Читайте также:
|
|
Оқытудың міндеттері мен мазмұны. Үш жасқа қараған шағында баланың даусы қалыптаса бастайды, әншілік дыбыс жетілмейді, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзінде де ересек адаммен бірге әнге қосылып, музикалық фразалардың соңын, жекелеген дыбыстардың интонациясын қайталайды.
Балалардың алғашқы әншілік интонациясын жетілдіріп, нығайту міндеті алға қойылады. Бала әнді әлі бастан – аяқ дұрыс орындай алмайды, солай бола тұрса да оны жекелеген әунедер интонациясын дұрыс қайталатуына талаптандырған жөн.
Төрт жасқа қараған шағында балаладың әншілік даусы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. Кейбір балалардың дауысы ашылы түседі.
Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, педагог балалардың әнді қиналмастан (бірінші октавадағы ре – ми -ля) диапазонында табиғи даусымен айтуын қадағалайды.
Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына үлкен мән береді. Балалар көп ретте сөздің мәнін түсінбегендіктен жобалап айтады. Сондықтан жекелеген түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет.
Бұл жастағы балаларға көпшілік болып біркелкі өлең айту қиын, біреулері баяу айтса, енді біреулері тым асығыстық жасайды. Педагог мұны үздіксіз қадағалап, балаларды коллектив болып әнді дұрыстап айтуға үйретуі қажет.
Бірінші кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын белсенді түрде қайталай алуға тиіс.
Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи даусымен созып, сөздерін анық етіп, бір – бірінен қалып қоймай, озып та кетпей, әндер мен қысқа орамдардың әуенін дұрыс келтіріп, тәрбиешінің көмегі, музиканың сүйемелі арқылы және онсыз айта білуі тиіс.
Екінші кіші топта тапсырмалар бірте – бірте күрделендіріледі, кең (бірінші октавадағы ре –ля, ми – си) диапазонындағы әндер орындалады. Қайталанатын жеке фразаларға құрылған ән оны неғұрлым жақсы есте – сақтап, меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Бұл жастағы балаларға арналған әндердің көпшілігі баяу екпінде орындалады. Жылдамырақ орындалатындары да бар.
Методикалық тәсілдер Үш жастағы балаларды әнге үйрету жұмысында пайдаланылатын методикалық тәсілдерді қарастырайық. Мұнда ең бастысы – педагогтың әнді эмоциямен әсерлі орындауы болып табылады. Бұл үшін әннің ерекшеліктерін, сипатын, срынын жақсылап ойластырып, бейнелеп жеткізу қажет.Педагог әнді алғаш орындағанда балалардың әннің мазмұнын түсінуі үшін ойыншықтарды, сурет – картиналарды пайдаланады. Сондай –ақ ойын – тәсілдер де пайдаланылады.
Балаларға ән үйреткенде (әдетте, фортепианоның сүйемелдеуінсіз) педагог неғұрлым белсенді балаларды қолдап, мақұлдап отырады, ән айтуға өзі де қатысып, ұяңдау балаларға көмектеседі. Ән үйретілген соң түрлі ойын – тәсілдерге кірістіруге болады.
Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек пайдаланылады. Мысалы, педаог әуенге назар аударып, әнді 2 -3 рет қайтара айтып береді, одан соң аспапта тек әуне ғана ойналады да балаларға қосылып айту ұсынылады.
Белсенді балалар әнді бірден – ақ бастап кетеді. Бірте – бірте өзгелері де қослады.Әнді дауысты созып айтуға үйрету айрықша көңіл бөлуді қажет етеді, өйтекні балалардың көбі күбірлеп қана айтады. Педагог созылыңқы дыбыстарды әсерлі етіп әнге қосады. Балалар осыған ілеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде әр баланың даусын жеке тыңдап, оның бағыт – бағдарын байқап отыру қажет. Әнді жақсы айтушыларға барлық балаларға арнап тобымен өлең айтуды ұсынған жөн, ал ересектердің әніне жақсы «қосыла алуы» үшін өлеңнің реңін дәл келтіре амайтындармен жеке жаттығулар жүргізген жақсы.
Коллектив болып ән салуды (хор) қалыптастырғанда балаларды әнді бәрінің бірдей бастап, бідей аяқтауына, ән айтып тұрғанда бір – бірінен қалып қоймауға және озып кетпеуге жаттықтыру, олардың назарын әнді ұйымдасқан түрде бірлесіп айтуға аудару қажет.
Жыл аяғында балалардың кейбір әндерді тәрбиешінің көмектесуімен, музыкалық сүйемелдеумен және онсыз айта алмайтын немесе айта алмайтыны анықталады.
16. Сабақтың тақырыбы: «Балабақшадағы орта топтағы балаларға ән айтуға үйрету әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Орта топтағы балалар дауысының ерекшелігімен дауыс диапозонымен танысу. Әндер репертуарларының маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылығы: Ән айтуды үйретудегі алғашқы музыкалық дауыс жаттығуларын үйретудің мәнімен таныстыру;
Тәрбиелілігі: Ән айтудағы тәрбиелік мәні неде дауыс дикциясы мен дауысты және дауыссыз дыбыстардың айта білуде және ән айтқанда қалай тұру керектігін түсіндіру мақсаты
Практикалық сабақ: Дәстүрлі
Көрнекілігі: суреттер, аспаптар, ойыншықтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа тақырып
3. Пысықтау
4. Үй тапсырмасын тексеру
5. Бағалау
6. Үйге тпасырма
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 927 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | | | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі |