Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.

Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау | Жұмыс формалары | Дәстүрлі | Н. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі. | Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі |


Читайте также:
  1. V—VIII сыйныфларда сочинение язарга өйрәтүнең фәнни нигезләре
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  4. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  5. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  6. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  7. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.

Оқыту міндеттері жане мазмұны. Бағдарламаның мазмұны басқа топтардағы сияқтымузыкалық –эстетикалық тәрбиенің міндеттерімен белгіленеді. 6 – 7 жастағы балаларды мектепке даярлау міндеттерін шешуде әннің, оның алуан түрінін тәрбиелік ықпалы,музыка сабағына белсене қатысу,музыкалық есту түсігінің дамуы күшейе түседі.Мектепке ән айтуға көп көңіл бөліненді.Сондықтан балалар бақша - ның даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыста әнге қойылатын талаптар артып, күрлелене түседі, онда мынадай мақсаттар көзделеді:

балаларды өлеңді мәнерлі,әуенді, жеңіл сыңғырлаған дауыспен айта білуге; ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей демді ішке ала білу және оны сөздерді айтылып болғанша ұстауға;дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта отырып,сөздерді анық етіп айтуға үйрету;

балаларды өлеңді өздігінен және бір мезгілде бастай да аяқтай білуге, көрсетілген қарқынды (тездету,баяулату,күшейту және дауысты әлсірету) сақтай білуге;ырғақты өрнекті дәл орындай білуге;әннің сазын дұрыс бере білуге,өзін және басқаларды тыңдай білуге,қателерін түзей білуге;таныс өлеңдерді аспаптың сүйемелдеуімен және аспапсыз мәнерлеп орындай білуге;мұның алдындағы топтарда үйренген өлеңдерін есіне түсіре және айта білуге;ән сазының жоғары –төмен көтерілу бағы – тын анықтай білуге,қысқы және созылып айтылатын дыбыстарды ажырата білуге; ноталардың аттарын білуге,көтеріңкі айтылатын дыбыстардың жоғары сызықта, ал төмендеу айтылатындарын төменгі сызықта орналасатынын түсіне білуге үйрету;

дауысқа еліктеп,жанынан шығарушылыққа («ау», «ку – ку») және меңгерген ән айтушылық дағдыларының негізінде әр түрлі әндерді айта білуге үйрету;

ән айту кезінде көкірегін,денесін дұрыс ұстай отырып коллективті түрде және жеке дара ән айта білуге үйрету;

балалардың дауыс диапозоның алғашқыда (до) ре октавасы,екіншіде до (до диез – ре) көлемінде нығайту және дамыту.

Әндік репертуардың ерекшеліктері. Әндік репертуар мазмұны, тақырыбы, шығарманың музыкалық құралдары алуан түрлі болып келеді:

1) бағдарламада қаралған барлық жағынан әндерді айту дағдыларын игеруге арналған әндер;

2) балаларды нотамен ән айтуға даярлауға септігін тигізетін шағын өлеңдер, жаттығулар;

3) балалардың әндік творчествосын дамытатын әндер – үлгілер.

Нота бойынша ән айтуға дайындайтын жаттығулар жатталатын репертуардан пайдаланылады.Үйрету жұмысын осы бағытта ойдағыдай жүргізу үшін, «Музыка – лық әліппе» («Музыкальный букварь») кітабынан алынған арнаулы жаттығуларды да пайдалануға болады.

Әдістемелік тәсілдер. Әдістемелік тәсілдер де бағдарламалық дағдылар мен репертуарды меңгеру міндеттеріне жауап береді.Педогог дыбыс жасаумен (жоғары,жеңіл,үнді,әуезді,жылдам) жұмыс істегенде өзі жасап көрсетуді немесе өлеңді жақсы айта білетін баланың көрсетуін пайдаланады. Басқа балалар мұны бар зейінмен тыңдай отырып,дәл солай жасауға талпынады.Еліктеу әбден ойланылған: тыңдалған салыстырылған, баға берілген болуға тиіс.

Дыбыстың әуезділігі созылыңқы а, о, у, э, и дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуының қалыптасуына көмектеседі. Мұнда педагок балаларды ауызды жартылай ғана ашумен дауысты дыбыс пен буындарды («ля-ле»)әндетіп айтуға жаттықтырады. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстарды, әсіресе сөздің аяғында келетін дауыссыздарды дәл де анық айтудың маңызы ерекше Мұндай жағдайда «динь-динь» деп буынға бөліп айтудың тигігер көмегі мол.

Ән айтқан кезде тыныс адла білу жөніндегі жұмыс дыбыс жасаумен тығыз байланысты. Үнемі жаттығулар жасалынылуы және ескертулер жасалынып отыруы қажет.

Мұхамды дамытудың тәсілдері (дұрыс, анық айту) әдеби текстің ерекшілігіне және сөздердің мәнін дұрыс түсіне беруге орай жүзеге асырылады. Әрбір бала барлық сөзді түсініп айтумен бірге жақсы артикуляциялауға тиіс.

Дағдылардың ең бастысы – хормен (сапта) айтылатын әндердің сазын дұрыс, әрі таза айта білу. Бұл дағдыны дамытудың барлық тәсілі музыкалық есту ұғымымен, естігенде өзіндік бақылау жасай білумен, үлкендердің қалай айтқанын, аспапта қалай ойнатылғанын тыңдай және қайталай білумен тығыз байланысты.

Ән айту алдында «көңі күйін келтіру»; педагог бірінші дыбысты әндете айтады(созады), ал балалар оны қайталайды.

Музыкалық есту түсінігін қалыптастырумен әр әуеннің көтерілу бағыты туралы, жоғарырық және төменірек айтылатын дыбыстар туралы балаларға айтып отыруы.

Өлеңді қалай және төмен айтуды көрсететін қол қимылдарын (дерижерлық ету элементтерін) пайдалану.

Балалардың аспапсыз ән айтқанда үндестіліігін төмендетін алмауы үшін, олардың (көңіл-күйін) келтіріп алған, мызыкалық кіріспе жасаған, әннің соңында – қорытынды жасап отырған пайдалы.

Сөйтіп ән айта білуге үйрету методикасында мәнерлеп орындауды көрсету және рұқсат беру маңызды орын алады. Сонымен қатар көрушілік және басқарушылық көрнекліктің: педагогтың бет әлпетінің көрініснің тиісті сипаттағы әнді орындау кезіндегі оның көңілді күлксінің немесе салмақты типінің, сондай ақ дережорлық белгілерінің (дыбыстың жылждам немесе баяулай айтылуының әннің басталуы мен аяқталуының, ән сарының бағытының және т.б. қолмен көрсетудің) белгілі бір роль атқаратынын да айта кеткен жөн.

Мызыкалық сауаттың қарапайым білімдерін беру. Балаға нота бойынша ән айтуға үйретуге көмектесетін методикалық әсілдердің жүйесі, тапсырмалар мен жаттығулардың ән репертуарының қиындық дәрежесене қарай бірізділікпен орналастырылуы «музыка әліппесінде» («мызыкальный букварь») көрсетілген.

Айқын суреттер тапсырмаларды меңгеруге көмектеседі.

Әліппенің брінші бөлімінде келтірілген жаттығуларды бала есту арқылы меңгереді. Дыбыстың жоғарылығын ұзақтылығ меңгеруге көп жағдайда «ноталық лота» «нотное лото», көмектеседі. Балалар өлеңді тыңдайды және фланеграфқа карточкаларды немес ноталарды дөңгелекшелерді ретімен «шығарып» қояды.

 

18. Сабақтың тақырыбы: «Ән айту шығармашылығын дамыту»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ән айту баланың жеке басының қалыптастыру құралы, ән айту шығармашлығын дамытуда баланың қызығушылығын арттыруда жеке дара дайындық үш не төрт минуттық сабақтар өткізу. Баланың топ ішінде қалып қалмауын, сенсорлық қабілетін ашу екенін оқытып түсіндіру;

Дамытушылығы: Ән айту шығармашылығын дамытудың ең бір негізгі кездері, мерекелер, концерттер, сайыстар, музыкалық сабақтардағы ойындарда баланың ұялмай елдің алдында ән салуына ең бір қажет ететін әдістерді пайдалана білу мақсаты.

