Читайте также:
|
|
Үш жасқа аяқ басқанда.
Балалардың жалпы денесінің дамуымен байланысты өмірінің үшінші жылында олардың музыкаға орай қимылдар жасауы біршама шиғарырақ болғанымен, әлі де үйлесімділігі жетіспей жатады.Қимылдың жалпы сипатын беруде қимылды музыкамен бір мезгілде бастау және аяқтай білушілік, жүру мен жүгіру барысында өлшемдік сәттерін белгілей білу әлі жетіспейді.
Программа музыкалық-қимылдық дағдылардың төмендегідей көлемін қарастырады.Балаларды музыка ойналған кездегі үйлесімді қимылдар жасауға үйрету, ырғақ сезімін дамыту арқылы педагог айқын сипатта көрсетілетін музыкалық шығармаларға сәйкес қимыл жасай білуге үйретеді.Балалардың назарын бір музыка бойынша билеуге болатынына енді бір музыкада жүруге болатынына аударады да мұны балалардың өздері ажырата білуіне мүмкіндік жасайды.Балаларды екі бөлімді пьесадағы өзгерісті аңғара білуге, оның басталуын және аяқталуын, дыбыс шығару күшін(қатты, ақырын) аңғара білуге үйретеді; музыка әуенімен жүру және жүгіру кезіндегі ырғақтықты дамытуды жалғастырады.
Балалар таныстырылатын ойындар мен билер қолдарымен ұстасуды, екі-екіден шеңбер бойымен жүре білуді көздейді.Музыкамен ойналатын ойналатын ойындар музыкалық ойындар музыкалық ойындық образды беру арқылы («Қарғаның балапаны»-«воронята», «қояндар»-«зайчики», «аюдың балалары»-«медвежата», «торғайлар»-«птички» және т.б) кейбір образды-еліктеушілік қимылдарды меңгеруге көмектеседі.
Сондай-ақ би қимылдары күрделене түседі: бір мезгілде алақан соға білу және аяқпен тақылдата білу, бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұру,бір тіземен отыра білу керек.Төрт жасқа аяқ басқанда Сәбилердің екінші тобында музыкалық-ырғақтық және қимылдық дағдылар көлемі ұлғая түседі.Балалар нақты тапсырмаларды орындауға бейім болады.Жылдам ойналатын музыкадан олар маршты және билеуді ажырата алады және соған сәйкес жүреді,қимыл арқылы дыбыстың шығу күшінің (күшті,ақырын) және қарқынын(бір қалыпты,жылдам),өзгерісін белгілейді.
Баланың зейінің музыкалық шығарманың бастауы мен аяқталуы аударуды дамыту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады,сонымен бірге мұнда
Қимылдардың мәнерлі орындалуына қол жеткізе отырып,педагог жүрудің ырғақты мүсіннің, қол мен аяқ қимылдарының үйлесімі дұрыс, жүгіру кезінде аяқтың «тырпылдамайтын» болуына, екі аяқпен секірудің жеңіл орындалуына көңіл бөледі.
Балалар бірте-бірте әр түрлі секірме би және бейнелі қимылдарды меңгере түседі.Бұл жағдай олаардың музыка сипатын дәл бере білуіне мімкіндік жасайды.
Аяқтарымен алма кезек жерді тақылдатуға,саусақтарын әрлі-берлі аударыстыруға,бір-бірден,екі-екіден айнала білуге үйренеді,музыкаға қосылып,текстке берілген қимылдарды орындау арқылы жеңіл өлеңдерді, әуендерді сахнаға шығара алады.
Қимылдарды дамытуға жалаушаларды (бұлғау),орамалдарды (баяу қимылдар),сылдырмақтарды(жоғары көтеру,төмен түсіру,жасыру) пайдалануда музыкамен орындалатын жаттығулар себін тигізеді.
Музыкалық-ырғақтық репертуар
Музыкалық-ырғақтық қимылдардың репертуары программалық дағдылар меңгеруде балаларға мімкіндік жасайтын әр түрлі,билерден және жаттығулардан жасалған.
Ән айтумен және музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын ойындарға:қуыспақ,жасырынбақ немесе қимылдар,тексте және музыкада қаралған қарапайым ойындар еңгізілген.Балаларды үйрету процесінде (үш және төрт жас)міндеттер мен дағдылар біртіндеп күрделенеді.
Әдістер мен тәсілдер
Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі педагогтың көрсетуіне және оның шағын нұсқауларына негізделген.Барлық баланың берілген тапсырманы дәл орындауы жөніндегі жұмыста қимылды дұрыс және дәл көрсете білуі өте маңызды.Балдырғандардың оны орындауына балалардың музыка ыңғайымен қимыл жасай білуге талабын тудыратын педагогтың әсерлі сөзісондай-ақ түрлі ойыншықтарды және ерекше белгілерді пайдалана білуі көмектеседі.
Ойынды үйрену кезінде оның мазмұның бірден ашу және балаларға әрекет жасауды ұсынған жөн.Егер музыка сюжетті ойында қарама-қарсы сипатта болып келсе,оны балаларға ойнап беру керекте,оның кімдерге арналғанын айту қажет,содан соң балалардың ойнауын ұсыну керек.Егер қандай да болмасын қимылды,құрылымды орындау балаларға қиындық келтіргендей болса,онда жекелей жаттығу жасау қажет.Ойындардың мазмұның және қажетті дағдыларды игеруге оларды бірнеше рет және жүйелі қайталап отыру септігін тигізеді.Тәрбиеші секірме биді өзі орындайды және балаларды да бірге билеуге шақырады,кімнің қимылдарды тәуір жасайтынын байқай отырып,ол балалармен қайталап билейді(басқа балалар оларға қарап тұрады).Келесі сабақтарда тәрбиеші секірме биді жақсы игергендердің өздігінен билеуіне мүмкіндік береді де өзі әлі де көмекті қажетсінетін балалармен билейді.
