Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау

Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. |


Читайте также:
  1. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  2. Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
  3. Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
  4. Жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
  5. Жаттығу. Сурет түсіру. Құжатқа гиперсілтеме жасау.
  6. Имылдарға үйрету әдісі.
  7. Капиталдың инон жаңа категориясына ықпалы мен әсері. Ақпаратты-экономикалық талдау. Жаңа экономиканың концепциясы

Көптеген жаттығулар «музыкалық әліппеде» берілген. Оны 4 – 7 жастағы балалармен жұмыс жүргізгенде пайдалануға болады. Кіші топтардағы балаларды оқыту процесінде олардың іс – әрекеттеріне байланысты ойын тәсілдерін, ойыншықтар, педагогтың жүйелі түрдегі көрсетулері кеңінен пайдаланылады.

Ойын формасындағы тапсырмаларға балалар қызығады, оңай түсінеді. Ойын тәсілдері алуан түрлі. Бұл кейде шығарманың мазмұнынан туатын ойын болады. Орыстың «Әтеш» («Петушок») деген қысқа әнін үйреткенде педагог «Ваня» (балалар ән айтып отырғанда ол ұйықтап жатады мен «Әтеш (Ән аяқталғанда: «Ку – ка – ре – ку!» деп шақырып «Ваняны» оятатын) атауларын таңдап алады.

Ойын тәсілдері кейде педагогтың әншілік дағдыларды үйренуге көмектесетін нұсқаулармен байланысты болады. Сол «Әтеш» әнін айтқанда балаларға әтешті шақырғандай, оны мәпелегендей етіп, соңғы буынды созып әндету ұсынылады. Сөзбен нұсқау беру көбінесе көрсетумен байлансып отырады. Мәселен, В. Карасеваның «Қыс» («Зима») әніндегі «Міне қыс келді, айнала ағарып, ақ көрпе жамылды» деген сөздерді әнге қосқанда балалар кей сөздерін дұрыс айтпайды. Педагог ондай сөздердің мәнін түсіндіре отырып, фразаларды өзі әнге қосып айтады.

Әдеби текст көмекші болатын әндерді үйренген кезде ойыншықтар кеңінен пайдаланылады. Өздерінің алдарында тұрған қоян, аю, қораз сияқты ойыншықтарға қарап отырып, ән айту балаларға қызықты. Олар жалаушаларды аса бір қуанышпен желбірете көтеріп немесе сылдырмақтарды сылдырлату арқылы музыкалық кіріспе немесе әннің соңын білдіреді.

Барлық топтардағы балалардың әрқайсысымен жеке де жұмыс жүргізе білу керек. Әр баланың әншілік қабілетін жылына бірнеше рет тексерген жөн. Бұл үшін сабақтарда әр түрлі тәсілдер қолданылады: әр балаға әннің бір шумағын айтып беру ұсынылады; біреуі бас жағын, екіншісі қайырмасын айтады; кезекпен бір – бір музыкалық фразаны орындайды. Байқау үшін жеңіл, жақсы меңгерілген ән алынады. Даусының дыбыс көлемі тар (2 – 3 дыбыс) әрі әнді дұрыс айтпайтын балаларға сабақ кезінде түрлі әндер айтуға үйрететін жаттығуларды ұсына отырып, жеке сабақ өткізген жөн.

Ән айтуға үйрету методикасы баланың ән айтып тұрған кезде кездесетін мүкіс интонацияны түзету, музыкалық кіріспеден кейін әнді дәл бастап кету, әнді сүйемелдеусіз орындау сияқты дербес әрекеттерін дамытуына көмектесуі тиіс.