Тәрбиелілігі: Шығармашылық баланың өмірін балабақшадағы қызықты әрі маңызды өту үшін таңертеңгілік мерекелерде жеке дауыста ән салумен бірге ұйымдасып бірге ән айтудың әсерінің әртүрлі мәні бар екенін оқыту мақсаты

Практикалық сабақ: Дәстүрлі

Көрнекілігі: репертуар жинағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа тақырып

3. Пысықтау

4. Үй тапсырмасын тексеру

5. Бағалау

6. Үйге тпасырма

 

18.Ән айту шығармашылығын дамыту.

Ән салуға үйрету методикасында педагогқа алдын – ала даярлық керек. Ол әуелі әнді талдайды, оның көркемдік сапасын анықтайды, үйрету тәсілдерін және оқыту сабақтарын жүргізудің ретін ойластырады.

Үйрену процесінің өзі екі кезеңде жүргізіледі: алғашқысында балалар әнмен танысады, одан кейін ән айтудың негізгі дағдыларын – үйрету жұмысы басталады. Үйренген әннің әлденеше қайталауды, әсерлі орындауға машықтануды, ең бастысы – оны тәжірибе жүзінде дербес пайдалана білуді талап ететінін есте ұстаған жөн.

Әншілікке мына тәсілдер қалыптастырады: әнді әсерлі орныдау, ән айтудың жекелеген сәттерін (дауысты қалайша қайткенде дәл қайталауға болатынын) көрсетіп беру, ауызша кеңес беру – шығарманың мазмұны туралы әсерлі әңгімелеу, тапсырмаларды орындау жөніндегі кеңестерді түсіндіру т. т. Педагогтың ым арқылы, дыбыстарды даралау, қарапайым дирижерлық қимыл арқылы түсіндіруі де маңызды орын алады. Бұл тәсілдерге сөз жоқ, тәрбиешінің шеберлілігі мен білімі көмектеседі.

Мәнерлеп орындау.

Әнді үйрену кезінде негізгі тәсілдердің пайдаланылуын қарастырайық.

Балаларды әнмен алғаш таныстырғанда оны бейнелі, мәнерлі етіп орындаған жөн, сонда ғана ол жас тыңдаушысын тебірентіп, еліктіріп, қызықтырып әкете алады. Егер әсерлі айтылса, ұнаса балалар әуеннің қиын интонацияларын да тезірек меңгереді.

Әнді алғаш рет орындау кезінде тыңдаушылардың оған зор ықылас қоюы керек. Сәтті шыққан педагогикалық тәсілдердің бірнешеуін қарастырайық. Мысалы, педагог балаларға қарап тұрады да: «Сендерге бір қарағанда – ақ маған бәріңнің бірдей ықылас қойып – қоймай отырғандарыңды біле қоямын» дейді. Кейде тиесілі ескертпе жасау тәсілі де қолданылады. «Бәрің де түзу отырыңдар, кәне, жаңа ән тыңдаймыз, Оля да тыңдайды», - деп педагог құрбысымен сөйлесіп отырған қызға қарап, оның да назарын өзіне аударады. Кейде педагогқа әне байланысты қысқа, бейнелі сөз айту да көмектеседі. Оны өлең тексінен немесе осы әннің негізгі мазмұнын айқындай алатын кейбір өлеңнен алуға болады. Мысалы «Көктем жыры» («Веснянка») деген украин халық әнін орындау алдында мынадай шумақты дауыстап оқиды...

Келді көктем аңсаған,

Құлпырды бар айналам.

Көктемге арнап біз енді,

Көңілді ән саламыз.

Әншілік дағдыларын дамыту тәсілдері

Әнді үйрену, әншілік дағдыларды меңгеру – келесі ұзақ кезең. Әндердің күрделілік дәрежесі әр түрлі: бірі қайталап отырудың нәтижесінде жеңіл меңгеріледі, енді бірі ауыр оралымды игеруге көмектесетін жаттығулар арқылы баяу меңгеріледі. Оқыту процесі белсенді әрі қызықты болуы үшін балалардың эмоциялық толғаныстарын демей отырып, коллективке ортақ талпынысын, еңбекке деген құштарлығын қалыптастыру керек.

Әр әннің ерекшеліктеріне байланысты тәсіл қолдану қажеттілігі туып отырады. Бұл процесте әншілік дағдыларға (дыбысты дұрыс шығару, демді біркелкі алу тұтасуы) өзіндік тәсілдері сәйкестенеді.

