Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде. | Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы. | Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде. | Ересектер және кәрілік шақ психологиясы. | Мемлекеттік жастар саясаты. | Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс. | ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР |


Читайте также:
  1. Жұмыс мақсаты
  2. Жұмыс мақсаты
  3. Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
  4. Оқу пәнінің мақсаты.

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар 70 жыл өмір сүрген әміршіл-әміршілдік жүйедене кейінгі азаматтың қоғам құрудың алғышарттары болып табылады. Алғашқы үкіметтік емес ұйымдар республикада 1986 жылы тіркелген, 2001 жыл аяғында үкіметтік емес ұйымдардың соңы 1767 жылы жетті. Үкіметтік емес ұйымдардың көп бөлігі Алматыда орналасқан, Астана да оның соны едәуір өсуде. Белсенді үкіметтік емес ұйымдар мынадай бағыттарда жұмыс атқарады: адам құқықтары, гендерлік мәселелер, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарымен жұмыс, айнала қоршаған орманның мәселелері, білім, денсаулық және мәдениет. Қазақстанда ҮЕҰ 1990 жылдың басында, яғни қоғамдық ұйымдар жойыла бастаған кезде заңды түрде құрылды. Сөйтіп олардың құру және тіркеу механизмдері жасалды. 1991 ж 27 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет “Қоғамдық бірлестіктер” туралы заң қабылданды. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өмірдің әр түрлі салаларында қызмет етуімен байланысты. 1991 жылы бірнеше салалық заңдар қабылданды. Қазіргі кезде үкіметтік емес ұйымдарының жаңа заңдық базасы құрылуда. Мәселен, 2001 жылы “Коммерциялық емес ұйымдар” туралы заң қабылдап, оны Үкімет мақұлдап 2002 жылы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Концепциясын жасады. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметтін талдай келе, олардың шетелдік жұмыс тәжірибесін көреміз. Ең бастысы – үкіметтік емес ұйымдарының бағдарламалары халықаралық донор - ұйымдармен қаржыландырады. Бүгінгі күні Республикада бірнеше халықаралық донор - ұйымдар үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеуде. Халықаралық ұйымдардың өкілдері республикадағы үкіметтік емес ұйымдардың кейбір кемшіліктері туралы өз пікірлерін білдіруде. Ол кемшіліктерді жою үшін мониторинг енгізіп, олардың қызметтеріне баға беру қажет, мемлекетпен тұрақты жұмыс жүйесін дамыту және қоғамдық қызметтерінің анықтығы мен айқындылығын көрсету қажет. Қазақстанда көбінесе Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі еріктілердің жұмысына сүйенеді. Еліміздегі 42 пайыз еріктілердің құрамында жас адамдар, 17-30 жас аралығындағы студенттер бар. Онда еріктілер өздеріне қажетті ақпараттарға және кәсіби дағдыларға ие болады. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қазіргі қызметіне талдау жасай келіп, олардың еліміздің демократиялық дамуына үлкен үлес қосатынына көз жеткіземіз. Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі жетістіктері мыналар:

· бүтіндей көмек көрсетуге бағыт алу;

· халықтың азаматтық белсендігін дамыту;

· халықтың әлеуметтік әлсіз тобына моральдық көмек көрсету.

Көбінесе Қазақстандағы Үкіметтік емес ұйымдағы өздерін қолдап ақшалай көмек көрсетіп отырған халықаралық ұйымдардың мүддесімен сәйкес келеді. Үкіметтік емес ұйымдарда коммерциялық секторлармен өзара тиімді механизмдер болмайды. Егер мемлекет пен үкіметтік емес сектордың бірлесіп жұмыс істейтін құқықтық моделі жасалса, онда үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен бюджеттен тыс қаржыны шиеленісіп тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арнап, оңды шешуге болар еді. Өз кезегінде азаматтардың инициативасына сүйенген үкіметтік сектор қоғамызда тең құқылық пен тұрақтылықтың кепілі болар еді.

Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар елімізде демократиялық процестерді дамытудың тиімді механизмдерімен жұмыс істеуде. Көптеген аналитиктер мен саясаткерлердің пікірінше, демократия әділеттілік пен жақсы өмірдің көрінісі, демократия жайлаған қоғам – азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының саяси және заңдылық тұрғыда қорғалуы.

Мемлекетке демократия әлсіз болса, азаматтық қоғам үкіметтік емес сектордың негізінде дамиды. Үкіметтік емес ұйымдар – бұл ашық коммерциялық ұйымдар емес. Мамандық бойынша жіктелмейді (сондықтан кәсіподақтарға қатысы жоқ), мемлекеттік билікке ұмтылмайды (сондықтан ешбір партияға қатысы жоқ). Ереже бойынша үкіметтік емес ұйымдар алдарына нақты, әрі қоғам үшін маңызды мәселелер мен мақсаттар қояды. Алғашқыда “Тәуелсіз қоғамдық ұйымдар” деп аталса, кейін ол “Үкіметтік емес ұйымдар” терминіне ауысты.

Батыс елдеріндегі түсінік бойынша “Үкіметтік емес ұйымдарға” – саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, ұлттық-мәдени орталықтар, спорттық қоғамдар кірмейді. Көптеген елдерде үкіметтік емес ұйымдар зерттеу орталығына айналды. Ол бойынша әр түрлі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму дәрежесін анықтауға болады.

Қазақстандық аналитиктер мен саясаткерлердің айтуынша біздегі азаматтық қоғамның дамуы сым көтеретін жағдайда емес, оған сәйкес үкіметтік емес ұйымның секторы да даму үстінде. Бізде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің және коммерциялық сектордың қатынасы өте күрделі, қайшылықта. Мәселен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мемлекеті халықтық мұқтажын түсінбейтін, әлеуметтік бағдарламаны тиімсіз жүргізітін бар билікті қолына жинаған бюрократиялық құрылым деп қарайды. Ал мемлекет үкіметтік емес ұйымдарға қолдау аз көрсетеді, оларға қаржылай көмек бермейді. Мемлекеттік сектор, үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанда “Қандай өзекті мәселелерді шеше алады?” деген сұраққа “Тек ақпараттық және білім бағдарламасында” деп жауап берген.

Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның бір бөлігінде халық пен билікті байланыстырушы функцияны атқарады. Мемлекет үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс істеуге мүдделі болуы керек.

Біріншіден, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдар жете көңіл бөлмейтін мәселелерді шешеді, олар:

· тұрмысы төмендерге, ауруларға, әлеуметтік аз қамтылғандарға қамқорлық, балалар мен жасөспірімдердің білім алуына, тәрбиеленуіне ақпал ету;

· мәдениетті сақтау және дамыту, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау.

Екіншіден, үкіметтік емес ұйымдар кейбір мәселелерді мемлекеттік мекемелерге қарағанда табысты және үнемді атқарады.

Үшіншіден, Қазақстанның ішкі саясатының бағыттары – демократиялық мемлекет құру, жергілікті өзін-өзі басқару тікелей азаматтық қоғамның қалыптасуымен байланысты.

 

2.2. Қазақстандағы үкіметтік емес мекемелердің рөлі

Халықаралық эксперттердің пікірі бойынша Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары қоғамдық өмір мен азаматтық қоғамдағы ықпалы жағынан аймақтағы басқа республикалардан ерекшеленеді. Мәселен, Өзбекстанда мемлекет үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға көп көңіл бөлгенмен, Қырғызстанда үкіметтік емес ұйымдарда адамдар саны көп болғанмен, Қазақстандағыдай үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби корпусы жетілмеген.

Соңғы кезде халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың интеграциясы көбеюде. Оның пайда болу себептері:

- глобальды мәселелердің пайда болуы;

- оны шешуде жекелеген мемлекеттердің мүмкіндіктерінің болмауы;

- халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ықпалымен демократиялық процестердіің күшеюі;

- әр түрлі елдердің арасында қоғамдық байланыстармен қатар олардың технологиялық даму мүмкіндігін кеңейту.

Бүкілодақтық Қазақстандық ерікті тарихи-ағартушылық “Мемориал” қоғамы алғаш рет 1988-1989 жылдары құрылған болатын. Ол кейін объективті және субъективті себептерге байланысты екіге бөлінді: Алматы бөлімшесі “Мемориал” және тарихи-ағартушылық “Әділет” қоғамы.

1990-1991 жылдары Қазақстандық саяси репрессия құрбандарының Ассоциациясы құрылды. Ол ақтаңдақтардың есімін халыққа қайтарумен айналысты. 1991-1992 жылдар “Желтоқсан” қоғамдық комитеті құрылды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына байланысты әкімшілік және құқықтық жауапқа тартылған жастардың құқықтарын қалпына келтірумен айналысты. Осы жылдары Халықаралық Хельсинки Федерациясының жүйесі бойынша Алматы-Хельсинки комитеті – құқық қорғау ұйым ретінде құрылу. 1993 жылы заңды сақтаумен адам құқықтарын қорғауды Қазақстан-Американдық бюросы құрылды. 1993-1994 жылы “Қазақстанның құқықтық дамуы” деген қоғамдық қозғалыс пен Қазақстанда адам құқықтарының Демократиялық комитеті құрылды. 1994-1995 жылдары алғаш рет аймақтық (Қарағандыда) адам құқықтары бойынша Орталық құрылды. 1995-1996 жылдары журналистердің құқықтарын қорғайтын тәуелсіз электронды бұқаралық ақпараттар Ассоциациясы құрылды. Тұтқындалған, қамалған, ұсталғандардың құқықтарын қорғайтын қылмыстық жазалау реформаларына ықпал ететін Орталық құрылды. 1998-2000 жылдары “ Әділ сөз” деп аталатын сөз бостандығын қорғайтын Фонд, адам құқықтары бойынша Орталық және әртүрлі ағатушылық құқықтарын қорғайтын институт құрылды.

Елімізде көптеген азаматтар өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін қалай қорғайтынын білмейді. Бұл кейбір мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің оларды кемсітуіне жол береді. Маңызды мәселе – бар заңды дұрыс қолданбау. Бұл жағдай өз құқықтарын қорғауға көмектесетін үкіметтік емес ұйымдарды қажет етеді.

Эксперттердің пікірінше, құқық қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың қызметінде баса назар аударатын табыстары:

· ақпараттармен қамтамасыз ету;

· заң жөнінде консультация беру;

· адам құқықтарын сақтау бойынша мониторингжүргізу;

· құқықтық білім беру;

· заңшығармашылық процесіне ықпал ету;

· қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысу және т.б.

Экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың құрылуына түрткі болған себептер – елімізде, оның ішінде жекелеген аймақтарда экологиялық апаттың күшеюі, оны шешуде мемлекеттің әлсіз әрі тиімсіз қызметі.

Экологиылқ мәселелерге әсіресе, айнала қоршаған ортаның ластануы, ядролық қалдықтарды көму мәселесі, Арал, Семей, Байқоңыр космодромында экологиялық жағдайдың сын көтермеуі, Каспий мен Балхаштың экожүйесін сақтау жатады.

Алғашқы экологиялық ұйым – 1989 жылы құрылған халықаралық ядролық қозғалыс “Невада-Семей” болды. оның ең үлкен табысы: 1990 жылы Семей ядролық полигонның жабылуы. Қозғалыстың құрамына қоғамның түрлі топ өкілдері мен көптеген экологтар кірді. Ол республикада басқа экологиялық ұйымдардың құрылуына ықпал етті. 1997 жылы Алматыда Қазақстанның экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының бірінші Форумы өтті. 1998-2000 жылдары жыл сайын экологиялық компаниялар өзендерді тазалау жұмысын жүргізеді. 2000 жылы Алматыда экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың екінші Форумы өтті. Осы жылы Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарының арнайы жұмыс күші (СРГ) мен табиғи ресурстарды және айнала қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің арасында Меморандумға қол қойылды. 2001 жылы Қазақстанның территориясында ядролық қалдықтарды әкеліп көмуге қарсы кампания өткізілді. Осы жылы Алматыда экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың үшінші Форумы өтті. Экологиялық ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттары: полигон мен экологиялық апатты аймақтардың зардаптарын зерттеп оларды жою; қоғамдық пікірді қалыптастыру; экологиялық сауаттандыру жүйесін енгізу; экологиялық мәселелерді шешуге арналған заң жобалары мен нормативті-құқықтық актілерді қарауға қатысу; конференциялар, семинарлар, экологиялық мәселелерді қоғамдық тыңдаулар өткізу, экологиялық апат аймақтарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету мен жануар-өсімдіктерді сақтау туралы жобаларды іске асыру, т.б.

Денсаулық сақтау, білім мен мәдениет жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының өзектілігі сонда, осы саладағы маңызды мәселелерді көтереді. Алғашқы денсаулық сақтау мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанда 1990 жылдың басында пайда болды. Осы кезде медициналық мәселелерді шешуге бағыт алған үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсететін республикада донор-ұйымдар пайда болды. Яғни үкіметтік емес ұйымдар тек қаржылай – техникалық көмек алған жоқ, сонымен бірге семинар, конференция түрінде методистік қолдауға ие болды. Кейбір үкіметтік емес ұйымдар техникалық және ғылыми-методикалық жағынан жекелеген мемлекеттік мекемелерден асып түсті. Бұл халыққа нақты көмек көрсетуге, мәселені өз уақытында тиімді шешуге мүмкіндік береді. 1990 жылы көктемде Қазақстанның дәрігерлері мен дәрішілерінің Ассоциациясы құрылады (АВиПК). Қазіргі кезде Ассоциацияның 30 филиалы Қазақстанның әр түрлі қалаларында жұмыс істейді. Еуропа ТМД елдерінің Ассоциацияларымен бірігіп жұмыс жасау жолға қойылған. “АВиПК” – медициналық ассоциациялардың Еуразиялық форумының штаб – квартирасы болып табылады. “Ради жизни” деген атпен өзінің журналын шығарады. Онда Ассоциация мен оның филиалдарының қызметі, іс-тәжірибесімен алмасуы туралы жазылады. Қазіргі кезде “АВиПК” темекі шегуге, маскүнемдікке, нашақорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлуде. Осы мәселені шешу үшін 1999 жылы (“АВиПК” негізінде “Ақ ниет” емдеу-сауықтыру орталығы құрылды. Ол нашақорларды, маскүнемдерді, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді емдеуге бағытталған. Аймақтарда тобысшы жұмыс атқарып жатқан әлеуметтік серіктестік “Көмек” деп саналатын Қостанай қоғамдық фонды 1996 жылы қарашада құрылды.

Фондық негізгі миссиясы – Қостанай қарасының тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету және аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың дамуына ықпал ету фондына 15 қызметтер және 12 еріншілер жұмыс істейді. Оның құрамында әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері енген. Мәдениет саласында “Тәңірі – Ұмай” мен “Көксерек” сияқты бейнелеу өнерінің галереяларын айтуға болады. “Тәңірі-Ұмай” ағартушылық мазмұндағы тақырыптық көрмелерді жиі өткізеді. Ол, 2000 жылы “Мастер-класс” халықаралық өнер фестивалінің ұйымдастырушысы болды. екінші галерея таза көрме жұмысын жүргізеді, көркемөнер мектебінде сабақ өткізеді. Музыка саласында “Созвездие” үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын айтуға болады. Ол негізінен музыкалық кештер өткізуімен айналысады. Әдебиет саласында “Мусагет” қоғамдық фонды жұмыс істейді. Ол мәдениет саласында консультация мен зерттеулер жүргізудің жобаларын жасайды. “Аполлинарий” әдеби – көркем басылымның шығуы “Филологиялық әңгімелесу” деген гуманитарлық семинар, “Мастер-класс” деген жас қазақстандық жазушылардың әдеби семинарын “Пишут дети” деген балалар шығармашылығына арналған әдеби конкурстар өткізеді. Авторлық құқықтарды қорғау мақсатында “Лига творческих инициатив” құрылды. Ол өзінің “Автор и право” бюлететінін шығарып, дөңгелек столдар, конференциялар өткізді, автор құқықтарын қорғауда заң арқылы көмек көрсетеді.

Соңғы кезде жаңа үкіметтік емес ұйымдар құруда, олар: “Ассоциация арт – менеджеров” және “Продюсерский центр” деп аталады. Білім жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарына мекеме ретінде немесе коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде тіркелгендер жатады. Оған білі жөнінде құжат беретін ақылы лицензиясы бар білім бағдарламасы жатады. Олар үкіметтік емес ұйымдар ретінде ПРОО-ның үшінші секторына Коунтерпарт Консорциумына, Сорос-Қазақстан Фондының базасына жатады.

Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау білім және мәдениет мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар халық арасында үлкен атаққа ие.

Қайырымдылық жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар негізінен халықтың әлеуметтік - әлсіз топтары, жетім балалар, мүгедектер, баспанасыздар, зейнеткерлер, медициналық, білім және балалар мекемелерінің мәселелерімен айналысады.

Мәселен, қайырымдылық жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар 2001 жылы күзде мүгедек – балалардың “Синяя птица” бірінші Республикалық шығармашылық фестивалін өткізді. Осы акцияны өткізу барысында олар “Шевран МұнайГаз Инк” сияқты бас спонсорымен “Группа – 4” сияқты коммерциялық құрылымдармен серістікке қол жеткізді. Жетім балаларға сыйлықтар беріліп, фестивальға келіп – кетуі тегін болды. қайырымдылық жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар азаматтарға материалдық және қаржылай көмектер көрсетеді, қайырымдылық ас беру ұйымдастыруда, тегін дәрілер үлестіреді, қаржы жинайды, жетім балаларға арналған ауылдар, консультациялық орталықтар құрады. Үкімет пен коммерциялық ұйымдар барынша қайырымдылық жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетіп, қоғамның санасына қайырымдылықтың қаншалықты маңызды екенін сіңіру үшін бірлесіп жұмыс істеу қажет.

Орытынды

Соңғы кездері, әсіресе демократиялық бетбұрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажеттігін сезіне бастады. Сондықтан, әлеуметтік психологиялық мәселелер, әр түрлі салаларға байланысты мамандықтың психологиялық ерекшеліктері, жетімдер үйлері мен мектеп-интернаты, гимназия, лицей, медресе оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, ақыл есі кенжелеу дамыған балаларды оқытып тәрбиелеу мен талантты, дарынды шәкірттердің психологиясын зерттеу, қос тілділік пен көптілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт мектептерінің бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының толып жатқан психологиялық мәселелерін қарастыру міндеттеріалда тұрған келелі мәселелер болып саналады.

Қорыта келгенде, жастарға әлеуметтік көмек көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес мекемелердің және ұйымдардың алға қойған негізгі мақсаттары мынадай

әлеуметтік және тұлғалар арасындағы үйлеспеушілік туындағанда консультациялық көмек көрсету;

ересектер мен балалардың ерекше феноменальды қабілетін қалыптастыру және дамыту;

адам өміріндегі бұқаралық және экологиялық қауіпсіздік дағдыларына үйрету;

есте сақтау мен елестетуді дамыту, дүниені визуалды және голографиялық дағдылар арқылы тануға үйрету;

ғылыми семинарларға, конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, трансперсональды және әлеуметтік психолог мамандармен бірлесіп жұмыс істеу;

медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық консультациялардың рөлін күшейту.

Бұл ұйымдардың алға қойған мақсаты жастарды әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі етіп, оның өсіп жетілуі үшін айналадағылармен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша жасөспірімдердің 50 пайызы нерв жүйке ауруы, қан айналымы төмен, өкпе аурулары т.б. аурулармен ауырады екен. Мүгедектер саны артып отыр, олардың ішінде іштен туа пайда болатын науқастар да артып отыр. ВИЧ ннфекциялары да осы жастардың арасында кеңінен таралуда. Міне осындай күрделі мәселелермен айналысатын арнаулы мекемелермен қатар көмек көрсету орталықтары да елеулі көмектер көрсетіп отыр. Орталықтардың бағдарламасының негізі жас өспірімдердің психологиясындағы тәрбие процесінде қиындық келтіретін жәйттер және де көптеген мәселелерді қарастырып, шешіп отырады. Соңғы кездері белең алып отырған нашақорлықпен айналысып жүрген жеткіншектер мен жасөспірімдердің алдын алу, олраға психологиялық тарапынан көмек беру, тағы сол сияқы толып жатқан қоғамға, айналасындағыларға тигізетін кері әсері бар керағар жәйлерді барынша реттеп, шешіп отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. Психология. 10 томдық. Т.2.- Алматы: Таймас, 2005

2. Алещенок С.В. Государственная молодежная политика.-М.,1991

3. Бондарь Л.А. Социальная работа и молодежные организации. Конспект лекции.- М., 1993

4. В помощь организатору социальных служб, работающих с молодежью: Методич. Пособие.-М., 1994

5. Социально-молодежная работа: Международный опыт.- М., 1997

6. Социальные службы для подростков и молодежи. – 1995

7. Технологии социальной работы. Учебник. – М.,2003

8. Ұлт тағлымы, 2004, 5

9. Сайт // Молодежной информационной службы Казахстана. 2006.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 325 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар.| Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)