Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

Читайте также:
  1. Нефрология» блогының тест тапсырмалары
  2. Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі
  3. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны
  4. Студенттің өзіндік жұмысы.
  5. Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
  6. Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері

1.Қазақ хандарының саяси тұлғасына баяндамалар жазу.

2.Кескін картадан қазақ хандығының территориясын белгіле; Қазақ жүздерінің орналасу ретін көрсет.

3.Қазақ хандарының билік ету кестесін жасау.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы., 4томдық, 2 том.
  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993
  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997
  2. Қазақтың көне тарихы А.,1993
  3. Жалайыр Қадырғали. Шежірелер жинағы.А.,1997
  4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі. А.,1991
  5. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса А.,1992

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұрақта Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси даму мәселесіне тоқталыңыз. Бұл дәуірдегі шаруашылық қатынастардың тұрақтылығын атап көрсетуге болады. Дешті Қыпшақ, Жетісу территориялярында мал шаруашылығы басым болып қала берді, оның бірнеше түрі қалыптасты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Осы үшеуі қай географиялық аймақтарға тән екенін көрсетіп, айырмашылықтарын анықтаңыз.

Екінші сұрақта Жәңгір, Қасым, Есім және Тәуке хандар тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы, ішкі саяси даму ерекшеліктері қандай болды? Салқам Жәңгірдің тарихта алатын орнын айта келе, Әз Тәукенің есімі халық санасында «Жеті Жарғы» заңдар жинағымен байланыстырылып қарастырылатынын білеміз. Сыртқы саясатта Тәуке Ресей, Бұхара, Жоңғар елдерімен саяси қатынас орната білді. Оның тұсында ішкі саяси жағдай да біршама тұрақтанды. Осыны дәлелдеңіз.

Үшінші сұрақ бойынша: қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін ашып көрсету керек. Ең алдымен, қазақ халқының әдет-ғұрпы, наным сенімі жөнінде айтыңыз. Наурыз, Айт т.б. мерекелер жайлы әңгімелеу керек. Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді сияқты тұлғалардың ел тарихындағы орны туралы қарастырылады. Қазақстанның қалалық мәдениеті жөнінде де сипаттама беріңіз.

 

Семинар: РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

 

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Қазақстанды әскери және казак отарлауы

2.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы», 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы».

3.Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына енуінің аяқталуы. Отарлау салдары.

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

Реферат тақырыптары:

1. XVIII-XIXғғ. Қазақтардың материалдық мәдениеті.

2. XVIII-XIXғғ. I жартысындағы қазақтардың салт-дәтүрлері мен әдет-ғұрыптары.

3. Билер соты феодалдық қоғамның әдеттегі құқығы ретінде.

4. Столыпиннің агралық реформасы және Қазақстан.

 

Әдебиеттер:

1. Бекмаханов Е. Қазақстан 19-ғасырдың 20-40-жылдарында А.,1994

2. Вяткин М. Батыр Сырым. А., 1996

3. Казахско – русские отношения в 18-19 вв. Сборник документов и материалов. А., 1964

4. ҚасымбаевЖ.Қ. Кенесары хан А.,1995

5. Қасымбаев Ж.Қ. Кенесары хан саясатшы және қолбасшы. А.,1993

6. Қазақстан тарихы 4-томдық, 2 том. А., 1998

7. Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993

8. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997

9. Қазақтың көне тарихы А.,1993

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар| Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)