Жаттығулардан жекелеген музыкалық-ырғақтық дағдылар бөлініп алынады,сондай-ақ оларды үйрету кезінде педагог одан арғы жерде тапсырмаларды орындауда балдырғандардың өздігінен орындауына мүмкіндік бере отырып,мәнерлі көрсетуді пайдаланады,қимылды жақсы орындаушыларды мақұлдайды,тапсырманы орындаған кезде қиналатындарға көмектеседі,олармен бірлесе қимыл жасайды.Балаларды қимылды музыкамен бірдей бастауға,бірдей аяқтауға үйрету үшін,музыка жетекшісі одан ауытқушы балаларға ескертпе жасайды,өз зейінін музыка аудару қажеттігін олардың естеріне салады,тапсырианың дәл орындалуына қол жеткізу үшін пьесаны қайталайды.
Үйрету процесінде мынадай тәсілдерді пайдалануға болады:балаларға секірпе биді,жаттығуды тұтастай көрсетеді де одан әрі педагог оны әрбір бөлігі бойынша үйретеді.Балалар әрбір қимылды дәл,қажетті ырғақта орындауға тырысып,оны әлденеше рет қайталайды,педагог қимылды өзі көрсетеді,жекелеген балалардың дұрыс қимыл әрекетін мақұлдайды.Оны Г.Фрид пен М.Раухвергердің музыкасына жазылған «Шымшықтар мен автомобиль» («Воробушки и автомобиль») ойынынан аңғаруға болады.Балдырғандардың бәріне алдымен жеңіл жүгіріске қол жеткізуін ұсынады.Ойынның бұл дағдылары меңгерілгенде,жетекші жақсы қимыл жасаушы балдырғандарды автомобильдің «шофер» етеді,қалған балалардың «шымшықтар»болуын ұсынады.Оларға тән қимылдарды өзі көрсетпес бұрын педагог торғайлардың қалай ұшатынын,қоянның қалай секіретінің,аттың қалай шабатының және т.б тиісті музыканың ойнауына қарай балалардың өздері айтуын ұсына алады.Баланың сәтті жасаған қимылдары үлкендер тарапынан мақұлданады,кейін баланың көрсеткенін өзінің көмекшісі ретінде пайдаланады.
Жаттығулардың мақсаты көлемі жағынан шағын тапсырманың қандай да болмасын қимыл жасау элеметін меңгеру болып табылады.Жаттығулар әсіресе үйренудің бастапқы кездерінде,үлкендердің көрсетуі бойынша орындалады.Одан арғы жерде педагог балдырғандардың тапсырманы түсінуіне,қимылдың ерекшелігін сезінуіне көмек беру үшін,барынша образды болуға тиіс нұсқауларды,еске салуды пайдаланады.Мысалы:қолды бірқалыпты қимылдату керектігін баса айтып педагог былай дейді: «Балалардың қолдары қандай жұмсақ» балалар тұрысының ара қашықтығының дұрыстығын тексеру ретінде олардың арасынан өтеді және былай дейді «Мен сендерге қонаққа келе жатырмын,мына жерден өте аламын,мына арадан өте алмаймын,сол себепті сендерге жете алмаймын».
Үш-төрт жастағы балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдар жасауға үйретудің әдісі негізінен педагогтың қимылды жақсы жасайтын балалардың көрсетуіне,эмоциялы -образды түсініктер мен нұсқауларға құрылады.
Жыл аяғында педагог музыканың қарама-қарсы ерекшклігін сезіне білуіне баға беріп,музыкалық-ырғақтық дағдылар дәрежесін тексереді.Ол,мысалы,балаларға жүруге,жүгіруге арналған шығармаларды орындауды ұсынады,сол арқылы олардың марштың немесе жеңіл,ойнақы музыканың ерекшелігін бере алуын белгілейді, сондай-ақ балалар қимылдарының онымен қаншама үйлесімді келетінін айқындайды. Балалардың музыкалық шығармалардың үлгісін сезіне білуін айқындау үшін,оларға өзіне таныс секірме биді орындауға ұсынуға болады,содан-ақ олардың музыка бөлімінің алмасуына байланысты қимылды қалай дәл орындай алатынын көруге болады.
23.Сабақтың тақырыбы: «Орта балабақша топтар ғана ырғақтық қозғалысқа үйрету әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Орта топта балалрды музыкалық- ырғақтықты қозғалыстарға үйретудің әдістерін оқыту, бидің қимыл қозғалыс түрлеріне үйретудегі әдіс тәсілдердің маңызын түсіндіру
Дамытушылығы: Орта топтағы балалар марш әуенімен нық басып жүре отырып, әуеннің сүйемелімен ән шырқай алу және т.б ырғақтық қимылдар түріне тәрбиелеу мақсатын оқыту
Тәрбиелілігі: Екі -екіден билеу, еркін, сәнді билер галок,вальс би түрлерін үйретудің хоровод болып аййнала жүре қолдарын қимылдата білудегі тәрбиелік маңызын оқыту
Практикалық сабақ: дәстүрлі
Көрнекілігі:
Сабақ барысы:
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1981 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі | | | Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі |