма-тігін. Техника. Кигіз үй жабдықтары үшін дайындау.
9. Тоқыма өндірісі.
10. Сабын қайнату. Шикізат. Өндеу.
11. Бояулар дайыдау. Материал, шикізат.
ІІ. Ертеде және қазіргі кезеңде жергілікті жерге қолөнердің маңызы.
ІІІ. Жұмыс бөлмесі: шеберхананың жабдықталуы, құрылғылар, инструменттер.
ІV. Қолөнердегі жыныстық-жастық бөліну: ерлердің және әйелдердің қолөнері.
V. Шебердің рецептілері және белгілі бір қолөнер бойынша техникалық қолөнер.
VІ. Қарым-қатынасты ұйымдастыру: бұрын және қазір.
Этнограф үшін зерттелетін қолөнердің барлық орындалатын кезеңдерімен танысып шығуы керек. Сонымен қатар толық мәліметті сол қолөнердің кәсіби мамандарының аузынан естуге болады. Қолөнерге байланысты барлық заттар - музейлер үшін тамаша экспонаттар болып табылады.
Дәріс № 6
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тақырыбы:Дәстүрлі шаруашылықты зерттеу әдістері | | | Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу әдістері |