Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.

Пәнді оқытудың міндеттері | Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар | Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы. | Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар | Теріні қорғайтын құралдар | Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары | Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары | Бактериологиялық қарудың индикациясы. | Химиялық әдістер. |


Читайте также:
  1. VIII. Жюри и счетная комиссия
  2. Атысатын мемлекеттік органдарының құзыреті
  3. Вирустық гепатиттердің сыныптамасы, вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу және диспансерлеу жағдайлары
  4. Глава 8. ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ МУНИЦИПАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
  5. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  6. ЕВРО КОМИССИЯ
  7. Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және«Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берілгендігін білдіретін өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Пәнде мынадай мәселелердiң жәй-күйi мен жағымсыз факторлары қаралады:

- тiршiлiк ортасының жәй-күйi мен жағымсыз факторлары

- адамның тiршiлiк ортасымен қарым-қатынасының қауiпсiздiгiн қамсыздандыру принциптерi, физиология негiздерi және оның қызметiнiң қолайлы жағдайлары;

- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерiнiң анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды бiргейлестiру принциптерi, техникалық құралдар мен техникалық процесстердiң қауiпсiздiгiн арттыру;

- шаруашылық объектiлерiнiң төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығын зерттеу әдiстерi;

- ТЖ мен оның салдарын болжау;

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектiлерiнiң өндiрiстiк қызметкерлерiн қорғау және ТЖ салдарын жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу;

- тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң нормативтiк - техникалық және ұйымдық негiздерi.

Курстың негiзгi мақсаты - төмендегi мақсаттарды шешу үшiн қажеттi теориялық бiлiмдер, практикалық iс әрекеттер көлемiн студенттердiң игеруiне жәрдемдесу:

- еңбек қызметi мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

- адам мен оның өмiр сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және оны iске асыру;

- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектiлерiн қауiпсiздiк және экологиялық тәртiптерiне сәйкес пайдалану;

- шаруашылық объектiлерi мен техникалық жүйелердiң қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығы;

- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

- халықты, өндiрiс қызметкерлерiн, авария, апат, зiлзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөнiндегi шешiмдердi және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау.

«Тiршiлiк қауiпсiздiгi» курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.

Курсты игеру барысында шәкiрт мынаны бiлуге тиiс:

- өмiр сүру ортасындағы адам қауiпсiздiгiнiң теориялық негiздерiн;

- тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң құқықтық және нормативтiк техникалық негiздерiн;

- жарақаттаушы, зiлзалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын›

- ТЖ-да шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыратын жолдар мен әдiстердi›

- төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдiстерiн.

Шәкiрт:

- Өндiрiстiк қызметтiң қауiпсiздiгi мен экологиялығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;

- шаруашылық объектiлерiндегі өндiрiстiк қызметтiң тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шараларды жоспарлау мен iске асыруды білуге тиіс;

- төтенше жағдайларда халық пен өндiрiстiк қызметкерлердi қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлай алуды бiлуi қажет;

- ТЖ салдарын жою кезiндегi құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуға тиiс.

Студенттердiң «Тiршiлiк қауiпсiздiгi» курсының бағдарламасын бiлуiнiң төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектiлерi мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау iсiнде үлкен маңызы бар.

Тiршiлiк қауiпсiздiгi - адамның өмiр сүру ортасы мен, қауiпсiз қарым-қатынасы мен, оны қорғауда, төтенше жағдайларда шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенi.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi және бейбiт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектiлерiн және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерiнен қорғау мақсатында өткiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектiлерi - өнеркәсiптiк, ауылшаруашылығы өндiрiсi мен қоғам қызметiнiң басқа салалары мүдделерiне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да құрылыстар.

Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бiрлесiп iске асыратын және белгiленген тәртiптер мен нормалар негiзiнде iс-әрекет ететiн адамдар ұжымы.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу пәндерін оқытудың жоспары| Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)