Әлбетте, әнді сүйемелдеусіз айтуға үйрету өте қиын, дегенмен маңызы зор. Ән үйрете отырып, балалардан алдымен әнді фортепианоның сүйемелдеуімен, содан кейін онсыз, бірақ тәрбиешінің көмектесуімен айтуды, ал ең соңында әнді сүйемелдеусіз өз беттерінше орындауды ұсынған жөн. Ән үйреткенде, балаларға шағын шығармашылық тапсырмаларда ұсынылады. 3 – 4 жастағы бөбектерге өздеріне таныс бесік жырын айтқызып көруге болады. Бүлдіршін қуыршақты тізесіне қойып, «әлди – әлди бөбегім» деп ән салады, содан соң «ля – ля» деп әндете жүріп билейді. 5 – 7 жастағы балалардың әншілік шығармашылығын қалыптастыру үшін арнаулы әдіс әзірленіп, композиторлар, ақындармен ән үлгілері жасалған: Мәселен, балаға мына бір көңілді әнді тыңдатып, одан кейін осының сөзі бойынша өздерінше ән ойлап табулары керектігі айтылады.

Бірақ, шығармашылық тапсырмалар беру кезінде әрқашан оның белгілі бір реттілігі сақталады.

Бірінші кезеңде өз есімдерін әнге қосып айту ұсынылады. Әр бала педагогқа жауап бере отырып, өзінше ән салады. Мұнымен қатар тек сөзді емес, әннің өзін шығару да ұсынылады. Баланың белгілі бір ладта әндетуіне көмек беретін шағын әндер әзірленген. Мысалы, Т. Ломованың үлгі ретінде жазған «Биле, қара шегіртке» («Играй, сверчок») деген әнін әуелі ересек адам орындайды, одан соң музыкалық кіріспе ойналады, педагог әнді сүйемелдеусіз орындап көрсетеді.

Бала өзі ойдан шығарған әуен осы музыкалық дыбыс бойынша «ля – ля» буындарына бөліп әндетеді.

Екінші кезеңде балаларға музыкалық сұрақтар мен жауаптар үйретіледі. Мәселен, ауызекі сөзде «Қайда бара жатырсың?» деген сұрақтың «Үйге» деген жауабы болатыны балаларға естіледі. Ендеше ән айтқанда да соны істеуге болады. Үлгі үшін алынған әнді орындағанда түрліше естілетін сұрақ пен жауаптың (мысалы, М. Скребкованың «Ей, қоян қайда болдың сен», Г. Зингердің әндерінде «Бала мысық, саған не керек?») сипатына назар аударылады.

Үшінші кезеңде балалардың назары музыканың әр түрлі сезімдерді бейнелей алатындығына, бірде көңілді, енді бірде мұңлы болатынына аударылады. Балалар тапсырманы түсінген соң әндердің қарама – қайшы екі түрлі үлгісін (Г. Зингердің «Көктемде» («Весной») және «Күзде» («Осенью») әндерін немесе В. Агафонниковтың «Бесік жыры» («Колыбельная») мен Т. Ломованың «Би» («Плясовая») әндерін тыңдап шығады да, А. Шибицкаяның «Көктем күні шулайды орман – тоғай! Қарсы ал, әне, келеді қараторғай!» деген тексіне көңілді, ойнақы әуен ойлап шығарады да, оған керісінше «Құстар қайтып барады, қимайды көңіл – жаралы» деген көңілсіз сөздерге сәйкес интонация табады. Бұл арада әдістің көрінісі өзгереді. Фортепианода кіріспе ойналғаннан кейін балалар берілген текске өздері әуен шығаруға (әндерді айтып беруге) тиіс, бұдан соң әннің музыкалық қорытындысы ойналады.

 

20.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық ырғақ қимылдары. Би қимылдарымен музыканың байланысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Музыкалық ырғақтық қимылдар баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыт, жаттығулар, ойындар, билер, ән айтып ойнау әуезді ырғақты қозғалысқа оқыту әдістерін түсіндіру.

Дамытушылығы: Топтардың жас ерекшелігіне байланысты репертуарларының мінездемесі, өз бетінше және көрсетілген қозғалыстардың үйлесімділігінің маңызын оқыту

Тәрбиелілігі: баланың физиологиялық денесінің қалыпты дамуына әсер ететінін,бидің композиициясын, ырғақ жаттығуларын өз бетінше құрастыру арқылы баланың өзіндік көзқарасының дамуы, ойындар арқылы тапқырлық, шапшаңдық және қозғалыс арқылы ән айтуға дағдыландырып оқыту

Парктикалық сабақ: дәстүрлі

Көрнекілігі:

Сабақ барысы:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.| Жалпы сипаттама

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)