Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Читайте также:
  1. IV. ПРОГРАММА СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Авторские семинары призеров Чемпионатов по нейл-арту
  4. Введение в семинар Имена-Отца
  5. Введение в семинар Имена-Отца
  6. Дәрістік курс бойынша әдістемелік нұсқаулық.
  7. Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

Семинарға дайындықты ең алдымен большевиктердің стратегиялық мақсатын анықтаудан бастау керек, олар кеңес билігінің алғашқы күндері-ақ өндірістің барлық өнімдерін халық меншігіне көшірді. Ең алдымен өндірістің мемлекеттілігінің негізгі кезеңдерін атаңыздар. Өндіріс пен материалдық ресурстарды бөлуге жұмысшы бақылауын еңгізу (1917ж. 14 қараша), өндірістің кейбір салаларын национализациялау (1918ж. ақпан-маусым), барлық ірі өндіріс мекемелерін национализациялау (1920-4 еңгізілуінен 1921ж. наурыз). Неліктен жаңа жер туралы заң (Жер туралы Декрет (1918ж. қараша) Қазақстанда аграрлық революция сипатында болмай, тек жерді бөлу формасында жүрді

Бірінші сұраққа жауапты "әскери коммунизм" саясатының мазмұнына (нарықтық қатынастарды жабу, т.б.) таладу жасаудан бастау керек 20-жылғы азық-түлік дағдарысы аштық пен құлдырауға себеп болды. Қазақстандағы шаруалардың антибольшевиктік қозғалыстарынан (Семей, Павлодар уезі) мысал келтіріңіздер. Сұраққа толық жауап беру үшін әскери коммунизм" саясаты мен ЖЭС-ты салыстырыңыздар. Олар, ЖЭС-ң арқасында жеке капиталдық өндіріске енуіне жағдай жасалды, товар-ақша қатынастарының әрі қарай өмір сүре алмайтындығына толық көз жеткізілді. Сауда қаламен ауылды байланыстыратын көпір болып, мемлекет бақылауында жеке сауда жүргізуге рұқсат берілді. ЖЭС-ң маңызын айта отырып, жаңа салық саясатының (азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы), "Әскери коммунизм" басшылдықтың милитаристік стилін туғызды деген тұжырым бар. Оған 20-30 жылдардағы топтық-әкімшілік жүйенің негізгі, оның әдістерімен, стилімен, экономикаға деген идеологиясымен қосып жатқызылды, бұл кезде ЖЭС большевиктер үшін елді дағдарыс пен хаостан алып шығатын еріксіз шара ретінде қарастырылды. Осындай оймен келісуге бола ма? Өз жауаптарыңызды деректерден фактілер келтіріп дәлелдеңіздер.

Қазақстанда ЖЭС қарама-қайшылықты сипатта болды: 20-жылдардың II- жартысындағы процесстер ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі құрылымның ұйымдасқан механизмін құртты. ЖЭС-ты жоюдың негізгі себебі ретінде саяси курстың өзгеруін айтуға болады соның арқасында мемлекеттік саясаттың даму бағыты ретінде социализм құру жарияланады, оның үш негізгі міндеті болды: өндірісті индустриализациялау ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және мәдени революция ЖЭС-тың мәнін айта отырып, оның қолайлы жақтарын көрсету керек, 20- ж. ортасындағы экономиканың өсу динамикасын көрсету керек.

Сонымен қатар, семинар барысында коммунистік партия мен оның органдарының қоғамдық-саяси өмірге ықпалының күшеюі, Қазақ АКСР-ның КСР одағына кіруі, Ф.Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымының басшылығына тағайындалу, ұлттық мәселені шешудегі таптық-партиялық принцип, оның ұлы державалық мәні, Қазақстандағы «индустрияландыру» және оның негізгі принциптері, Ф.Голощекин және оның «Кіші Қазан» идеясы, бай қожалықтарын тәркілеу және оның саяси, экономикалық салдары, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, 1931-33 жж. аштықтың демографиялық салдары, «Бесеудің хаты» сияқты іргелі мәселелер қарастырылуы керек.

Қазақстандағы ауылшаруашылығын кеңестендірумен қатар «индустрияландыру» саясаты, индустрияландырудың отарлық мазмұны, индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар, М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері терең талдануы тиіс.

Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. Қазақ жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресіне студенттердің өзіндік бағасын беруіне және көзқарасын білдіруіне мән берк қажет.

ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ шаруаларын күштеп меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру процесі ашаршылық пен босқыншылыққа, ғасырлар бойы қалыптасқан мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқты. Осыған орай Қазақстанда жүргізілген аграрлық шаралардың КСРО-ның басқа респуликаларындағы және аудандарындағы қайта құрулардан өзгешелігін анықтау. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы мәселесі де назардан тыс қалмауы керек.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар| Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)