Читайте также:
|
|
Бірінші сұраққа талдауды 1905-1907 жж. орыс революциясының себептері неде, оның Қазақстанға әсері қандай болды деген сұрақтарға жауап беруден бастау керек. Осы революцияның халықаралық маңызы неде? Бірінші орыс революциясынан кейін патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты күшейді. Сондықтан өлкеде жұмысшы қозғалысы, қазақ шаруаларының оппозициялық қозғалысы күшейе түсті. 1905 жылы Қарқаралы петициясы қабылданды. Оның мәні неде? Қазақстардың саяси сана-сезімінің өсуі Мемлекеттік Думалардың қызметіне қатысумен ерекшеленеді. Дума депутаттары ішінде Ә.Бөкейхан, Б.Қаратай, М.Тынышбай, т.б. болды.
Халықтың азаттық қозғалысында ерешк өл атқрған қазақ интеллигенциясы. Алдыңғы қатарлы азаматтар Ресейде білім алып, парламенттік, ұлттық автономия идеяларын ұсынды, ұлттық сана-сезімнің қайта өркендеуіне ықпал етті.
ХХ ғ. басында Қазақстанда ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың қайта көтерілуі байқалады. Оларды атқарған қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы болды: М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Досмұхамедовтар, Ш.Құдайбердиев, т.б.. Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуында үлкен рөл атқарған қазақ тілінде басылып шыққан «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы туралы да айту керек.
Екінші сұраққа жауапты Ресей империясында I д.ж.с. қарсаңында (1914-1918жж.) қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайда талдау жасаудан бастау қажет. Ресейде неліктен 1917ж. ақпанда буржуазиялық-демократиялық төңкеріске айналған дағдарыс пісіп-жетіледі? Осы төңкерістің жеңісі туралы айта отырып, Ресейде ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасаңыздар. Қос биліктің маңызы неде? Қандай әлеуметтік топтар қай билікті жақтады? Төңкерістен кейін саяси күштердің қатынасы қандай болды? Уақытша буржуазиялық үкіметтің іс-әрекетін сипаттаңыздар..
Бүкіл түрік әлеміне әсер еткен алаш қозғалысына сипаттама жасап, 1917ж. шілдеде Алаш партиясының құрылуын айтыңыздар. Неліктен қазақ зиялыларының партиясын құру тек 1917ж. жазда ғана мүмкін болды? Партия бағдарламасының мазмұнына толық талдау жасап, оның негізгі пунктеріне тоқтаңыздар, мысалы: демкратиялық Ресей құрамында қазақ автономиясын құру, Қазақстанда аграрлық сұрақты шешу, өлкеде ағарту ісін тарату. Сұраққа дайындалғанда міндетті түрде соңғы жылдары шыққан құжаттық материалдарды қолданыңыздар. Бұл сәт өте маңызды, өйткені ғылымиәдебиетте алаш қозғалысы туралы отандық тарихта әртүрлі баға беріліп келді. Алаш қозғалысы туралы материалды толық зерттеп, игеру. Алаш партиясының тарихи ролімен маңызды түсінуге өте қажет.
Алаш партиясымен қатар 1917 ж. көктемі мен жазында пайда болған большевик, кадет, эсер, «Үш жүз», «Шуро и - Улемия» партияларына сипаттама беру керек. Олардың бағдарламалық негізіне тоқталу керек.
Себебі, ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың қалыптасқан және олардың өзара күрес кезеңі. Бұл кезде феодалдық қатынастар қуаты таусылып, қоғамның өсіп-өркендеуіне кедергі келтірсе, екінші жағынан Ресейдің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты қазақ елінің болшағына үлкен қауіп төндірді.
Қоғамдық күреске ұлттық интеллигенция араласа бастады. Практикалық сабақ барысында «Ұлттық интеллигенция деп кімді айтамыз?» деген мәселенің басын ашу мақсат етіледі. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда қоғамдық сананың қалыптасуы және ұлттық интеллигенция қызметі, ұсынған идеяларының мақсаты. Қоғамдық-саяси, мәдениет, ағарту саласының дамуы. Аграрлық мәселелер жөніндегі ұлттық интеллигенцияның ұстанған бағыттары. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы.
Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқаралардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі.
1917 жылғы дағдарыс. Алаш ұлттық –саяси партиясының құрылуы. Алаш партиясының бағдарламасы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. Алашорда – Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Қоқан қаласында Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. М.Шоқай. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтерінің құрылуының тарихи маңызы.
Қазақстанның азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. Азамат соғысы жылдарында экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері сияқты мәселелер қаралуы керек.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Студенттің өздік жұмысына тапсырма | | | Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар |