Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар | Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар | Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар |


Читайте также:
  1. IV. ПРОГРАММА СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Авторские семинары призеров Чемпионатов по нейл-арту
  4. Введение в семинар Имена-Отца
  5. Введение в семинар Имена-Отца
  6. Дәрістік курс бойынша әдістемелік нұсқаулық.
  7. Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

Семинар: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Тас дәуірі: Қазақстан территориясындағы тұрақтар, алғашқы адамзат мәдениетінің қалыптасуы

2.Қола дәуірі: андрон тайпаларының мәдениеті. Орталық Қазақстанның көне мәдениеті.

3.Ерте темір дәуірі: сақтардың материалдық және рухани мәдениеті.

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1.Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» атты шығармасын талдау.

2. Реферат тақырыптары:

а/ Бегазы-Дәндібай мәдениеті.

в/ Төлес мәдениеті

с/ Ботай мәдениеті

3.Кескін картамен жұмыс: 1. Ежелгі адамдардың көші-қон бағыттарын көрсетіңдер; 2. Қола дәуірінің мекендерін көрсетіңдер; Сақ тайпасының территориясын белгіле.

 

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы 4 томдық. А., 1996

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993

3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997

4. Қазақтың көне тарихы А.,1993

5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков А., 1984

6. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана А., 1979

7. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или А., 1963

8. Акишев К.А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана А., 1972

9. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А.,1979

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі тарихы мәселесі отандық тарихнамада жеткілікті түрде өңделген, сондықтан сабаққа дайындықты ең алдымен тізімде берілген монографиялық әдебиеттерді талдаудан бастаған жөн. Семинарға дайындық барысында зерттелетін тақырыптың келесі аспектілеріне көңіл бөлу қажет:

Бірінші сұрақты қарастыру кезінде тас дәуірі, яғни «палеолит» және «археологиялық ескерткіш» ұғымдарының мағынасын ашыңыздар, тас дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштер түрлерін анықтаңыздар.

Адамның қалыптасу процесін, оның физикалық эволюциясын қарастыруда антропогенез кезеңдеріне сипаттама беріңіз, қазіргі кездегі теория мен гипотеза ғылымындағы Қазақстан территориясын алғашқы адам қоныстанған уақыты мен жолын зерттеңіз. Антропогенез процесімен байланысты адам қоғамының қалыптасу мәселесін, «қауым», «ру», «тайпа», «матриархат» деген ұғымдарға назар аудара отырып зерттеңіздер.

«Техногенез» ұғымын аша отырып, дәуіріндегі еңбек құралдарына жеткілікті түрде сипаттама беріңіз, осы кезеңдегі тас өңдеу технологиясының дамуы мен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының дамуына көз жүгіртіңіздер. «Неолит революциясы» мәселесіне ерекше тоқталып, көңіл бөлген жөн. Неолит дәуірінде адамдар өмірінде қандай ауқымды өзгерістер болды? Қоғамның әрі қарай дамуына олар қандай әсерін тигізді? Адам үшін шаруашылықтың дайын өнімдерін алудан, дайындаушы түрге, қоғамдық қатынастарда матриархаттан патриархатқа көшудің қандай мағынасы болды? Мал шаруашылығы мен жер өңдеудің алғышарттары жайлы сұраққа толық тоқталған жөн.

Екінші сұрақты дайындауды Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің ерекшеліктерін сипаттаудан бастау керек. Қола дәуірі - мал шаруашылығы мен жер өңдеудің кешенді шаруашылығының қалыптасқан уақыты, полиметалдарды игеру, тайпалардың біртіндеп көшпелілерге айналу кезеңі. Сонымен бірге мынадай маңызды сәттерге мән беру қажет: мал шаруашылығының дамып, шаруашылықтың маңызы артты, қоғамдық қатынастар саласында қола дәуірінде қандай өзгерістер болды?

Дәуірге толық сипаттама беру үшін Андронов мәдениеті жайлы материалдарды толық талдау керек. Андронов мәдениеті Еуропа мен Азияда қола дәуірінде болған археологиялық мәдениет, ол 10 ғасырдан астам өмір сүрген, оның үш кезеңін көрсетуге болады: ерте қола б.э.д. XVIII-XVI ғғ., орта қола б.э.д. XV-XII ғғ., соңғы қола б.э.д. XII-IX ғғ. Әрбір кезеңге сипаттама беріңіз, андронов тайпаларының әрбір кезеңіндегі материалдық және рухани мәдениеттің даму эволюциясын көрсетіңіздер. Қандай факторлардың әсерінен тайпалар мәдениетінде өзгерістер болғандығын түсіндіріңіздер. Қазақстан территориясында қола дәуірінің ескерткіштері мен қоныстарын сипаттаңыздар. Орталық Казақстанның көне мәдениетіне келсек, Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуіріне жататын ерекше мәдениет боп табылады. Оның территориясы мен ерекшеліктерін анықтаңыз.

Тақырыптың үшінші сұрағына жауап беруді жазба және заттай ескерткіштерді сипаттаудан бастаған жөн, солардың негізінде біз ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындары туралы мәлімет аламыз.

Сақ қоғамының ескерткіштерінде Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетін, Оңтүстік Сібірдің Майэмир және Тағар мәдениеттерін, Алтайдағы Бесшатыр және Пазырық қорғандарын, Зайсан көлі маңындағы және Оңтүстік Алтайдағы Шілікті қорғандарын ерекше атап өткен жөн.

Жазба деректердің ішінен ерте грек, иран және қытай деректерін талдау қажет, мұнда сақ тайпалары туралы көптеген мағлұматтар берілген.

Сабаққа дайындалу барысында «мемлекет», «әскери демократия» деген ұғымдарға мән беру керек. Сақ дәуіріндегі қоғамның құрылымын көрсетіп, сақтардың саяси тарихы мен әлеуметтік-қоғамдық ұйымына тоқталған жөн.

Саяси жағдайларға сипаттама бере отырып, б.э.д. XI-IVғғ. Ахеменид державасымен қатынастарына және б.э.д. IV-III ғғ. Александр Македонскийдің шығысқа жасаған жорықтарына тоқталу қажет.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Промывочные жидкости| Студенттің өздік жұмысына тапсырма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)