Читайте также: |
|
Мақсат: Жалпы қылмыстың түсінігі мен құрамын ашу және қылмыстық жазаның түсінігін анықтап жазаның түрлерін белгілеу.
Жоспар:
Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: немқұрайлы, менмендік, формальды, факультативті қасақана,субьект,обьект,обьективтік жақ,субьективтік жақ,әрекет,әрекетсіздік, қылмыстық зардап, қоғамға қауіптілік.
Негізгі мазмұны:
Қылмыстық құқық – құқықтың заңдылықта белгіленген, іс-әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық пен одан босатудың саласы, құқықтық норманың жиынтығы.
Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заңда тыйым салынған, заңмен жазаланатын, әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретке қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімде 95 бап, Ерекше бөлімде 295 бап бар. Жалпы 390 баптан тұрады. (Ағыбаевтің Қылмыстық құқығы оқулығын қараңыз).
Іс-әрекеттің қоғамды қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізге, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты, жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді.
Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.
Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы, материалдық формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. (Ағыбаевтің Қылмыстық құқық оқулығын қараңыз).
Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың элементтері объект,объективтік жақ,субъект,субъективтік жақ болып бөлінеді.
Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстың заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Топтық объект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Тікелей объект негізгі, қосымша және факультативті тікелей объектілер болып бөлінеді.
Негізгі тікелей объект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгісі бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың негізгі тікелей объектісі – бөтен біреудің мүлкі болады.
Қосымша тікелей объект дегеніміз қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі объектіге зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-жөнекей оған да қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.
Факультативті тікелей объект дегеніміз қылмыс жасалған кезде зиян келтірілу қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы.
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық, қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылады.
Қылмыстық құқықта заң шығарушының тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалды және формальды деп екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстың субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Жалпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды.
Кінә екі түрлі қасақаналық және абайсыздық нысанда болады. (Қасақана мен абайсызда жасалған қылмыстың нысанын ашып білу үшін Ағыбаевтің «Қылмыстық құқық» оқулығын қараңыз).
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау; т.б. (Қылмыстық кодекске қараңыз).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі).
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
− Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
− Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
− Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.
− Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
т.б. (Қылмыстық кодекске сүйеніп қараңыз).
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
− Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
− Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
− Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
− Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру;
− Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны
өтеуді кейінге қалдыру;
− Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату;
− Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Сонымен қатар бұл пәнді әр-түрлі саладағы мамандар да тани білуі керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты терең ұғу үшін алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығын анықтау қажет. Теориялық жағын білімді нығайту үшін қылмыстық құқық бойынша берілген практикум есептерді және тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды орындау кезінде және практикалық есептерді шығару барысында қылмыстық құқықтың түсінігінің маңыздылығы мен қылмыстық құқықтың міндеттерін меңгеріп алуына, қылмыстық заңдылықтарын оқуына, нормативтік актілерді дұрыс қолдануына, сонымен қатар негізгі нысандары мен құқық қорғау органдарының қызмет әдістерінің түсінуіне көмек береді. Есептерді шығару барысында және тапсырмаларды орындау кезінде дұрыс нормативтік актілерді қолданыңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 658 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | | | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. |