Читайте также:
|
|
Жеті жасар балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған дағдыларын бекітуге бағытталған және бұны алдындағы жас топтарында жүргізілген жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып табылады.Бір ерекшелікті атап көрсеткен жөн.Егер ән айтуға үйрету кезінде балалар бақшасы мен мектеп арасында сабақтастық белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша. Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды, жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке дейінгі және мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі қиын. Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл-ой қабілеттерін, адамгершілік-еріктік сапаларын дамытуды ырғақтың қосар үлесінде бағалаған жөн. Осы жайды қарастырып көрейік. Ырғақ жөніндегі сабақтар балалардың шығармашылық қиялын тамаша дамытады. Олар әр түрлі кейіпкерлердің обрызында қайтадан түрленеді, жалғастық табады, музыка бойынша әрекет жасайды; шығармашылық тапсырмаларды шынайы жағдайда орындау олардың ойын жандандырады, мәнерлі қимылдарды іздеп табуға ынталандырады. Өзара қарым-қатынас, сюжетті ойындар кейіпкерлерінің көңіл күйін бастан кешіру балалрдың адамгершілік қасиетін молайтады. Бұдан басқа ұйымдастыра қабілетін көрсетуі – жолдастарына қарағанда өзінің қимылын тез жәнее шебер есептей білу керек. Музыкалық белгілерге дер кезінде жауап қайтара білудің маңызы зор. Қандай да болмасын бір бидің гимнастикалық қимылдардың, қайта құру элементерін меңгеруге арналған жаттығулар балаларды үнемі еңбектенуге, күш-жігер жұмсауға үйретеді. Ырғақпен шұғылдану жөніндегі сабақтар процесінде музыкалық есту түйсігі дамиды: бейнелік, әсемдік қимылдарды пайдаланып өзінің музыкалық әсерін дұрыс көрсете білу үшін балалар музыканы үнемі ықыластана тыңдайтын болуы керек. Шын мәнінде ырғақ-баланы музыка тілінің мәнерлілігін түсінуге жетелейтін құралдардың бірі.6-7 жастағы балаларды үйрету программасы мұның алдындағы топтағы сияқты басты талап – музыкалық образдардың ерекшеліктеріне сәйкес қимылдың мәнерлігін және еркін жасалуын қалыптастыру. Балалардың бойында музыканы тұтастай қабылдауды дамытады, алайда ол оларды музыкалық дыбыстың ерекшеліктерімен және құралдарымен таныстыруды ойластырады. Қимылдардың әсіресе би және гимнастикалық қимылдардың көлемі айтарлықтай кеңейтіледі.
Әсіресе творчесволық қызмет толыса түседі. Біліктер мен дағдылардың программалық көлемі музыкалық образдарға музыканың алуан түрлі сипатына өсіңкілігіне, ригистрларына сәйкес балаларды мәнерлі және баяулатуға, қимылдар арқылы өлшемді өлшемдік тынысты жеңіл ырғақты өрнекті белгілеуге музыкалық тізбектерге сәйкес қимылды өзгертуге ойнап болған соң өздігінен қимыл жасауға үйретеді.
Музыканың сипатына қарай жалпы қимылдарды орындау: салтантты түрде, бір қалыпты жүру әр түрлі ойындық образдарды (қорқақ қоян, қу түлкі) және би қимылдарын: полька биін билеу кезіндегі адымдар, әр түрлі ырғақты алаұан соғу; Осы қимылдардан құралатын секірме билерді мәнерлі еркін орындау. «полька биінің адымы», «шоқырақтап жүру», «Галоп»» терминдерін түсіну.
Балаларды творчестволық биімділікке тәрбиелеу: ойынға аранлған өлеңдерді өздігінен сахнаға ыңғайлау, ойындардағы образдық қимылдардың жаңа түрлерін ойлап табу, би қимылдарының элементтерін құрастыру, секірме билердің күрделі емес жеңіл композитциясын жасау.
Музыкалық – ырғақтық репертурлар. Ойындарда қол ұстасып жүріп өлең айтуларда, секірме билерде музыка басты орын алады. Шығармалардың мазмұны, оның музыкалық құралдары, құрылымы-баланың мәнерлі қимылдарының негізгі қозғаушысы. Музыкаға қойылатын талап –жоғары көркемдік, идеялық бағыттылық осы арадан басталады. Сонымен біоге шығармалар түрі жағынан есіңкі үйлесімді келіп балаларға қуаныш әкелетіндей олардың қимылдарын жетілдіруге көмектесетіндей болуы керек.қимылдар жасауға үйрету тәжрибесінде вокальді және аспапты музыка, автордың өзінің және халықтың музыкасы пайдаланылады.
Халық әндерінде секірме билерде және қол ұстасып жүріп айтылатын өлеңдерде қимылдарды дамытуға арналған мәнерлі мүмкіндіктер мол.
Композитциялардың педагогтардың белсенді көмегімен балалар билері, ойындары, жаттығулары үшін жазған музыкасы педагогикалық бағытқа ие болады және баланың музыкалық-ырғақтық дамуының белсенді құралы болады. Балалардың музыкалық-ойындық, би творчествосы олардың ойындарда өздігінен ойлап табушылығын, композитцияларды қол ұстасумен ән айтуды, би билеуді ойдан шығаруға білу мақсатын көздейді.
Балалардың осындай қабілеттерін дамыту үшін композитор Е. Тиличеева осы тараудың авторымен бірлесіп мазмұны жағынан тартымды, өзіндік әдеби – музыкалық сценарийі өмірдегі жағдайлармен байланысы бар бірқатар әндер мен пьесалар жазды. Бұл шығармалардың әрқайсысына міндет қойылып ол өзінің творчестволық шешімін тауып отырады. Кейіпкерлер арасындағы түрлі қарым-қатынастар туралы жиі әңгімеленеді. Бір ретте кейіпкер өзар тікелей қарым-қатынас жасамай қатар жүріп әрекет етеді.