Дыбыс шығаруды жетілдіру ісімен шұғылданғанда балаларды өлеңді табиғи, дауысты шығарыңқырап, жеңіл, дыбысты созып, сазына келтіріп айтуға үйрету қажет. Дауыстың шарықтауы а, о, у, э, и дауысты дыбыстары арқылы іске асады.

Бұған мысалы, орыстың «Бала мысық – бал мысық» («Котенька – коток») деген халық әніндегі мынадай тәсіл жәрдемдеседі. Оқытушы балаларға: «Қане, мысықты осылай атайықшы, есітер ме екен» дейді.

Осы музыкалық фразаның соңғы дыбысы фермато түрінде орындалады, яғни ол өздігінен созылып шығады.

Ән айтудың жеңіл, ойнақы дағдысын меңгеру үшін іс – қимылды айту, қайталау тәсілі («сырнаймен әндетеміз: ду – ду – ду», қоңыраудың қалай шырылдайтынын көрсетеміз: дің – дің – дің» т.б.) пайдаланылады. Осылайша балалардың (әсіресе ересектерінің) дыбысты емін – еркін өзгерте білу дағдысы жетіледі.

Дыбыс шығаруды жетілдіру жұмысында балалардың әншілік диапазонын нығайтып дамыта беру маңызды. Алайда мұны өте сабырлылықпен істеген жөн.

Әуелі әр баланың дауыс мөлшері тексеріледі, ән айтудың балалардың қайсысына қиын соғатыны анықталады. Содан кейін әр түрлі тәсілдер, мәселен, балаларды дұрыс отырғызу ісі қарастырылады: дыбыс көлемі (диапазон) шектеулі әрі әнді дұрыс айта алмайтындарды бірінші қатарға отырғызады. Сонда педагог оларды қадағалай алады, дер кезінде көмек береді. Мұнда үстіне алдында отырғандар басқа балалардың әнді қалай айтатынын аңғарып отырады.

Диапазонды әр ретте жоғары тонмен айтуға, яғни транспонирлеуге тура келетін шағын жаттығулар – қысқа әндер айту қалыптастырады.

Ән айту кезінде тыныс алуды реттеу жұмысында сөздік арасының «үзілмеуі» еске салынады. Дұрыс орындауды үнемі көрсетіп, еске салып отыру, балалардың тапсырманы игеруіне жәрдемдеседі.

Балаларды дикцияға үйрету барысында педагог ең алдымен олардың назарын музыкалық интонацияларына сәйкес әсерлі сөйлеуге аударады. Мұндайда мәселен, қаратпа сөздер («Ей, жолдан былай тұр, сақтан!») мен сұрақты («Қайдасыңдар, менің балапандарым, кішкентайларым?»), немесе образдың сипатты белгілерін көрсетіп тұрған сөздерді («Қорқақ сұр қоян», «ашулы қасқыр») бөліп көрсеткен маңызды. Сөздің мәнін түсінбеушілік көп жағдайда әнді нәшіне келтіріп айтуға бөгет болады. Мысалы, «Қоянқай» деген украин халық әнінің тексінде «Орман шетінде қоянқай отыр» деген сөйлемдегі «шеті» дегенді кейбір балалар «шені» немесе «шебі» деп түсініп, әнде солай айтады. Дикцияны жетілдіру жұмысында еріндердің, төменгі жақ сүйектің қимылына назар аудару қажет. Өлеңнің тексін ырғақпен баяу немесе дауыстап айта білу – сәтті тәсіл болып табылады. Мысалы, т. попатенконың «Ән туралы жыр» («Песенка о песенке») атты әнінің тексін былайша оқып беруге болады.

Педагог түрлі тәсілдер қолдану арқылы балалар әнін ансамбльдікке (үйлесімділікке) жеткізеді. Алайда, «әнді қаттырақ айтыңдар, ақырынырақ... тезірек...» деген сияқты тікелей нұсқаулар беруден сақтанған жөн. Қайта осылардың мән – мақмұнын ашып берген маңызды. В. Витлиннің «Аяз ата» («Дед мороз») деген әнінде педагог балалардың басты кейіпкерге деген ыстық ілтипатын ескере отырып, дыбысты тым күшейтпей, бәсеңдетпей әнді орындап береді.

Балалар осы динамикалық реңдерді түсінеді де, әлбетте қажетті интонация жасайды.

Үйлесім (әуендік интонацияның дұрыстығы мен тазалығы) – хорда ән айту шеберлігінің ең маңыздыларының бірі. Мұнда әнді бұрмалай орындау мен есту қабілетінің белсенді қызметі арасындағы байланысты айқын көрсетуге, балалардың зейін қою, өзін – өзі бақылау қабілетін жетілдіруге тиіс. Мына бір тәсілдерді көрейік. Әнді бастау алдында педагог балаларды біркелкі ырғаққа түсіргендей ыңылдап әндетеді.

Бұдан соң ол әнді осы нотадан бастап балалармен бірге қосылып айта бастайды немесе балаларға бір дыбысты созып әндетуді ұсынып, мынаны айтады: «Қәне, бәріміз бір кісідей, бір сырнайдай айтамыз ду – ду!».

Кейбір әндердің балалардың назары аударылып отыратын қиын жерлері болады. Мәселен әр түрлі аяталатын ұқсас қос музыкалық фразаны дұрыс әндету күрделі. Ан. Александровтың («Қаздар, бала қаздар»), («Гуси – гусянита») деген әнінен осы жайтты аңғаруға болады. Сондықтан балаларды жаттықтыра түсу, яғни бір әуен оралымын бірнеше рет қайталап айтқызу дұрыс болмақ. Бұл арада мынадай да тәсіл қолданылуы мүмкін: даусы төменірек балалар бірінші дәне екінші фразалардың әуенін орындайды да, ал даусы биігірек балалар соңғы «га – га – га» деген сөздерді ған әндетеді.

Жаттығулар. Баланың даусы мен есту қабілеті әндерді үйрену кезінде ғана емес, сонымен қатар жоғары есту қабілетін, әншілік даусын, дауыс пен есту қабілетін үйлестіре дамытатын арнай жаттығу тәсілдері арқылы қалыптасады.

Жаттығулардың бірінші типіне мыналарды жатқызуға болады:

Әуеннің соңғы дыбысының қашан тынғанын анықтау, (педальді басып тұру қажет);

Бір – біріне ұқсас екі музыкалық фразаның түрліше аяқталуын есту;

Биік және төмен дыбыстарды ажырату;

Әуеннің жоғары – төмен өзгеру бағытын айыру; әуеннің дұрыс не бұрыс орындалып тұрғанын ажырату.

Жаттығулардың екінші типіне әнді белгілі бір тапсырмалар бойынша айтып үйрену жатады:

Кіші дыбыс аралығын (терцияны) төмен алып («ку – ку») әр түрлі үнмен әндету (педагог көрсеткеннен кейін);

Бес нотадан тұратын дыбыстар тізбегін төмендете (транспонирлей) отырып әндету;

Кіші терцияны төмен алып әндетеді (балалар: «Коля» деп шақырады), енді кіші терциямен (бесінші дыбысты (квинтаны) төмен алып әндетеді. Қатаң (Мажорлық) дыбыс (бір жас бала: «Мен келе жатырмын» деп жауап қайтарады) шығады. Шағын халық әндерін, олардан үзінділер айту;

Жаттығулардың үшінші типіне мыналар жатады:

Берілген дыбыспен «үндесе» білу;

Педагогтың тапсырмасымен және оның қөмегі арқылы әуен үнін қажетті музыкалық дыбысқа келтіріп, жоғарылату немесе төмендету;

Тәрбиешінің нұсқауы бойынша әуен үнінің жоғарылығы мен сипатын әуенді орындап тұрған басқа балалардың дауыстарымен «теңестіру»;

 

 

19.Сабақтың тақырыбы: «Әнді үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ән үйретудегі әдістердің тәсілдерін меңгеруде соларға сараптама жасай отырып оқыту

Дамытушылығы: Әр топтың репертуарын бөліп беріп, ән айтуға үйрету тәсілдерін қалай меңгере алғанын сабақ үстінде пайдалана отырып көрсету

Тәрбиелілігі: Ән айтуға үйретудің тәсілдерінің тиімді пайдалану барысында қандай қажеттіліктермен кемшіліктер оқушы тұсынан орын алғанын басқа оқушылармен талдау жасай білу мәнін көрсету мақсаты

Парктикалық сабақ: дәстүрлі

Көрнекілігі: аспап

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа тақырып

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Бағалау

5. Үйге тапсырма

6. Анализдерін тексеру, қорытындылау

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 2097 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.| Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)