Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.

Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі |


Читайте также:
  1. V—VIII сыйныфларда сочинение язарга өйрәтүнең фәнни нигезләре
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  4. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  5. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  6. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  7. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.

Ән салуға үйрету жөніндегі бағдарламаның мазмұны бұған дйінгі топтарда қолданылған принциптерге негізделген.Блалардың молайған мүмкіндіктері енді ән құралдары арқылы өмірдің түрлі құбылыстары жөніндегі ұғымдарының анағұрлым кеңейе беруіне жол ашады.Сөйтіп, ән айтудың танымдық ролі артады.Алты жасқа аяқ басқан баланың жалпы жетілуі, күш - қуатының артуы дауыс аппараттарының жетілуіне әсер етеді.Балалар бақшасының бұған дейінгі топтарында үйретілген, жетілдірілген дағдылар енді нақтыланып, қалыптастырылады.Әнді таза айтуға дағдыландыруға үзбей көңіл бөлініп келеді.Әрбір топта әнді төмен дауыспен әрі бұрмалап айтатын 5 – 6 бала кездеседі.Олармен өз алдына бөлек сабақтар өткізутиімді. Әннің естілу сапасы көп реттеи ән айтқан кезде тұлғаны дұрыс ұстауға байланысты.Музыканың реңін, нюанстарын дәл келтіру, сондай – ақ ансамбльді,яғни әншілік дағдыларды қолданудағы үйлесімділікке әннің әсерлі орындалуы септігін тигізеді.Баланың дауысы бекиді, бірінші октавадағы ре – си мен екінші октавадағы до әншілік диапазоны айқындалады.Есту қабілетін жетілдіруге, тыңдай білуге жане дыбыстың дұрыс не бұрыс естілуін айыра білуге ұдайы назар аударылып отырады.Жыл аяғына қарай олар мынадай дағдыларды меңгереді: әнді қиналмай, бірқалыпты, жеңіл дыбыспен әсерлі орындау, музыкалық фразалар аралығында тыныс алу, сөздерді анық айту, әнді бәрі – бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау, әуенді дұрыс келтіру, әнді тәрбиешімен бірге сүйемелдеусіз түрлі екпінмен біршама асқақ жане біршама ақырын айту жане аспаптың сйемелдеуімен дербес орындау, бірінші октавадағы ре – ми мен екінші октавадағы до диапазонында әнді коллектив болып жане жеке айту, үйренген әндерін еске түсіру жане орындау, дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығы бойынша әннің дұрыс не бұрыс орындалып тұрғанын есту қабілеті арқылы байқау.Ән айтып тұрғанда тұлғаны дұрыс ұстау. Ән репертуарының ерекшеліктері. Ән репертуары осы міндеттерді ең алды - мен балалардың біздің кеңестік шындығымыз жөніндегі көзқарасын білдіруіне мүм – кіндік беретін тәрбиелік жане білімдік маңызын ескере отырып шешуге көмектеседі.Ән балаларды оқуға, дағдыларын қалыптастыруларына музыкалық қабілеттерін, әуенді естігіштігін, әншілік дауысын жетілдірулеріне мүмкіндік береді. Педагог әнді бірқалыпты, еркін айтуға үйреткенде, орыс халқының “Әлди – әлди, әлди - әлди” (“Бай, качи - качи”) әнін немесе А.Филиппенконың (“Баққа барып бүлдірген тереміз”) (“По малину в сад пойдем”) әнін пайдалана алады.М.Иорданскийдің “Көгілдір шаналар”,(“Голубые санки”), Е.Тиличееваның “Шырша туралы ән” (“Песня про елочку”) атты көңілді, ойнақы әндері үйретілгенде жеңіл, ойнақы дыбыс дағдысы оңай меңгеріледі.5 – 6 жастағы балаларға әндердің динамикалық және екпіндік өзгерістері шамалы, бірақ олар композитордың барлық нұсқауларын дәл орындауды және өзгертпеуді талап етеді. Әдістемелік тәсілдер. Әдістемелік тәсілдер: әрқашан да әншілік дауысты, әуенді ара қатынастары туралы алғашқы музыкалық – есту ұғымдарын дамыту үшін салыстыру әдісі пайдаланылады: әр түрлі аяқталатын бірдей музыкалық фразалар орындалады да балаларға ең биік жане ең төмен дыбыстарды анықтау ұсынылады. Екінші бір жағдайда екі дыбыс (әндегі интервалдар) салыстырылады.Бұл тапсырма –лар балаларды қызықтырып әкететіндей жане бейнелі немесе ойын формасында болуы қажет.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 787 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі| Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)