Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ІІІ Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері.

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ | Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі. | І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы |


Читайте также:
  1. IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
  2. V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
  3. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  4. VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
  5. XIII. Тақырып: Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.
  6. Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
  7. Азіргі заманғы Қазақстан тарихынан күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысының тармақтарын ашып қарап, сонымен бірге билік тармақтарын бөліп олардың бір-бірімен байланысы мен құзыреттерін көрсету.

 

Жоспар:

1. Конституциялық құқықтың түсінігі.

2. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, зайырлы,

құқықтық мемлекет.

3. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, Президент,

Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Сот және Сот төрелігі, жергілікті өкілді және атқарушы органдар.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: демократия, референдум, Конституция, декларация, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет.

 

Негізгі мазмұны:

Конституция термині латын тіліннен сonstitutio – жарғы, заң деген сөзден шыққан. Конституция бұл біздің Ата заңымыз болып келеді.

1990жылы 25 қазанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел-сіздігі туралы» Декларация қабылданды. Ал 1991жылы 16 желтоқсанда біз өз тәуелсіздігімізді алдық.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі-нің тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конститу-циясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылады. Оның ең қымбат қазынасы адам және азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Демократия дегеніміз грек тілінен «халық билігі» деген мағынаны біл-діреді. Бұндай мемлекетте билік ұжымдық органдармен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет Елімізде түрлі діни бірлес-тіктер әрекет етеді, олар азаматтардың діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде тіпті ешбір дінге сен-беуге де хақылы.

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекет-те заң бір әлеуметтік топтық емес, халықтың шынайы еркінін білдіреді. Мұн-дай мемлекетте заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Барша адамдар ең жоға-ры дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бү-кіл халықтың мүддесін, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адам-дарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Әрине мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, тікелей көмекпен мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі себебі еңбекке қабілетсіз хал-жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. (Г.С. Сапарғалиев «Основы государства и права Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).

Қазақстан Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемле-кеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жа-риялады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылға-ны туралы Конституциялық қағиданы бекітті. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Прези-денттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады. Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халықаралық қатынастарда да Прези-дент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып табылады. Заң шығарушының ойынша, Президенттің осын-дай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазақстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алаты-нын білдіреді. Конституциясы Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс іс-теуін және билік органдары халық алдындағы жауапкершілігін қамтамсыз ететіндігін орнықтырды. Президент жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды және сайлау балама сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол берілмейді. (Президенттің мәртебесі мен құзыретін анықтап білу үшін Қазақстан Республикасының Конституцияның 40 бабын қараңыз).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттай-ды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана, емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркінін білдіреді. Парламент екі палатадан тұрады: Жоғарғы палата-Сенат, ал Төменгі палата -Мәжіліс. Парламент депу-таты бір мезгілде екі Палатаға мүше бола алмайды. Конституцияның 50 бабына сәйкес Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын де-путаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Рес-публика Президенті тағайындайды. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутаты Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бой-ынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкі-леттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. (Парламенттің палаталарының құрылысы мен депутаттардың мәртебесі мен құрылысын анықтап білу үшін Қазақстан Республикасының Конститу-циясының 49 баптары мен 63 баптар аралығын көруге болады).

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыра-ды, атқарушы органдары басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады.

Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер -минстрдің кандидатурасын Президенттің өзі іріктейді және канди-датураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламент-тің келісімін алғаннан кейін Президент оны премьер-министр қызметіне бекі-теді. Президент құрамына премьер-министр оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Пре-мьер-министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Прези-дентіне ант береді.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқта-тады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша ше-шім шығаруына құқығы бар. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Қазақстан Республикасының атқарушы органдар жүйесін басқара оты - рып, Үкімет мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен қатынас жасайды. (Үкіметтің басқа органдар жүйесімен қатынасы мен құзыреттігін толық білу үшін Ғ.С. Сапарғалиевтің «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс - Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық кеңестің мүшелері болып табылады.

Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті та-ғайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.

Конституциялық кеңестің екі мүшесін Республиканың Президенті, екі мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін мәжілістің Төрағасы тағайын-дайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. (Конституциялық Кеңестің толық құзыретін және оның мүшелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Кон-ституциясында және Ғ.С. Сапарғалиевтің «Қазақстан Республикасының Кон-ституциялық құқығы» оқулығында көруге болады).

Қазақстандағы соттар мен сот төрелігіне Республика Конституциясы сот билігінің мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын, оның белгілену-ін, қалыптасу принциптері мен қызметін айқындайтын бөлім арнаған.

Сот билігі Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жеке тар-мағы болып табылады. Ол республика атынан ешкімнің еркіне тәуелсіз және тек қана сот арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтардың олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын және мемлекеттік орган-дардың, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын көздейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің бірыңғай сот жүйесін белгілейді, Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты және жергілікті соттары құрайды. (Қазақстан Республикасы-ның сот жүйесін толық ашып білу үшін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қараңыз).

Жергілікті жерлерде, әкімшілік – аумақтық бірліктерде мемлекеттік бас-қаруда жергілікті атқарушы органдар, облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комис-сиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдар-дың Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кі-ретіндігін, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтар-дың даму мүддей мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ететін-дігін белгіледі.

Облыстардың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың, әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайын-дайды. Өзге, әкімшілік – аумақтық бірліктердің әкімдерін соған қатысты –жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

Әкімдер Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі респуб-ликаның жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады. (Ғ.С. Сапарғалиевтің «Қазақстан Республикасының Конститу-циялық құқығы» оқулығын қараңыз).

Жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар тиісті әкімшілік аумақтық бөлі-ністегі халықтың еркінін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді еске-ре отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасы-рын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды.

Қорытынды:

Конституция біздің елімізде тәуелсіз алғаннан кейін екі рет қабылдан-ды. Бірінші рет 1993 жылы 28 қаңтарда жоғарғы кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданса, ал екінші рет 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды.

Конституция Қазақстан Республикасының Ата заңы болып келеді. Мұнда мемлекеттік органдарының қабылдайтын заңдары мен нормативтік актілері Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Мемлекеттік органның қандайы болса да, жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез-келген, лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігін және олардың құқықтары бұзылған жағдайда заңмен қорғала ма осыларды білу үшін алдымен Консти-туцияны оқып білу керек. Лекцияның тақырыбына, олардың түсінігі мен маңыздылығына назар аудару қажет. Қазақстан социалистік қоғамнан нарық-тық қоғамға өтіп жатыр. Осы кезеңге өту кезінде заңдар үлкен роль алады. Бұларды білу өте қажет, себебі адамның өміріне жеңілдік жасап оларға дұрыс бағыт береді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық

құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.

2. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное

пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл, 30

тамыз.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 587 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.| IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)