Әдістер мен тәсілдер. Бұл жастағы балалармен жүгізілетін жұмыста қолданылатын методикалық тәсілдер сан алуан және олар төмендегілерге байланысты түрленіп отырады. Қолда бар қызыметтің алуан түрлері музыкалық ойындар қол ұстасып жүріп айтылатын өлеңдер билер жаттығулар. екінші бір түрі: ойынның орындалуы алдын ала айтылады. Мысалы: Т. Ломованың музыкасына жазылған «Метро» ойнында пионерлер алдымен екі-екіден көшеде жүреді содан соң метро станциясымен асықпай танысады. Поездың жүретіні хабарлайды бәрі вагоннан орын алуға асығады поезд жүріп кетеді. Мұндай методикалық тәсілдерді қимыл жасау және жүйелілігі жағынан онша күрделі емес ойындарды үйренген кезде де пайдаланған тиімді. Билерді үйрену де музыканы алдын ала тыңдауды түсінік беруді және жекелеген күрделі элементтерін көрсетуді талап етеді. Егер би екі бөлімді болып келсе музыканың басталуы қайырмасы онда түсінік бүкіл композиция бйынша немесе бөлімдері бойынша жеке болуы мүмкін.Методикалық әдістер ойындардың мазмұны мен прогрммалық біліктердің көлеміне байланысты түрленіп отырады. Ойынды орындауға қандай дағдыларқажет болатынын айқындау үшін оған алдын ала талдау жасалынуы керек.
Бұл жастағы балалар үшін қимылды дағдылар күрделі емес. Осы ерекшеліктерді ескеріп педагог методикалық тәсілдерді таңдап алады. Соңғы аккордтағы екпін дәлдігі мен музыкалық тізбектер бойынша жекелей көрсету ғана көбірек күрелі болып табылады. Бұл жерде өздігінен жаттығу жасау түріндегі белгілі жаттықтыру қажет болады. Қол ұстасып жүріп айтылатын басқа өлеңдерде ойындарда тиісті методикалық тәсілдерді талап ететін жаңа тапсырмалар қойылады. Методикалық тәсілдер белгіленген репертуарды меңгере отырып балалардың біліктері мен қабілеттері үнемі бірізділікпен дамытылуына бағытталынуы керек. Педагог баланы музыкалық тізбектерді басталуын аяқталуын қабылдай білу дағдысына үйретеді дейік.
Тәсілдер материалды үйрену кезеңіне байланысты түрін өзретіп отырады. Бірінші кезең-музыканы қабылдау. Бала оның жалпы сипатын, құрлымын сезіне білу керек. Келесі кезең – жаттау, бұл бір шама ұзаққа (бірнеше сабаққа) созылады. Методикалықтәсілдер педагогтың баланың бойында қалыптасқан сапаларды қабілеттерді дамыту жөніндегі талпынысына байланысты түрленіп отырады. Бала қимылдарды әбден үйреніп алғаннан кейін оларды қысылмай өздігінен жасағысы келеді.
Балалардың шығармашылығы. Балалардың өздерінің творчестволық әрекет жасауына жағдай жасайтын ойындар қол ұстасып жүрумен айтатын өлеңдер сахналанған шығармалар аз емес. Педагог балалардың қызметін бағыттай отырып біртіндеп қиындатылатын творчестволық тапсырмаларлы беруді қолданады. Осы мақсатта балалар зор ынтамен орындайтын арнайы музыкалық – әдеби сценарилер, әндер, пьесалар жасалған.балаларды колективтік тапсырмалар да алады. Өз ара ақылдасады би композитциясын ойлап табады. Мұндай міндеттерді шешуге екі бөлім үлгісінде жазылған пьеселарды тиімді пайдаланудың дұрыстығын тәжрибе көретеді.
Екі адам билейтін биді дұрыс әсем орындау. Балалардың әр бір жұбы жеке билейді олардың орындауын бүкіл коллектив бағалайды, педагог нақтылайды.
Жоспар бойынша секірме би ойлап табу. Балалар екі – екіден тұрып нені және қалай орындайтыны жайында ақылдасады. Халық биінің таныс элементтерін пайдаланып секірме би ойлап шығару. Педагог бірінен – бірі «Жақсы билейтін» ойларынан қимылдар жасап шығаратын екі баланы өзіне шақырады. Педагог орындайтын таныс емес әнді сахнаға шығару кезінде қимылдарды ойлап табудың өз вариантын ойлап шығару.
25.Сабақтың тақырыбы: Музыкалы ырғақтық жаттығуларды үйрету әдістемесі.
Сабақтың мақсаты: Музыкалы –ырғақты қимылдарды үйрету әдістемесі бойынша тәсілдерді меңгеру.
Білімділігі: Музыкалы ырғақтық қимылдарды үйрету әдістемесі бойынша алдымен балалардың жас ерекшеліктерін белгілеу шарт. Бағдарлама талаптарына сай ырғақты қимылдардың барлық түріне қатыстырудағы әдіс тәсілдерін меңгеру.
Дамытушылығы: Ырғақты қимылдарды билерді,хороводта айнала жүріп ән айта алумен бірге,екі-екіден билеу,жаттығуларына үйрету.
Тәрбиелігі: Болашақ музыка жетекшісін дайындауда осы қызметтің түрі әдістемесінің тәсілдерін видеомәліметтермен толығырақ таныстыру.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 613 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері | | | Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі |