Читайте также:
|
|
Оқытудың міндеттері мен мазмұны. Бес жасқа қараған шағында балалардың белгілі бір музыкалық даярлығы болады. Олардың дауыстары қатаяды диапозаны бір шама кеңейеді (бірінші октавадағы ре – си), тыныс алуы дұрысталады, жекелеген дыбыстарды, сөздерді дәлірек айтатын болады. Бұл әншілік шеберліктің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен әнді табиғы, еркін айтуға үйрету қажет. Педагог дыбыстарды жұмсақ дауыспен әндетудің үлгісін көрсете отырып, осы дағдыны қалыптастыру мен үзбей шұғылданады. Мұнымен бірге дер кезінде дұрыс алынған тыныс, музыкалық фразаны ақырына дейін айта білу дағдысы жетілдіріледі. Сөздерді дұрыс айтуға да көңіл бөлінеді: әннің мазмұны, ттүсініксіз сөздердің мәні түсіндіріледі, әдеби текстің әсерлілігі атап көрсетіледі. Сонымен қатар сабақтардыа музыкалық дыбыстарды түсінікті етіп айту қалыптастырылады, балаларды ән айтып тұрғанда аузын молырақ ашуға үйретеді. Әнді бір мезгілде бастап бірдей аяқтауда көрінетін коллективтік ән айту дағдысын жетілдіру ісі зор көңіл бөлуді талап етеді. Бұл жастағы балалар өзімен бірге ән айтып тұрғандардан озып кету немесе қалып кою әдетінен әлі де арылмайды. Педагог ән айту кезінде оның екпінін сақтауда жіне шығарманы мазмұнына сәйкестендіре, күрделі емес музыкалық реңде орындауды үйретеді. Озық тәжірибе бұл дағдыны мүмкіндігінше ерте меңгерудің, әнді сүйемелдеусіз орындауға үйретудің қажеттілігін көрсетіп берді. Айтылуы жағынан өте оңай, ыңғайлы әндер балалардың игілігіне айналады, олар мұндай әндерді өздерінің дербес қызметінде ойдағыдай пайдаланады.
Программада балалардың музыкалық есту қабілетін жетілдіру көзделеді. Баланы педагогтың өз жолдастарының вокальдық интонациясын құлақ салып тыңдауға үйретеді бұл кейінен әр қайсысының хорда әнді үйлесімді айтуына көмектеседі. Ән айтуға үйрете отырып тәрбиеші балалардың сенсорлық қабілеттерін жетілдірумен де үздіксіз шұғылданады, өйткені олар жеткілікті арақашықтықта орналысқан (октава, секста) дыбыстарды биіктігі жағынан айыра алтындай дәрежеге жетеді.
Бес жастағы балалар жыл аяғына қарай: әнді табиғы дыбыспен еркін, әсерлі айту, созып айту, қысқа музыкалық фразалар аралығында тыныс алу, сөздерін түсінікті етіп дұрыс айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау, күрделі емес әуенді дұрыс айтып беру, сияқты программалық дағдыларды меңгеруі, бірінші октавадағы ре – си шамалығында әнді үйлесімді айту басқалардың дауысын тығдау, дыбыстарды биіктігіне қарай айыру, әнді аспаптың сүйемелдеуімен және онсыз айтуы тиіс.
Ән репертуары. Ән репертуарының тақырыптары кіші топтардағыға қарағанда алуан түрлі болады. Осыған байланысты бұл жастағы балаларға арналған әндер де музыкалық бейнелеу құралдары да байтыла түседі. Программалық ән репертуары 4 – 5 жастағы балалардың дауыс ерекшеліктеріне сай жасалынады. Әндердің диапазоны шағын, музыкалық фразалары қысқа. Бірақ оларда бір – біріне ұқсас музыкалық фразалардың әндерінде түрліше аяқталуы барған сайын жиі көрініп отырады. Бұл ерекшеліктерді ән үйреткенде ескеру қажет.
Методикалық тәсілдер. Методикалық тәсілдер балалардың әншілік дағдыларын меңгеруіне бағытталған. Интонация (таза) мен дауысты дұрыс шығаруды жетілдірумен шұғылданғанда педаог әнді тіпті 2 – 3 баланың бұзып айтуының өзі коллектив болып орындаудың сапасын кемітетінін есте ұстай отырып, балаларды тұрақты түрде жаттықтырады. Әнді үйрете бастағанда оны фортепианоның сүйемелдеуімен, ал одан кейін онсыз орындаған жөн. Бұл жастағы балалар ересек адамның орындағын әнін тыңдап отырып, әнді өздері де жақсы де жақсы, дәл орындай алады. Егер балаларға әуеннің қайсыбір орамын орындау қиын соқса, оны жеке жаттықтырған дұрыс. Егер бала тапсырманы орындай алмаса, онымен сабаққа дейін немесе сабақ соңынан шұғылданған жөн. Тәжірибеде мынадай да тәсілдер кеңінен пайдаланылып жүр: шағын топ, кейде жеке әншілер әннің әр фразасын кезектестіріп орындайды. Осы кезектестіру балалардың тыңдауға деген ықыласын күшейте түседі.
Әнді дауысты ұзақ шығарыңқырап айтуға үйрету ісі педагогтың әнді өзінің дұрыс орындап көрсетуі және бейнелі салыстырмалы арқылы жүзеген асады.
Сондай – ақ мұндай дағдыны дамытуға әуенді сөздерін айтпай, дауысты дыбыспен аяқтайтын буындарын (ля- ля – ля) әнге қосу арқылы орындау тәсілі де жәрдемдеседі.
Сондықтан да әр шығарманың тәрбиешіден педагогикалық тәсілдерді шығармашылықпен әздестіруді талап ететін өз ерекшеліктерінің болатынын есте ұстау қажет.
Ән үйрету сабақтарда оқудың мынадай кезекте жүргізілуін талап етеді: шығарманы алдын ала музыкалық талдау программалық дағдыларды анықтау, педагогикалық тәсілдерді нақтылай түсу. М. Красевтің «Барабаншы»атты әнін үйрету кезінде тапсырмалардың қандай ретпен берілетінін қараспырып көрелік.Бұл бейнелеу сатысындағы өзіндік интонациялық орамдарға негізделген көңіді, марштық ән.
Жыл аяғынада, мына төмеендегілерді анықтау үшін әншілік дағдылардың меңгерілуін,дауыс пен есту қабілетінің жетілуін, ән айтудың сапасын тексеру қажет:
Әр бала таныс әндерді фортепианоның сүйемелдеуімен орындай ала ма? Бұл ретте мынадай тәсілдер қолданылады: әрбір балаға өзі қалауынша таныс әннің бір шумағын орындап беруі, тағы қандай әндерді үйренгенін еске түсіру ұсынылады.
Коллектив әнінің айтылу сапасы қандай: балалар әнді ересек адамның қатысуынсыз аспаптың сүйемелдеуіне ілісе отырып, таза айта ала ма? Тәсілдері: музыкалық кіріспеден кейін балалар әнді айта бастайды педагог оны мұқият тыңдап шығады соңынан кемшіліктерін көртеді. Ән екінші рет орындалады, педагог бұл жолы балалардың қателіктерін жүзеге қалай ұмтылатынын қадағалайды;
Балалар биіктігі әр түрлі дыбыстар: октаваны, сиптиманы, секстаны бір – бірінен айыра ала ма? Тәсілдері: Балаларға алдымен «ана - құстың» қалай, «балапандардың» қалай сайрайтынын айтып беру ұсынылады.
17. Сабақтың тақырыбы: «Ересек дайындық топтағы балаларға ән айтуды үйрету»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ересек және дайындық топтағы балалардың дауыс ерекшелігімен диапозонын білу,олардың нені меңгере алатынын қандай дауыс жаттығуларын айта алатынын оқытып түсіндіру;
Дамытушылығы: Ән айтуға үйретудегі дауыс жаттығуларының бірнеше түрлерін меғгерген дыбыс ұзақтықтарының ноталардың төменнен жоғары қарай өсетінін меңгергенін кейбір жоғарғы дыбыстарға күнделікті дайындықпен дағдыландырудың арқасында жоғарғы ноталарды қиналмай айта алу мүмкіндіктерімен өз бетінше әрекет жасай алатынын оқыту мақсаты;
Тәрбиелілігі: Ән репертуарының алуан түрлі болуы шарт екенін көрсету оқыту. Мектепке ждайындық тобы балаларының ән айтуға үйретуде әдіс тәсілдердің дәл нақтысымен пайдалана отырып музыкалық сабақты өткізде талап ететін мәніні түсіндіру мақсаты. Дайындық топ бұлар өз бетінше әнді бірге бастап бірге аяқтай алатын және көп нәрселерге ән айтудың қанық болып өскен көп нәрселерді ән айтудың меңгерген топ екенін оқыту
Практикалық сабақ: Дәстүрлі
Көрнекілігі: суреттер, аспаптар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа тақырып
3. Пысықтау
4. Үй тапсырмасын тексеру
5. Бағалау
6. Үйге тпасырма
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1543 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | | | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. |