Читайте также:
|
|
Мақсаты: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімдізерттеу тәсілдері мен әдіснамасы, оларды қазіргі заманғы этнологиялық зерттеулерде қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру
Сұрақтар:
1. Этнологиядадәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу тәсілдерінің қалыптасу тарихы
2. Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімдізерттеу тәсілдерінің Батыс елдерінде қалыптасу ерекшеліктері
3. Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы халықтық білімдізерттеу тәсілдері мен әдіснамасы
Негізгі ұғымар тізбесі: Халықтық білім, Анкеталық сұраунама
Әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.
2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.
3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.
4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.
Халықтық білім – этнографияның маңызды, бірақ әзірге аз зерттелінген саласы. Бұл сала көптеген ұрпақтардың тәжірибесі арқылы жинақталып, табиғат заңдылықтарын зерттеу және көпғасырлық еңбектің арқасында келеді. Этнографтардың аға ұрпақтардан жинап алған мәліметтері тек қана ғылыми қызығушылық емес, үлкен тәжірибелік маңызды ие.
І. Халық медицинасы:
Ел ішінен шыққан атақты тәуіптер мен емшілер,оларға халықтың көзқарасы:
-сынықшылар;
-бақсылық;
-ел ішінде болған атақты бақсылар, олардың, емдеу тәсілдері;
-бақсылық құралдары (қобыз, қамшы);
-қазіргі кезде бақсылықпен айналысып жүрген адамдар.
ІІ. Халық ветеринариясы.
17.1. Мал емдеудің дәстүрлері, рәсімдері: мал пішу, мал ауруларының түрлері, оларды емдеу жолдары.
ІІІ. Халық астрономиясы.
18.1.Ел ішіндегі ауа райын болжаушылар мен жұлдызнамашылар;
-қазақша жұлдыз атаулары, ай, жыл, мүшелге бөлу т. с. с.
-қазақша жыл санау.
ІV. Дәстүрлі күнтізбе. 12 жастық мүшел. Мұсылман күнтізбесін қолдану.
V. Уақытты өлшеу бірліктері: (ет пісірім, бие сауым, жыл, ай т.б.)
VІ. Қашықтықты өлшеу бірлігі: ит өлген жер, ат шаптырым жер, бір көш т.б.
VІІ. Өсімдіктердің, жануарлардың, аңдардың халықтық атауы.
VІІІ. Ономастика – антропонимдер, топонимдер, гидронимдер, этнонимдер (терминдер сөздігін құрастыру керек).
ІХ. Көшенің, қыстаудың, ферманың, қоныстың, бейіттің атауы.
Дәріс № 12
Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы салт-ғұрыптарды зерттеу әдістері
Мақсаты: Қоғамдағы салт-ғұрыптар қазіргі заманғы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылғандықтан этнологиялық зерттеулерді қолдану жолдарымен болашақ мамандарды таныстыру
Сұрақтар:
1.Қоғамдағы салт-ғұрыптық мәселелерді зерттеуде этносоциологиялық зерттеу тәсілдерін қолдану
2. Қоғамдағы мәселелерді шешудің теориялық негіздері
3. Қазақ қоғамындағы дәстүрді сақтау мәселелері
Негізгі ұғымар тізбесі: Этнос, әдет-ғұрып заңдары, патриархалдық
Әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Методика этнографических исследований//Этнология: Учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. -316 с.
2. Артановский С.Н. О сравнительно – историческом и структурном методах в этнографии // Методологические вопросы общественных наук. Л., 1968, вып. І.
3. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы. Алматы, 2004.
4. Вопросы и программы по этноархелогии и этнографии для участников археологических экспедиции и студенческих практик. Учебно-методическое пособие. Омск, 2002.
Дәстүрлерді зерттеуге қолайлы болу үшін оларды арнайы топтарға бөлуіміз керек: шаруашылық, күнтізбелік сипаттағы, өмірлік.
І. Өмірлік циклдің дәстүрлері өткен тарихымыздың сырларын терең түсінуге мол мүмкіндік береді.
1. Баланың өмірге келуі (туғандағы дәстүрлер, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару).
2. Инициациялар (тұсау кесер, сүндет, атқа мінгізу т.б.).
3. Жастық класстар (терминология, мүшел жас).
4. Үйлену тойы (некеге отыру, неке, ұрын келу).
5. Балаларды тәрбиелеумен байланысты дәстүрлер (ойындар, дене шынықтыру, шаруашылықтың тәжірибелік дағдылары, аңға баулу, өнерге баулу, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу).
6. Қайтыс болғанда орындалатын және жерлеу дәстүрлері (жуындыру, өлікті киіндіру, қайғының белгілері, құрбан шалу, жерлеу, көңіл айту).
ІІ. Шаруашылық циклдағы дәстүрлер көбінесе ауылшаруашылық жұмыстарына қатысты ұнататын істерімен айналысу. Наным сенімге байланысты ертедегі еңбек дәстүрлері мен дағдылары.
1. Малшаруашылығына байланысты дәстүрлері.
2. Жерөндеуге байланысты дәстүрлер.
3. Кәсіптік дәстүрлер (үй кәсібі, қолөнер, балық аулау, аңшылық).
Шаруашылық дәстүрлерді сол саламен жұмыс істейтін адамдардан сұрап зерттеу тиімді.
ІІІ. Күнтізбелік дәстүрлер көбінесе көшпелі шаруашылыққа байланысты келіп отырады.
ІV. Діни дәстүрлерге сол халықтың наным-сеніміне байланысты оқып білуіміз керек.
V. «Төтенше дәстүрлер». Тасаттық беру, құдайы, ақсарбас т.б.
Этнограф үшін дәстүрлердің өту процесін бақылап, қағазға жазып, суретке түсіріп, түсініксіз жерлерін информаторлардан сұрап алу керек. Дәстүрді орындау барысында фольклорды, адамдардың киімдерін, заттарын анықтап біліп алу қажет.
Дәріс № 13
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі отбасы және некені зерттеу әдістері | | | Дәріс тақырыбы: Халықтың ауыз екі шығармашылығын зерттеу әдістері |