Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде. | Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы. | Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде. | Ересектер және кәрілік шақ психологиясы. | Мемлекеттік жастар саясаты. | Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар. | ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР |


Читайте также:
  1. Атысатын мемлекеттік органдарының құзыреті
  2. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.
  3. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.
  4. Мемлекеттік жастар саясаты.
  5. Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.

 

Жастар- болашақ иесі, үміт арқауы екенін әрбір мемлекет мойындайды.Сол болашағының білікті мен парасатты болуына әр мемлекет өзінің дамуы мен экономикасына байланысты жағдай жасайды.

Егемендіктің алғашқы жылдарында жастар әлеуметтік жағдайын, қоғамдағы орнын анықтай алмай дағдарысқа ұшырады. Алайда, «жақсылықтың ерте кеші жоқ» демекші бүгінгі жастар қоғамдағы өзгеріске, саясатқа, халықтың әлеуметтік жағдайына деген көзқарастарын қалыптастырып, білім алуға, өмірден өз орнын табуға тырысуда. Әйтсе де, жарқын өмірге, білімділікке талпынған бүгінгі жастардың мемлекет тарапынан қолдаудағы қажеттілігі мол.

Бүгінде ақша табу адам құндылығынан жоғары тұр. Ерік өзіне тиген ел қандай жолмен болса да күнкөрістің жағдайын жасауда. Біздің еліміз де халықты жұмыспен қамту саласында белгілі бір қиындықтарға кездесті. Оның ішінде әсіресе халықтың төрттен бір бөлігі жастардың арасындағы жұмыссыздыққа ерекше көңіл бөлу керек.

Еңбек пен жұмыспен қамту саласында реформалардың басталуымен кәсіпорындар жастар үшін жұмыс орындарын міндетті даярлаудан босатылды, осының салдарынан жастар жұмысқа орналасу кепілдігін жоғалтып, еңбек нарығында қорғаусыз қалды. Жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетуші факторлардың бірі – жұмыссыз ретінде тіркелген жастардың жартысына жуығынның қажетті кәсіптік біліктілігі, жұмыс тәжірибесінің болмауы. Сонымен қатар, еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс сандық жағынан да, сапалық жағынан да сұраныспен үйлеспейді.

Жастар проблемасының, оның ішінде оларды жұмыспен қамтудың өткірлігін ескере отырып, Республика Үкіметі жастардың азаматтық қалыптасуы негізінде бағытталған жастар саясатын іске асыруға үлкен мән береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан жастары» бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат кәсіптік оқыту мен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысу арқылы, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолымен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар кешенін көздейді.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың делдалдығымен жұмыс іздеген жастар қатарынан 31,9 мың жұмыссыз немесе жалпы жұмысқа орналастырылған азаматтардың 8,9 ауыл жастары жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз жастарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар көрсететін әлеуметтік қолдаудың белсенді түріне айналуы тиыс. Жастарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау, біліктілігін арттыру кезінде негізгі пәндерді оқытумен қатар, сондай-ақ кәсіпкерлік, қаржы қызметі, маркетинг,менеджмент негіздерін оқытуға мән беру қажет.

Қазақстандағы жұмыспен қамтумен айналысатын жаңа қызметтерді ққұруға батыстық әріптестер мен халықаралық ұйымдар мол үлес қосып, атсалысып отыр. Жастарды жұмыспен қамтумен арнайы айналысатын қызметтердің саны аз. Сондықтан да жұмыспен қамту жөніндегі қызметтер жастарға ерекше көңіл бөліп, қызмет түрлерін және кәсіптік даярлау бағдарламаларын ұсыну керек.

Қазіргі таңда жұмыспен қамту органдарына хабарланатын бос жұмыс орындарының саны жұмыс күші нарығында анықталатын жалпы жұмыс орындары санының тек 30% жуығын құрайды. Сондықтан жұмыс іздеумен жүрген жастар жұмыспен қамту орындарының көмегіне үміт арта қоймайды, сондай-ақ, бұл жағдай жұмыс берушілердің жұмыспен қамту органдарының жұмысын тиімсіз деп бағалауға себеп болады.

Жұмыспен қамту органдары қызметінің тиімсіздігі жұмыссыздардың тіркелу деңгейінің төмен болуына да септігін тигізуде. Соған қоса, жастары ұлғайған жұмыссыздарға қарағанда жұмыссыз жастардың жұмыспен қамту органдарында тіркелуге деген құштарлығы анағұрлым төмен. Сондай-ақ өзге де факторларды есепке алу қажет, мысалы олардың көбісінде материалдық көмек алуға құқықтары болмайды немесе олар тым аз жәрдемақы тіркелу үшін жұмсалатын әрекеттерді ақтамайды деп есептейді.

Көп жағдайларда жастар үшін жақсы жұмысқа тұру орналасу қиынға түсіп барады. Бұл әсіресе білімі төмен әйелдер мен жастарға, экономикалық жағдайы мүшкіл аудандарда тұратын, түрлі азшылық топтарға жататын адамдарға қатысты.

Көптеген аймақтарда жастар толық жұмыс күндік ресми жұыспен қамтылмай, көбінесе бірнеше жерде немесе кездейсоқ пайда болатын жұыстарда, әсіресе экономикалық бейресми секторының қызмет көрсету, көшедегі сауда немесе натуралды шаруашылық саласындағы жұыстармен айналасуда.

Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге жарамдылығының төмендігі олардың кәсіби білімдерінің жеткіліксіздігі, біліктілігінің және еңбек тәжірибесінің жоқтығынан бұл мәселеге мән беру керек. Еңбек нарығында қалыптасқан қауырт жағдайды болдырмауға жергілікті органдардағы жұмыспен қамту қызметтері жастарменбелсенді жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатта еңбек нарығының сұраныстары мен экономикалық дамудың перспективаларын ескере отырып, жастарды қажет мамандықтарға оқыту және қайта оқыту жөніндегі ауқымды бағдарламаларға кірісу маңызды болмақ.

Бүгінде шағын бизнесстің әр нүктесінде- бұл сауда саласы, қызмет көрсету немесе өндіріс саласы болса да жастардың жұмысқа қабылдағаны қажет. Бұл бизнестің әлеуметтік жауаршілігінің бір бөлігі болып табылады.

Тағы да бір айта кететін мәселе- жастар кәсіпкерлігі. Жастардың кәсіпкерлігін дамыту жолында көптеген бөгеттер мен тосқауылдар бар. Мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен еткендерге әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Сонымен қатар, олардың жұмықа жарамсыз парақтары бойынша жәрдемақылар мен зейнетақының болашақта алуға құқығы ескерілмейді. Жас кәсіпкерлерге заңнама мен салық жүйесінің жиі өзгеріп тұруы, несиеге қол жеткізудің қиындығы мен бизнес саласында кеңес беру және жоспарлау қызметтерінің жоқтығы жағдайында жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан мемлекет жастар кәсіпкерлігін дамытуға жеңілдіктер жасап, осы мақсатта пайыссыз кредитты жастарға ұсыну- мемлекет тарапынан әлеуметтік қамсыздандырудың бір қадамы болар еді. Яғни, жастар кәсіпкерлігін қолдасақ, жастарды жұмыспен қамтудағы тағы бір тиімді жолы болмақ.

Енді мемлекттік тапсырыс бойынша оқып жатқан грант иелері туралы айтатын болсақ, олардың да бұл мәселесі толғандырып жатыр.

Жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мәні неде? Яғни мемлекет ұсынған мамандықтардың тапшылығын өтеуге арналған бағдарлама. Шын мәнінде, мемлекетке қажетті дайын мамандықтар иелерін жұмыспен міндетті түрде қамтылуы- тағы да жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу жолдарының бірі болады.

Көбінесе жұмыс берушінің тарапынан қойылатын талаптардың бірі- бірнеше жыл тәжірибесі бар болуы міндетті. Ал бұл мейілінше жастардың критерийіне жатпайтыны айқын. Сондықтан да, егерде тәжірибені жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік ұйымдар болатын болса, көпшілік жас мамандар өздігінше жұмысқа орналасу мәселесін шешер еді.

Алғашқы рет еңбекке қадам жасайтын жастарға жағдай туғызу және басқа жұмыссыз жастардың жұмыс іздеуге жұмсайтын уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жыл сайын өткізілетін Жастардың Еңбек Биржасы бар. Бұл жұмыспен қамту органдары жастармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілі деуге болады. Мысалы, «Астанада жастар ұйымдары ассоциациясының» және қалалық әкімшіліктің қолдауымен қыркүйек айында «Астана қаласындағы жастар еңбек биржасының» қоғамдық бірлестігі бос жұмыс орындарына үміткерлер өз қалауларын жасайтын еңбек жәрменкесін өткізді. Оның негізгі мақсаты- ел азаматтарын еңбекке орналастыруға жол ашу. Осы екі жылдан бері өткізіліп жатқан еңбек биржалар арқылы 13 мыңнан астам жас азаматтар көңіл қалауына жаққан жұмысты тапты. Міне, осындай шаралар жиі, әрі Қазақстанның әрбір облыс орталықтарында өткізілетін болса, көп жастардың мәселесінің шешілуіне әкелер еді.

Жастардың кәсіпкерлігін дамыту, жоғарғы оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуына мүдделі мекемелер арасындағы әлеуметтік ұйымдардың ашылуы, тәжірибені жүзеге асыру мақсатында қолдау көрсету- осылардың барлығы жастарды жұмыспен қамтуды көздейтін шаралар ұсынысы. Еңбек саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етіп, жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру, олардың әлеуметтік- экономикалық қажеттілігін дербес жүзеге асыруына мемлекет тарапынан кепілдіктердің болуы маңызды.

Бүгінгі жас ұрпақтың ертең жан- жақты дамыған, абзал азамат болып қалыптасу үшін, ең алдымен оларға сенімін арттыру және оларға жасалып отырған қамқорлықты сезіндіру қажет. Неғұрлым жұмысқа тартылған жастардың саны көп болса, елімізде түрлі идеялар, жаңалықтар өмірге келеді. Тұрақты жұмысы бар жас маман ертенгі күнкөрісті күйіттеп кетпейді. Елімізде ғылымның, экономиканың, индустрияның өркендеуіне игі әсер тигізетін еді. Саяси сауатты, білімі жетілген жастары бар елдің болашағы да жарқын. Үкімет тарапынан әлеуметтік бақылау мен қамсыздандыру қажет. Жастардың мүддесін қорғайтын айқын да нақты Заң керек.

Халқын, жерін ойлаған жастардың арманы да, тілегі де осы!

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Технология социальной работы: Учебное пособие для студентов. (Под ред. И.Г. Зайнышева - М., 2002.

2. ҚР –дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы. Егеменді Қазақстан газеті. 2004 ж. 14.06.

3. Социология молодежи/под.ред. В.Т.Лисовского. Изд-во СПбГУ, 1996

 

9-тақырып.

Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1082 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты| Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)