Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі

Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау | Жалпы сипаттама |


Читайте также:
  1. Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
  2. Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
  3. Жарық дифракциясы. Гюгейнс-Френель принципі. Френель әдісі.
  4. Жылу беру коэффициентінің және критериалық тендеудің коэффициенттерің эксперименталды анықтау әдісі
  5. Имылдарға үйрету әдісі.
  6. Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі

Бір жасқа аяқ басқанда. Өмірінің алғашқы айларында бала үлкендердің өленің немесе металлоофонда, үріп ойнайтын гармоньда орындайтын ән әуенін тыңдау арқылы белсенділік көрсетеді.

Бастапқыда бұл белсенділік еріксіз күлімсіреу түрінде болады да жалпы «шаттану комплексіне енеді(қол мен аяқтың қимылдауы, күлуі, дыбыс шығаруы).Музыкаға деген қимыл әрекет біртіңдеп еріктілік қалыпқа түседі, балалар жеңіл қимылдарды тәрбиеші көрсеткеннен кейін ізінше қайталай бастайды.

Балдырғанның жалпы дамуымен және бойының өсуімен (алғашқыда ол манежде жатады, содан соң отырады, одан кейін түрегеліп тұрады) музыкаға еліктеп қимыл жасау мүмкіндігі өседі,қимыл көлемі молаяды.Балалар секіру биінің кейбір элементтерін:алақан соғу, қолын сермеу, жүрден отыру, қолымен бубен соғады, сылдырмақты сылдырлатыды.

Өмірінің бірінші жылының соңында балалар бір қалыпты ақырын және жылдам айтылу сипаындағы әуендерді айыра алатын болады, біріншісін тыңдай отырып, екіншісінде секірме биге шаттана әрекет жасауға тырысады.

Екі жасқа аяқ басқанда. Балдырғандар өсіп қалды, денесі де шыныға түсті, енді олар музыка мен қимылдың қарапайым өзара байланысын меңгере алады:жүрістері әзірге келіспеуіне,нашар үйлесуіне қарамастан, жүруге, тиісті музыканың сүйемелдеуімен секіріп билеуге тырысады.

Бұл жаста балалардың музыкалық-ырғақтық тәрбиесінің программасы музыканың сүйемелдеуімен кейбір негізгі қиыншылықтарды:жүру, жүгіру сияқты жеңіл ойын әрекеттерін орындауды және тәрбиешімен ілесе секірме би қимылдарын қайталауды енгізеді.Бұдан басқа ойындар, секірме билер, жаттығулар енгізу белгіленеді, былайша айтқанда, белгілі бір репертуар іріктеленеді.

Ырғақтың алғашқы көрінісін дамыту, балалардың алғашқы ойын және секірме би қимылдарын меңгеруі сияқты негізгі міндет шешімін табады.

Бұл үшін балғындардың назары музыка әуенімен ойнауға және билеуге, музыка аяқталғанда қимылды тоқтатуға аударылады.Ырғақтың жеңіл түрін үйрету барысында тәрбиеші балаларды өзімен бірге музыка әуенімен жүруге, алақандарын соғуға, сылдырмақты сылдырлатуға шақырады.

Музыкалық-ырғақтық репертуар. Музыкалық-ырғақтық қимылдар дағдыларын меңгеріп алуға тиісті репертуарлар көмектесе алады.Ойындар мен секірме билер қарама-қарсы сипатттағы музыкаларды салыстыруға құрылады.Мысалы, «Ай-да» деген секірме биде (музыканың бірінші бөлігінде балалар бір аяқтан екіншісіне салмақ түсіріп қозғалып тұрады,

Әдістер мен тәсілдер. Өмірінің алғашқы жылында балалардың музыкалық-ырғақтық дамуы әдісінің негізіне тәрбиеші мен баланың бірлесе жасаған әрекеті, бастапқы еліктегіш қимылдар жатады.Бастапқы кезде тәрбиеші баланың қажетті ырғақты сезінуіне мүмкіндік беріп, оның аяқтары мен қолдарының қимылдарын басқарады.Бала өз бетімен отыра бастаған кезде, тәрбиеші оны қолына алып, онымен бірге билейді.Балалар қаз-қаз тұра бастаған кезде көңілді музыка әуеніне елікттеп аяғын тыпырлатып өзінше билеген болады.Тәрбиеші балғындарды қолынан ұстап, жетектейді және оған би музыкасымен байланысты қимылдарды:қолын бұлғайды, алақандарын соғады және т.б. көрсетеді.

Екі жасқа толған балалармен ойындар, билер, жаттығулар үйренудің әдісі үлкендердің көрсетуіне еліктеу, онымен қосыла әркет жасау сияқты әдіс түрлерін қамтиды.Музыка жетекшісі көрсетілетін қимылдарға қысқаша нұсқау береді, қимылдарды тәуір жасаған балаларды мадақтайды, көрсетусіз қимыл жасауға қиналатындарға көмектеседі.Кейбір балалар жеңіл-желпі қимылды тез үйреніп алып, оны өздігінен орындай білуге мүмкіндік алады.

Балалардың белсенділігін арттыру, қимылдар жасай білуге ынтасын ояту үшін музыканың сүйемелдеуімен алуан түрлі ойын тәсілдері, ойыншықтар пайдалынылады.Мысалы. балаларға қонжық қонаққа келеді, ол балалардың қалай қимыл жасайтынын «көреді», олармен және олар үшін «би билейді».Бұдан басқа заттармен орындалатын ойын қимылдары пайдалыналады:музыка ойналып тұрғанда балалар жалаушыларды сермейді, оларды ұстап жүреді, сылдырмақтарды сылдырлатып ойнайды, оларды жасырады және тауып алады, түрлі түсті орамалдарды ұстап билейді.

Педагог секірме билерді үйрету кезінде оны (бір-екі рет) өзі орындайды және өзімен бірге билегісі келетіндерді шақырады, билеуге құмарлық білдірушілердің өздігінен қимыл жасауын оятады.

Балғын жастағы бірінші топтың балалары жыл аяғында секірме би және бір қалыпта баяу ойналатын музыкаға еліктей білетіндей болуы керек, секірме би сипатындағы музыкаға әсерленіп, алақандарын соғатын, қолдарын сермейтін, өзінше билейтін болуы, тәрбиешінің ойын әрекеттеріне әсерлене жауап бере білуі керек.

Балғын жастағы екінші топтың балалары музыка әуеніне орай жүре және жүгіре білуі, музыка ойналатын жасырынбақ, қуаласпақ ойындарының ойнай білуі, жалаушалармен, сылдырмақтармен жеңіл қимылдарды жасай білуі, секірме билерді музыканың көңілді сәттеріне алақандарын соғу, аяғымен топылдату, қолдың басын бұру, билеу арқылы (тізелерін сәл қозғау) бере білуі керек.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 871 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері| Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)